400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ МАД тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепке дейінгі уйым қызметкерлеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы:Қатынас.

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту.

Тақырып:Ас атасы-нан.

Мақсаты: Балалар астық өнімдері оның ішіндегі бидайдан нанның қалай дайындайтынын түсіндіре отырып, дастарханға жеткенше дейінгі  адамдардың еңбек сіңіретінін, қолданылатын технологиялар, нанның  түрлері, денсаулыққа пайдасын түсіндіру.


Оқу қызметінің кезеңдері

Педагогтың іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбері:

Ашық менің жүрегім

Ылғи күліп жүремін,

Бірге ойнап бір жүрер,

Достарым көп білемін.


Балалар ендеше бір- бірімізге жылы лебіздерімізді білдірейік.

-Жылдың неше мезгілі бар?

- Кәне атап шығайық.

 - Қазір жылдың қай мезгілі?

- Атап беріңдерші?

Ертегі: «Бір үзім нан»

Баяғы бір заманда бай мен кедей көрші өмір сүріпті. Олардың араздығы сондай, бірін-бірі көргісі келмейді екен. Байдың үйі кең, әдемі болыпты. Іші толған – алтын мен күміс. Ал кедейдің үйі ағаштан жасалған, төбесін бұтамен жапқан қора екен. Алтын мен күміс түгілі, нанын әзер тауып жепті. Егін егіп, оны суарып, күтіп, орып, өз күнін өзі көріпті. Бір жылы көктемде алапат, су тасқыны болады. Бай алтынын көтеріп ағаштың басына шығып кетеді. Ал кедей болса, бір көмеш нанын қойнына салып, ол да ағаштың басына көтеріледі. Су тасқыны он бес күнге созылады. Бір күні қарны ашқан бай кедейге: – Әй, кедей, сен мына бір кесек алтынды ал да, маған бір үзім нан бер, - дейді. - Жоқ, алтының өзіңе, нан бере алмаймын, – деп жауап береді кедей. Екінші күні бай кедейден тағы да нан сұрайды. – Алтынымның жартысын берейін, – дейді ол бұл жолы. – Жоқ, бере алмаймын, – деп бұл жолы да кедей келіспейді. Ақыры, аштан өліп бара жатқан соң шыдамай, бай бір үзім нанға барлық алтынын айырбастайтынын айтады. Кедей бәрібір көнбейді. Бойынан күші кеткен бай басы айналып, суға құлап кетеді. Ал келесі күні су тоқтап, кедей ағаштың басынан түседі. Халықтың: «Алтын, күміс – тас екен, арпа, бидай – ас екен» дейтіні осыған орай айтылған екен.

-Ертегі ұнадыма?

-Балалар ертегі не туралы айтылған?

-Кедей ненің арқасында аман қалды?

-Мінеки балалар нанның алтыннан да қадірлі екенін білуге болады екен.

Міне балалар біздің бүгінгі іс-әрекетіміз ас-атасы нан туралы  болмақ.

Барлыгы бірге айтады



Күніміз жарқын болсын,

Аспанымыз ашық болсын.

Күніміз сәтті болсын,

Деніміз сау болсын.


Төрт мезгіл бар.


Қыс,Көктем, Жаз,Күз.


Көктем



Мұқият тыңдайды.

Ұйымдастырушылық ізденістік

Балалар мына суреттен нені көріп тұрмыз?  Балалар көктемде бұл тракторлар жерді жыртып,оны тырмалап,жерге мынадай бидай дәнін себеді.

(Балаларға бидайды суретін көрсету)

 

Екінші суреттен нені көріп отырсыңдар? Егінді орып жүрген комбайн,ол бидайды орып,тазартып,көлікке салып береді.

 

Үшінші суреттен нені көріп отырмыз.Диірменнен балалар ұн тартып шығарады.(Ұнды көрсету)

  

Төртінші суреттен нені байқап отырсыңдар? Ұннан наубайханада әр түрлі нандар пісіріп шығарады,оны дүкендерге балабақшаларға жібереді.

(Дүкен сөресіндегі нандарды сурет арқылы көрсету)

Нан түрлерімен таныстыру.


Балалар біздің дастарханымызға нан оңай келмейді екен,міне жоғарыда айтқандай үлкен еңбекпен келеді екен.

Ендеше үй жағдайында ұнның қалай пайда болатынын көрейік.

Ұнға сипаттама жасау.

Тартқан ұннан қамыр илеп нан пісіру.



Сергіту: 

Жайқалады ақ бидай

Басын иіп аққудай,

Трактор мен комбайн,

Жүргізуге мен дайын.



Тапсырма :

1.Ұн тагамдарын ажырату.  

2. «Дәміне карай ажырату»


Суреттер

























Қимылмен жасайды.







Карточкаларды тақтага ілу.


Нан бөліктерін жеп карап қандай нан екенін ажырату

Рефлексті коррекциялаушы

Қортынды:

-Нан кандай жолмен келеді екен?

-Нанның қандай түрлерін білесіңдер?

- Ұннан жасалатын өнімдерді не дейміз?


Нан қоқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып қастерлеп ,

Торғайларға тастаңдар.


Күтілетін нәтиже:

Нанның дастарханға келу жолын тізбектеп айтып бере алады. Сөздердің мағыналарын түсінеді. Сөздік қорын кеңейтеді.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
14 қаңтар
1941
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі