400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ МАД "Төлдер айтысы"

Материал туралы қысқаша түсінік
МАД мұғалімдеріне арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Төлдер айтысы

Пәні:Көркем әдебиет.Қатынас.

Мақсаты:Балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту.Төрт түлік мал төлдерінің аталуын және оларды ажырата білуге үйрету.Төлдерге қамқорлықпен қарауға үйрету.


Әдісі:Әңгімелеу,көрсету,сұрақ-жауап.

Көрнекілігі:Үй жануарлары мен төлдері.

Әрекет кезеңі:Балалар шаттық шеңберіне тұрады.Балалар аналары өздерін қалай еркелететінін айтады(Ботақаным.құлыншағым,қошақаным)

Шаттық шеңбері

Күлімдеп күн бүгін

Қарайды саған да

Күлімдеп күн бүгін

Қарайды маған да

Шуақты нұр төгіп

Көңілді кетті көтеріп



Қызығушылықты ояту.

Сөзжұмбақ шешейік


Кішкене ғана бойы бар

Айналдырып киген тоны бар. Қозы


Төрт аяғы бар

Сегіз тұяғы бар

Иегінде сақалы бар.Ешкі


Жұмбақ шешейік.

1.Кезекті бір жануар

Үстінде екі тауы бар

Түйе-Верблюд-Сamal


2.Аяғында тағасы бар,

Мойнында тағасы бар.

Мінсе көлік болар,

Сауса қымыз болар.

Жылқы-Лошадь-Horse


3.Екі айнасы бар,

Екі найзасы бар.

Төрт сылдырмағы бар,

Бір сыпыртқысы бар.

Cиыр-Корова-Cow


4.Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.

Қой-Баран-Sheep


Дидактикалық ойын.


Төлін тап.

Ойынның шарты.

Тақтаға үй жануарлары ілінеді.Балалар әрбір үй жануарының қасына төлдерін тауып ілуі керек.Ойын осылай жалғаса береді.


Төлдер айтысы.

Иеміз қайсысымызды жақсы көреді.

Лақ:Әрине мені жақсы көреді.Адам біздің сүтімізді,мамықтай түбітімізді пайдаланады.


Құлын:Лақ сен орынсыз мақтанасың.Малда бізден ешқайсысың аспайсыңдар.Біз майданның да,еңбектің де тұлпарымыз.Біздің етіміз азық,қымызымыз ем.


Бұзау:Сендер босқа мақтанасыңдар.Ием мені жақсы көреді.Адамның тіршілігіне ең пайдалысы мен.Шелек- шелек сүт,қарын-қарын май,қап-қап құрт,ірімшік бізден шығады.


Қошақан:Бәрің де босқа мақтанасыңдар.Ием бәрінен де мені жақсы көреді.Сақылдаған сары аязда тоңдырмайтын жылы пима,тондар менің жүнімнен жасалады.


Бота:Бәрінен кем біз бе екенбіз?Малдың ең қадірлісі бізбіз.Адам біздің шұбатымызды,мамықтай жүнімізді пайдаланады.Ерте кезде көш көлігі болғанбыз.


Адам:Сендер босқа таласпаңдар.Бәрің де адамға пайдалысыңдар.Әрқайсыларыңның өз орындарың бар.



Сергіту сәті.


Топ топ етіп басайық,

Ауылға біз барайық.

Қозыларды санайық,

Қораларға қамайық.




Қой атасы-Шопаната

Жылқы атасы-Қамбарата

Ешкі атасы-Сексеката

Түйе атасы-Ойсылқара

Сиыр атасы-Зеңгібаба Ата деп отырғанымыз сол малды бағып қаққан адамдарды айтамыз.


Біз ақылды баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Бүгінгі келген қонақтарға,

Сау болыңыздар деп айтамыз.


Үй жануарларының қандай пайдасы бар.Ешкі,қой,сиыр,түйе,жылқының төлдерін ата.Малдарды қалай шақырады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
03.04.2019
612
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі