Материалдар / Ашық сабақ Логикалық есеп шығару 1 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ Логикалық есеп шығару 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
1сынып мұғалімдеріне қажет деп ойлаймын. Ашық сабақ кезінде көп көмегі болады деп ойлаймын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қаңтар 2020
913
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Пән: Математика

Ұзақ мерзімді жоспар тақырыбы: Тағам және сусын.

Күні: 8.11.2019ж

Мектеп: №62 мектеп-лицей

Сынып: 1 сынып

Қатыспағандар саны:

Қатысқандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Логикалық есеп шығару

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.4.2.1 дұрыс және дұрыс емес тұжырымдарды анықтау.

1.4.2.2 сәйкестікті, ақиқатты анықтауға берілген қарапайым логикалық есептерді шешу

Сабақтың мақсаттары:

Барлық оқушылар: бірдей цифрлар мен фигуралардан тұратын басқатырғыш есептерді шеше алады.

Көптеген оқушылар: есептің шарты мен сызбаны салыстырып, сызба құра алады.

Кейбір оқушылар: ақиқат пен жалғанды анықтауға берілген логикалық есептерді шығара алады

Бағалау критерийі

-Тұжырымдардың ақиқаттығын немесе жалған екенін табады;

-Берілген тұжырымдамалардың ақиқаттығын анықтайды;

-Логикалық есептердің тәсілдерін біледі;

Құндылықтарға баулу

Оқып үйрене білуге, дербестікке, ізденімпаздыққа, сенімділікке, жауапкершілікке, талдай білуге үйрету.

Тілдік мақсаттар

Логикалық есептерді сызбаның көмегімен шығара алады.

Пәнге қатысты лексикология мен терминология

Сызба

Диалог пен жазу қатысты сөз тіркестері

-Сендер есептің шешуін қалай көрсеттіңдер?

-Логикалық есептерге сызбаны қалай құрастырдыңдар?

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану - жануарларды салыстырады.

Көркем еңбек - логикалық есептерді түстері арқылы бөледі.

Сауат ашу – әріптерді жазады.

Алдыңғы оқу:

Логикалық есеп туралы біледі.

Заттарды топтастырып, салыстыра алады.

Сабақ барысы


Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет:

Ресурстар

Сабақтың

басы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі

Ширату жаттығуы «Миға шабуыл» әдісі

1,2,3 нөмерлер қойылған үйшіктерге таңдап алынған ақ, қара, сары түсті суреттердегі күшіктерді таңдап алады. Мұғалім сұрақ қою арқылы оқушылар үйшіктерге орналасады.


Кері байланыс: «Серпілген доп» әдісі

-Күшіктер қандай үйшіктерде тұрады?

-Күшіктер тұрған үйшіктердің нөмірлерін атаңдар?

-Күшіктердің түстері қандай?


Топқа бөлу: Үйшіктер арқылы 3 топқа бөлінеді.


1, 2, 3 цифрлы үйшіктер

Ақ, қара, сары түсті күшіктің суреттері

Сабақтың ортасы

6 минут













10 минут






























8 минут



















6 минут

(Ұ) «Кір қыстырғыш» әдісі

Оқушыларға жіп, кірқыстырғыш, төрт парақша беріледі . Төрт оқушы шығып, есептегі балалардың есімінің бас әріптерін парақшаға жазып, жіпке қыстырады. Есептің шартына сәйкес тиісті ретпен жіпке тізіп қояды.

Есептің шарты: Төрт дос доп лақтырып ойнады. Мерей допты Ерланнан алыс, бірақ Рауаннан жақын лақтырды. Ал Аслан Ерланға қарағанда жақын лақтырды. Балалардың қайсысы допты бәрінен алыс лақтырды. Кім бәрінен допты жақын лақтырды?


Кері байланыс: «Сұрақтар ілмегі» әдісі

-Балалардың қайсысы допты бәрінен алысқа лақтырды?

-Кім бәрінен жақынға лақтырды?

Бағалау: «Жарайсың», «Керемет»


(Т) «Ойлан, топтас, бөліс» әдісі

Топ мүшелері өзара сайланады:.Топ басшысы- топ мүшелеріне жауап береді.Баяндамашы- тапсырманы баяндайды.Хатшы- кері байланыс туғызушы.Уақыт сақшысы- уақытқа қарап отырады.Ішкі бақылаушы- топ ішіндегі тапсырманың қалай орындалып жатқанын бақылайды.


1-топ: Туылған күнге ең бірінші болып кім келгенін анықтайды.

Ардақтың туылған күніне 3 досы: Әли, Сәуле, Жұлдыз келді. Ал Сәуле ең соңғы болып келді. Ең бірінші болып кім келді?

2-топ: Туылған күнге не әкелгенін айтады.

Әли, Сәуле, Жұлдыз Ардақтың туылған күніне гул, торт, сыйлық әкелді. Әли гүл мен торт әкелмеді.Оля сыйлық пен гүл әкелмеді. Сәуле туылған күнге не әкелді? Әли мен Жұлдыз әкелді?


3-топ: Туылған күнге сағат нешеде келгенін анықтайды.

Ардақтың туылған күніне Сәуле, Жұлдыз, Әли сағат 3-те,4-те,5-те келді. Сәуле сағат 3теде, 5-теде келмеді. Жұлдыз сағат нешеде келді?


Кері байланыс: «Сұрақ-жауап» әдісі

-Ардақтың туылған күніне кімдер келді?

-Олар сағат нешеде келді?

-Ардаққа қандай сыйлық әкелді?

Бағалау: Басбармақ арқылы топтар бір-бірін бағалайды.


(ЖЖ) «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі

Қағаз парағына отбасында неше бала болса, сонша нүкте салып, әр нүктенің үстіне балалар есімінің алғашқы әрпін жазады, ал астына жасын жазады.Есептің шарты бойынша сандарды әріптермен сызық арқылы қосады.

Есептің шарты: Отбасында Нұрәлі, Тимур және Айша атты үш бала бар. Олардың жастары 5-те, 8-де,10-да. Егер Айша балабақшаға барса, ал Нұрәлі Тимурдан үлкен болса, әр бала неше жаста?


Кері байланыс: «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі

-Айша Нұржаннан неше жас кіші?

-Тимур Айшадан неше жас үлкен?


Бағалау: Жұптар смайлик арқылы бір-бірін бағалайды.


(Ж) «Сызба құрастыру» әдісі

Оқушылар сөздердің бас әріптерін қолданып, сызба құрастырады.

Тиін мен қоян саңырауқұлақ пен сәбіз жеді.Егер қоян саңырауқұлақ жемесе, онда тиін не жеді?


Кері байлданыс: «» әдісі

-Сызбаны қалай құрастырдық?


Бағалау: Басбармақ арқылы әр оқушы өзін-өзі бағалайды.


Қалыптастырушы бағалау.

Сурет бойынша айтылған ақиқат тұжырымдарды көк түспен, жалған тұжырымдарды сары түспен бояңыз.

Дескриптор: Білім алушы

-ақиқат тұжырымдарды көк түспен бояйды;

-ақиқат емес тұжырымдарды сары түспен бояйды.


Саралау тапсырмалары

Мұғалімнің қолдауын қажет ететін оқушылар.

Шарларды боя. Қызыл шар сары шардан үлкен, бірақ жасыл шардан кіші болсын. Шарларды көлеміне қарай салып, оны бояйды.


Орташа қолдауды қажет ететін оқушылар.

Сызба арқылы шығар.

Шалғында үйректер мен қозылар жүр. Олардың 3 басы және 8 аяғы бар. Шалғында неше үйрек және неше қозы жүр? Бастары мен аяқтарын сызықтармен қос.

Қолдауды аз қажет ететін оқушылар.

Балалардың қайда тұратынын тап. Қайрат Айдыннан бір қабат жоғары, ал Мұраттан төмен тұрады. Балалар үш қабатты үйдің қай қабатында тұрады?


Жіп, кірқыстырғыш, парақша







Сұрақтар ілмегі



Жарайсың, керемет











Қима қағаздар, суреттер





Гүлдің,торттың, сыйлықтың суреті




Сағаттың суреті










Кеспе қағаз

оқулық















Жұмыс дәптері








Үлестірме қағаздар
















Қима қағаздар












Сабақтың

соңы 5 минут


Рефлексия

«Жалған, ақиқат» әдісі

Тақтада берілген суреттердің жалған немесе ақиқат тұжырым екенін анықтайды. Оқушыларға жасыл және қызыл түсті белгішелер беріледі.

Күшік торай мен мысықтың ортасында тұр. (ақиқат(

Жануарлардың ең үлкнені-қарға. (жалған)

Торай күшіктің оң жағында тұр. (ақиқат)

Мысық сол жақ шетте тұр. (жалған)


Кері байланыс. Ақиқат болса жасыл түсті, ал жалған болса қызыл түсті көтереді.


Тақта, суреттер, қызыл, жасыл түсті белгішелер











Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғарыоқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау – оқушылардың әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған жоспарлы жаттығуларды реттеу. Саралау тапсырмаларын беру арқылы барлық оқушыларға сызбаға қарапайым түсінік беруіне ықпал жасадым. Оқушылардың осы тапсырмаларды жүйелі жүзеге асыруын қадағаладым.

Көптеген оқушылар қарапайым логикалық есептерге сызба құрастыра білуіне назар аудардым.

Кейбір оқушыларға есептің шарты мен сызбаны салыстырып, сызба құруын жүзеге асыруына мүмкіндік бердім



«Миға шабуыл» әдісі

«Ойлан, топтас, бөліс» әдісі

«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі

«» әдісі

Бағалау:

Мадақтау арқылы бағалау

Басбармақ арқылы бағалау

Шапалақ арқылы бағалау

Арқа қағу арқылы бағалау


АКТ қолдану барысында оқушалардың тоқты абайлауына баса назар аударылды, топпен жұмыс жасағанда бір-бірлерімен соқтығысып қалмауы, жұппен жұмыста қалам, қарындаштардың аса ұқыптылықпен пайдаланылуы ескертілді, партадан абайлап тұрып, отыруы қадағаланды.

Топ ережесін сыйластықпен орындауларына мән берілді. Сынып ұжымының қауіпсіздігі сабақтың жоғары деңгейде өтуіне оң ықпалын тигізді.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!