400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Мад тобы Елбасы ел тірегі

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Келешек» бөбекжай балабақшасы

МАД «Серпер» тобының тәрбиешісі

Сүлеймен Назерке Майбасқызы

Тақырыбы: «Елбасы – ел тірегі»

Мақсаты: Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу. Сөйлеу мәнерін қалыптастырып, қойылған сұрақтарға дұрыс, толық жауап берулерін қадағалау.

Көрнекіліктер: Елбасы портреті, Қазақстан Республикасының рәміздері және тағы басқа кітапшалар.

Әдіс-тәсілдері:    Слайд, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Іс-әрекет бөлімдері

Тәрбиешінің іс-әркеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру, сезімдерді ояту

Балалар, біздің бүгінгі оқу қызметіміз ерекше.

Шаттық шеңбері:

Қайырлы таң, ұстазым!

Қайырлы таң, достарым!

Шеңберге тұрайық,

Жылулықты сыйлайық!


Доброе утро, учитель!

Доброе утро, друзья!

Посмотрите друг на друга,

Пожелайте всем добра!


Good morning, good morning,

Good morning to you,

Good morning, good morning,

We are glad to see you!


Балалар қай мемлекете тұрамыз? Бізге қонақтар келіп отыр. Қонақтармен амандасайық.

Бәріміз орнымыздан тік тұрып Мемлекеттік әнұран орындайық.




Балалар шаттық шеңберін орындайды.












Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз. Әнұран орындалады.

Ізденістер, ұйымдастыру.

  • Балалар қазір қай мезгіл терезеге қараңдаршы?

  • Қыс мезгілінде неше ай бар.

  • Жарайсыңдар балалар.


  • Қыс мезгілінің алғашқы күні елбасы күні. Балалар, бүгінгі тақырыптық ашық оқу қызметіміз қызықты өтпек, себебі бүгін мереке, бүгін – Тұңғыш Президент күні. Балалар, ерте кезде біздің елімізді хандар, сұлтандар, билер басқарған.

  • Ал қазір өзіміздің Президентіміз басқарады.   Балалар сендер, білесіңдер ме, елбасымыз кім?

Бүгін оқу қызметімізді біз екі топқа бөлінін отыраық.
  Іздену ұйымдастырушы

- Бүгінгі тақырыптық ашық оқу қызметіміздің тақырыбы:
«Елбасы – ел тірегі».
Ашық оқу қызметімізді бастамас бұрын экранға назар аударайық.
Тосын сәт: (шет елден келген қонақ келеді)

Джордж Николас: Сәлеметсіздер ме, балалар! Менің есімім Джордж Николас. Мен Америка штатынан келдім. Мен сендердің елдерің туралы білгім келеді.
Тәрбиеші:
- Сәлеметсіз бе, Джордж мырза! Келгеніңіз қандай жақсы болды, бүгін бізде мереке, біздің еліміздің – Тұңғыш Президент күні.
Джордж Н.:
- Мерекелеріңіз құтты болсын!
Тәрбиеші:
- Балалар, қонағымызға өз еліміз туралы айтпас бұрын өз тобымыз туралы айтып өтейік.


1 – топ. «Астана» тобы. Сезім
- Астана – Қазақстан Республикасының бас қаласы. Астана қаласында – Бәйтерек, Қазақстан Республикасының президенттік мәдени орталығы, резиденциясы, «Думан» ойын–сауық орталығы бар.
2 – топ. «Алматы» тобы. Сұлтан
- Алматы – Қазақстанның әдемі қалаларының бірі. Алматы қаласында – Медеу мұз айдыны, Көктөбе ойын-сауық кешені, 14 театр мен 25 мұражай және апорт алмасы бар.
Джордж Н.:

- Жарайсыңдар, балалар! Қазақстанның қалаларын біледі екенсіңдер, енді менің сендерге қояр сұрақтарым бар.
- Балалар, Отаныңыз қалай аталады?



- Президентіңіз кім және президентіңіз туралы не білесіңдер?










Тәрбиеші: Ендеше балалар елбасымызға арналған тақпақтарымызды айтайық.



































Сергіту сәті.

Отаным менің кең - байтақ,
Жайнаған сансыз қаласы,
Ел - Отан біздің кең - байтақ,
Отанның біздер баласы
Қонақ Өте жақсы балалар, келесі менің білгім келетіні, Қазақстан Республикасының рәміздерін білесіңдер ме?






















Тәрбиеші:
- Жарайсыңдар, балалар көрдіңіз бе, Джорж мырза, біздің балалар өз елінің президенті, рәміздері жайлы барлығын біледі
. Енді Отанымыз туралы мақал мәтел айтай





Ән: «Мен елімнің гүлімін».
Тәрбиеші:

- Жарайсыңдар, балалар. Ендеше балалар келген қонақты құры жібермей өз қолымыздан бәйтерек жасап берейік.
Дордж Н.:
- Рахмет, сіздерге балалар, мен қатты қуанып тұрмын сіздердің берген сыйлықтарыңды мен өз еліме алып кетемін. Сау болыңыздар!

Қыс мезгілі

3 ай бар

Желтоқсан, Қаңтар,Ақпан






Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев









Сәлеметсіз бе!









Рахмет, Джордж мырза.




Қазқақстан Республикасы.

  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.











Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы.

Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев. Ол Алматы облысында дүниеге келген. Бала кезінде, ұшқыш болуды армандаған.


Сезім:

Елбасымыз Нұр аға,

Салғызып Алтын орданы.

Көркейтіп елін қазақтың

Көрсетпей өмір азабын.

Айым:

Қазақ елі – Қазақстан

Болашаққа үн қосқан

Жақсы күнге жетелеп

Елбасым менің – Нұрсұлтан.
Нурислам:
Елбасымыз жолдайды,
Халқы оны қолдайды,
Ешқашанда орынсыз
Шешімдері болмайды.
Азизжан:
Елбасы елді қорғайды
Халық қамын ойлайды,
Осындай жақсы адамның,

Жақсылығы тарайды.
Уриятбуви:
Тәуелсіздікті елге сыйлады,
Бейбітшілікті қалада,
Орындалып – арманы,
Халқымызда – ажарлы
Осының бәрі – әрине,
Елбасының – арқасы.

Баққон:

Біздің Қазақстан

Анамыздың тілеуі ақ,

Отан бізде біреу- ақ.

Ол- біздің Қазақстан!

Алтай, Жайық арасы

Жарты әлемдей даласы

Ол- біздің Қазақстан.

Кирилл:

Көк аспандай көкпенбек,

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен- тек,

Елдің ашық қабағы.

Сұлтан:

Елтаңбасы елімнің.

Неткен әйбат әдемі,

Тұрғандай көңілдің

Ортада аспан әдемі.

Ясмина:

Мұндай шаттық сыйлаған,

Ұлттың бәрін жинаған

Құтты болсын мерекең

Елбасымыз Нұр ата.

Даниял:

Тәуелсіздік жолында.

Талай- талай тер тамған,

Билігім өз қолымда.

Еркіндігім – елтаңбам.

Арыс:

Жасай бер Қазағым!

Жасай бер Елбасым

Елімнің елбашысы

Нұрсұлтан атамыз аман болсын.

Тимур:

Қуат алған өзінен

Туған елдің ұлымын.

Бақытты етіп өсірген

Отанымның гүлімін.




Ақнұр: Қазақстан Республикасының рәміздері: Ту, Елтаңба, Әнұран.
Зерде: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы 1992 жылы 4 маусымда бекітілді, авторы: Мәлібаев және Уәлиханов.
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Әнұран әнін жазған Шәмші Қалдаяқов сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.


Алинур:

Отан – оттан да ыстық
Баққон:
- Отан - елдің анасы
Ақнұр:
Отан – қуат
Отбасы – шуақ
Азиз:
Отансыз адам,
Ормансыз бұлбұл


Балалар топтасып бәйтерек жасайды.



Қонақпен қоштасады.


Қорытындылау өзін-өзі бағалау.

Рефлексті коорекциялаушы

Балалар бүгі біз не өттік.

Елбасымыз кім?

Қонаққа кім келді.

Бүгінгі сабағымызда не жасадық.
Тәрбиеші:
Егеменді ел болып, тәуелсіздіктің көк байрағын көтерген сәт - Қазақстанның әр азаматы үшін қуаныш, тарихтың үлкен бетбұрысы болғаны анық. Осының бәрі - еліміздің тұңғыш президенті - Н. Ә. Назарбаевтың арқасында!
Бүгінгі президент күніне арналған тақырыптық ашық оқу іс - әрекетімізді аяқтаймыз.





Күтілетін нәтиже:


Игерді: Балалар Тұңғыш Президент күні туралы білімін игерді.
Білу керек: Қазақстан Республикасының президентін таниды, өмірімен танысады.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 сәуір
744
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі