400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Мәдіхат Төрежанов Қолғабыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқуға қызығушылығын ояту. Мәтінді түсініп оқып, өз ойын жүйелі баяндауға, пікірін ашық жеткізе білуге үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ана тілі

Тақырыбы: Мәдіхат Төрежанов Қолғабыс

Мақсаты:

Білімділігі: Оқуға қызығушылығын ояту. Мәтінді түсініп оқып, өз ойын жүйелі баяндауға,

пікірін ашық жеткізе білуге үйрету. Мәтіндегі негізгі идеясын ұғындыру

Дамытушылығы: Оқушылардың сөйлеу, мәнерлеп оқу қабілеттерін дамыту.

Шығармашылық қабілетін, сөздік қорын, тіл байлығын дамыту. Оқығанынан

қорытынды шығара білу және өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін жетілдіру.

Тәрбиелілігі: Оқушыларды адамгершілікке, үлкенді сыйлауға, еңбекті сүюге,өнерді бағалауға

тәрбиелеу. Бір – бірінің пікірін тыңдап, бірлесіп жұмыс істеуге баулу.

Түрі: Аралас сабақ

Әдісі: мәнерлеп оқу, талқылау, сөзжұмбақ шешу, дәлелдеу, ой қозғау, сахналау, өзіндік жеке

жұмыс.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, суретшілер мен автордың портреттері, олардың туындылары.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру бөлімі

Ойға толып санамыз

Бестік болсын бағамыз

Баласындай бір үйдің

Тату болсын арамыз.

ІІҮй тапсырмасы

Марат Қабанбайдың « Сурет болғым келмейді » шығармасын әңгімелеп береді.

Суретшілердің мәтінде аталған туындылары көрсетіледі.

Сұрақ:

-Автор Ананы нелерге теңейді?

-Әңгіменің кіріспе бөлімінде кім туралы айтты?

-Кімдер аналарына арнап сурет салды?

-Атақты суретшілерді атаңдар?

-Қандай тосын оқиға болды?

-Неліктен сурет салғысы келмеді?

-Қалай ойлайсыңдар?


ІІІЖаңа сабақ

1. Автор туралы мағлұмат

Мәдіхат Төрежановтың «Қолғабыс» шығармасымен танысамыз.

Автордың суреті мен қысқаша өмірбаяны ашылады.

М. Төрежанов 1921 ж. 30 сәуірде Ақмола облысы Ақкөл ауданы Еңбек ауылында дүниеге келген. 1941 ж. Семей педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. Ұзақ жылдар мектепте мұғалім, Ақмола қаласындағы білімін жетілдіру институтында кабинет меңгерушісі болып жұмыс істеген. «Бітпеген ойын», «Тең ойын», «Шегіртке мен ара», «Қанатбек пен Жанатбек» прозалық кітаптардың авторы, «Құрмет белгісі» орденімен, бірнеше рет медальдармен марапатталған.

2. Мәтінмен жұмыс.

Мәтінді бөліп оқыту.Жанрын сұрау

Оқиғаны түйіндеп отырады.

Сұрақтар:

- Қандай ұлағатты сөз бар?

- Бұл жерде шөп шабуды неге теңейді?

- Сендердің қолдарыңнан қандай өнер келеді?

Ой қозғау – Атасының көңілді оралу себебінің сыры неде?

- Ондай адамның денсаулықтары қандай болады?

- Қартайса да еңбек етіп жүрген атаның денсаулығының мықты болу себебі тағы неде?

( қымыз ішеді )

Мұғалім: Олай болсы, бүгін біз сабағымыздың әр бөлігінде қымыздың денсаулығымызға тигізер пайдасын нақты білетін боламыз.


3. Пайдалы кеңес. Қымыз ағзаның қызметін жақсартып, адамды жасартады.

Сөздік жұмысы.

Бидайық-астық тұқымдысына жататын көпжылдық, шөптесін өсімдік. Қазақстанның барлық жерінде кездеседі. Оның 44 түрі бар. Бұл -құнарлы мал азығы.

Қой бүлдірген – таңқурай туысына жататын, көпжылдық өсімдік.

Тоқымқағар – Алғаш сапарға шыққанда әке-шеше баласының тоқымқағарын өткізеді. Ол алғаш өз бетімен бір жұмысын бітіргелі, не көмектескелі кетіп барады. Жолы болсын, тоқымы жерде қалмасын, аман-есен келсін деген тілектің белгісі.

Сұрақ: Тағы қазақтың қандай салт-дәстүрлерін білеміз?

4. Сергіту сәті.


5. Пайдалы кеңес. Қымыз жүрек және қан тамырлары ауруларының алдын алады.

Тапсырманы орында.

1) Арғын мен атасының арасындағы диолог сөзді тауып оқы. Диолог дегеніміз не?

2) Атасының немересіне риза болған сөзін тауып оқы.

3) Көктомарда қандай қызықтар болды?


6. Пайдалы кеңес. Қымыз зәр шығару органдарының қызметін жақсартады.

Сахналау

Оқыған диалогыңды сахналап көр.


7. Пайдалы кеңес. Қымыз жүйке жүйесінің жұмысын дұрыстайды.

Жеке жұмыс «Көктомардағы қызықтар » Оқиғаны ретімен жазып шығыңдар.


IVСабақты бекіту

8) Пайдалы кеңес. Қымыз ас қорытуға көмектеседі, өкпе ауруларын емдейді.

Мәтіннің бөліктерін ретімен орналастыр.(тақтамен жұмыс)


VҚорытындылау

Сөзжұмбақты шешу (оқулықтағы)

Слайдтан қарап шешеді.


VIҮйге тапсырма

201-бет мазмұндау

«Кішкентай көмекші» ой толғау

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
785
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі