400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Мағжан Жұмабаев "Балалық шақ" 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал ұстаздарға керек.Әріптестерім өзіне керек тұстарын алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: әдебиеттік оқу

Күні: 28.11.2019ж

Мұғалім: Бисенова Р.А.



Сынып: 3 «Ә»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:




Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

ІІІ-бөлім. Уақыт



Сабақтың тақырыбы:

Үйрен білім жастықта!

Балалық шақ. Мағжан Жұмабаев.



Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.3.2.1 – шығарма кейіпкеріне хат, ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту), өлең (төрт жолды), әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу

3.2.1.1 шығарманы дауыстап, мәнерлеп оқу;




Сабақтың мақсаттары:


Барлық оқушылар: мәтіннің тақырыбын анықтай алады, негізгі ойды табады.

Көптеген оқушылар: шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды.

Кейбір оқушылар: берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады



Жетістік критерийлері:

Өлең (төрт жолды), әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазуды біледі.



Құндылықтарды дарыту

Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу.

Жеке және топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық.



Пәнаралық байланыс:

Дүниетану, қазақ тілі.



Бастапқы білім:

Бақыт құсы



Сабақ барысы



Жоспарланған кезеңі

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар



Сабақтың басы

2 минут






Сабақтың ортасы

35 минут











Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Бүгін қарашаның нешінші жұлдызы?Жылдың қай мезгілі кіргелі тұр?

Дұрыс айтасыңдар!Қыс......Қыс дегенде бірден қандай ой келеді?

Боран,қар,мұз,жаңа жыл..........Осы қыстың боранды,қарлы қаһарына шыдамды құсты атаңызшы?Иә,пингвиндер.Олай болса,пингвиндер сияқты билейікші.


Топ басшысын «Кімнің қарындашы?» әдісімен таңдаймыз.

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

Әр топ қарлы кесек арқылы өткен білімді сұрақ-жауап арқылы еске түсіреді.

Оқу мақсатын таныстыру

Күтілетін нәтижені анықтау


Мағынаны ажырату.

Ойқозғау.

Балалар,Әмзе әкесінен бақыт құсын сатып әпер дегенде неше жаста болды деп ойлайсыз?Ал,әкесі оралғанда Әмзе неше жаста болды деп ойлайсыз?Иә,бала болған еді.Әкесі оралғанда шашына қырау тускен егде жастағы кісі еді.Сонда бақыт құсы қай кезде қонады екен?Бала кезде,балалық шағында.

Тақырыпты болжау.


Сабақтың тақырыбын,мақсатын айту. Бағалау критерийімен таныстыру.


Балалық шақтың қадірі туралы ақын сөзіне зер сала тыңда. «Балалық шақ»

1-тапсырма

Іштей түсініп оқу.Жеке оқу (әр топтан 2-3 оқушыдан)

Саралау. Қарқын тәсілі арқылы. Іштей түсініп оқуда оқушылардың деңгейіне байланысты уақытты белгілеу жоспарланады.

(ҚБ) «Смайликтер» арқылы топтық бағалау.


Дәптермен жұмыс

2-тапсырма

(Ж; Т) «Кірпіш» стратегиясын қолдана отырып, «Балалық шақ» өлеңінен өздері үшін маңызды сөздерді кірпіштерге түсіреді және пікірлерін білдіреді.

Мұғалім А4 парағына бейнеленген кірпіштердің суреттерін және мәтін мазмұны бойынша дайындалған сұрақтар таратады. Кірпіш суреттеріне жекелеп отырып, мәтін мазмұны бойынша сөздерді жазады. Оқушылар сөздерді алып, жұптасып оқиды. Бір-бірін толықтырады. Кірпіштерге жазылған жауаптарын топта талқылайды. Топтар талқылау соңында ішінен 5 маңызды ақпаратты стикерге жазып тақтадағы кірпіштерге қайта іледі және түсіндіреді.

Сұрақтар үлгісі:

  • Өлеңде автордың айтайын дегенін бір сөзбен жеткіз? (Жастық)

  • Балалық шақты немен теңейді? (Патшаның тағы)

  • Санасыз адам ненің қадірін білмейді дейді? (Жастықтың)

  • Жастық деген не? (Бағасыз уақыт, алтын)

  • Өлеңнен қандай қорытынды шығаруға болады? (Әрбір уақыттың қадірін білу керек. Бүгінгі уақыт ертең қайтып келмейді.)


Саралау Қорытынды тәсіл. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Жұптағы қабілеті жоғары оқушы қабілеті төмен оқушыға ой бөлісіп,идеясын ортаға салып көмектеседі. Оқушыларға өз ойын еркін айтуға, дәлелдеп айтуға, өздігінен шешім қабылдауға мүмкіндік беріледі.

(ҚБ) «мадақтау» әдісі арқылы топтық бағалау жүргізіледі.


Білу (оқушы әдістер мен жұмыстың орындалу ретін біледі).

Мақсатқа сәйкес оқушыларға бағалау критерийін шығарту.


3-тапсырма.

Әр топқа тапсырма беру.

1.Тірек сөздер арқылы шағын эссе жазу.

2.Қиынды қағаздардан сурет шығару.Сол бойынша ауызша әңгімелеу.

3.Суретке байланысты бір шумақ өлең құрастыру.

(ҚБ) «Бес бармақ» әдісі арқылы бағалау


Психологиялық ахуал


Топқа бөлу мұз сынықтары арқылы


алдыңғы білімді еске түсіру





ойқозғау


кері байланыс



тыңдалым



айтылым






жазылым


























жазылым




1 минут

Сергіту сәті. Тақырыпқа байланысты Мадина Садуақасованың «Балалық шаққа саяхат» әніне мұғалімнің нұсқауымен қимыл-қозғалыс жаттығулар жасау.







4-тапсырма

(Ұ; Ө)

Сөздерді орнына қойып, сөйлемді аяқтап жазу тапсырылады. Оқыған өлеңі бойынша өз ойын жазады. Жұмысты жазу кезінде М.Жұмабаевтің «Балалық шақ» өлеңіндегі автордың өсиетін пайдалану ескертіледі.

... жүгір, жоқ ... түңіл.

Ойынға, білімге

Ойдан, тойдан

Қайтпас уақыттың дәмін ... ...

Татып қал, ауыз ти.

Жастықтың салты-...

Үйлену, үйрену

Өнер қуып, надандықтан ...

Жирену, үйрену

Үйрен білім ......

Қастықта,жастықта

Жастық деген-......

Қадірін білмес.....

Санасыз,бағасыз


Саралау:Қорытынды саралау тәсілі.

Барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нəтижелері əртүрлі болады. Бір тапсырма беріледі, бірақ жалғыз «дұрыс» жауаптың бағытында жұмыс істеуден гөрі оқушылар өздерінің мықты жəне əлсіз тұстарына қарай жауап берулері күтіледі.

(ҚБ) Дескрипторлар бойынша бағалау. топ басшысы жетон арқылы бағалайды.

  • өз ойын айтады;

  • сөйлемдегі сөздерді байланысын табады

  • сөздерді, сөйлемдерді сауатты жазады.










Айтылым







Сабақтың соңы

1 минут




Рефлексия (сабақты қорытындылау)



«Күн бұлт» әдісімен үш топқа ақынның өлеңіне сүйене отырып «Постер» құру арқылы мазмұнын талдау ұсынылады. Әр топқа А4парағында күннің және бұлттың сызбалары беріледі. Адамның мінез-құлқына қатысты пікірлерді өлеңдегі сөз тіркестері немесе сөйлемдерге сүйеніп жазу ұсынылады.

Саналы адамға қатысты пікірлер – күнге орналастыру

Балалық шағын бағалайды. Патшаның тағы деп ойлайды.Уақытын текке өткізбейді. Жас кезінде білім, өнер үйренеді. Балалық шақты бағалауға тіл жетпейді. Жастық-алтын деп есептейді. Бағасыз деп ойлайды.

Санасыз адамға қатысты пікірлер – бұлтқа жазу

Бос жүреді. Уақытын бағаламайды. Уақытын еркелеп бос өткізеді.



Саралау. Диалог жəне қолдау көрсету. Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты əрі нақты көмек қажет болады. Оқушыларды ойланту үшін жəне бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды қоюға болады. Бұл əдісті қолдану барысында сөзбен қолдау көрсету жəне ынталандыру да маңызды рөл атқарады.

ҚБ отшашу

Оқушылар

дың бірін-бірі, өзін өзі бағалауға негізделген, бұл тәсілдің мақсаты өзін және құрбыларын әділ бағалауға үйрету.



кері байланыс





1 минут

Үйге тапсырма: 93-96 бет өлеңді мәнерлеп,түсініп оқу.Автор жайында деректер табу.

күнделік




Дифференциация – топпен жұмыс жүргізу, жұптық жұмыста өз ойларын жеткізу дағдыларын жетілдіру

Бағалау: шығарма кейіпкеріне хат, ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту), өлең (төрт жолды), әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазуды біледі.

Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
29 желтоқсан
5197
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі