400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Маған ұнайтын жыл мезгілі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ "Маған ұнайтын жыл мезгілі"
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Қыс қызығы»


Мақсаты: Спорттық ойын сауық арқылы балалардың қимыл қозғалысын жетілдіру. Балалардың дене күшінің сапасы мен қозғалыс белсенділігін арттыру. Денсаулық сақтау құзіреттілігін меңгере отырып, салауатты өмір салтын ұстанатын тұлғаны қалыптастыру.


Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті ұжымдастар және балалар! Бүгінгі «Жұлдыздар» естияр тобының «Қыс қызығы» атты сайысымызға қош келдіңіздер!


Ал, қанекей қонақтар,

Ортаға назар салайық.

Сайыскерлер келеді,

Қол соғып қарсы алайық – деп команда мүшелерін ортаға шақырайық.


Ал құрметті халайық,

Жарысты енді көріңдер.

Әділқазы алқасы,

Әділ баға беріңдер

Әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.


1. Балабақша директоры:

2. Балабақша әдіскері:

3. Балабақша медбикесі:


Ал енді ойын шарттарымен танысып өтейік


1. «Ұран»

2. «Кім жылдам?»

3. «Шаңғы тебеміз»

4. «Кім шапшаң?»

5. «Аққала құрастыру»

6. «Бәйге»


Ал қанекей қонақтар,

Ортаға назар салайық.

Алға деген ұранды тастаймыз,

Спорт ойын сауығын бастаймыз.

  • Алғашқы сайысымыз: «Ұран»


Шарты: Әр команда өз ұрандарын айтады


«Жұлдыз» командасы: Суда жүзіп өсеміз, қырда жүріп өсеміз,

Күнге қызып өсеміз, құмда шыжып өсеміз.

Біз балдырған баламыз, «Жұлдыздай» боп жанамыз.


«Жалын» командасы: «Жалын» топ ұранамыз, шынығада аламыз.

Сәулетті елдің көгінде, шамшырақ боп жанамыз.

Ағалардай атақты, біз спортшы боламыз.


  • Әділқазылар алқасы өз бағасын береді.



Жүргізуші: Біз өрен баптаған,

Жалынмен қаптаған.

Елінің сенімін,

Ісімен ақтаған – деп келесі ІІ сайысымыз «Кім жылдам?»


Шарты: Құрсаудан құрсауға қоян секілді секіріп келіп, жердегі қарды алып, себетке лақтырып салып, белгіленген межеден айналып келу.


  • Балалар тапсырманы орындайды

  • Әділқазылар алқасы өз бағасын береді


Жүргізуші: Жалқаулықты тастаймыз,

Жаттығуды бастаймыз.

Қиынсынып қашпаймыз,

Шынығамыз жастай біз.

  • Келесі ІІІ сайысымыз «Шаңғы тебу»


Шарты: Белгіленген белгіге дейін шаңғы теуіп барып, белгіленген межеден айналып келу


  • Балалар тапсырманы орындайды.

  • Әділқазылар алқасы өз бағасын береді.


Жүргізуші: Ойынымыз одан әрі жалғасады, келесі ІV сайысымыз «Кім шапшаң?»


Шарты: Екі қолын екі жанына созып тепе – теңдікті сақтап гимнастикалық скамейканың үстімен жүріп өтіп, қайтарда қалтамен секіріп келу


  • Балалар тапсырманы орындайды.

  • Әділқазылар алқасы өз бағасын береді.


Жүргізуші: Балалар қыс мезгілінде қандай ойындар ойнаймыз?


Балалар: Қар сыбасу, шанамен, шаңғымен сырғанау, аққала жасау


Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар. Олай болса келесі V сайысымыз «Аққала құрастыру»


Шарты: Балалар кезекпен кедергілерден өтіп келіп, қағаз қиындыларынан аққала құрастырады.


  • Балалар тапсырманы орындайды.

  • Әділқазылар өз бағасын береді


Жүргізуші: Ертеде ата – бабаларымыз жүйрік аттарын бәйгеге қосқан. Ен далада жарыс ұйымдастырған. Қане, бізде өз ептілігімізді көрсетіп, сол «Бәйге» сайысына өтеміз.


Шарты: Секіргіш есекпен белгіленген межеден айналып келуі керек.


  • Балалар тапсырманы орындайды.

  • Әділқазылар алқасы өз бағаларын береді


Жүргізуші: Әділқазылар алқасы әділ бағасын шығарғанша кезекті балалардың еркінбиіне береміз береміз.


  • Жарайсыңдар балалар бүгінгі жарысымыз өте қызықты өтті. Екі топта бірінен –

бірі асқан қайсар, мықты, шымыр болып шықты. Екі топқа да жарыстарда сәттілік тілей отырып, бүгінгі жарысымызды аяқтаймыз.


  • Сөз кезегі балабақша меңгерушісі және әділқазы алқасы Венера Кенжебайқызына

беріледі. (балалар марапатталады)


Жүргізуші: Жеңдік деп тасымаңдар,

Жеңілдік деп жасымаңдар.

Ойында жеңілсекте,

Өмірде жеңілмейік, достар.

  • Бүгінгі сайысымыз осымен аяқталды.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
752
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі