Магниттіліктің
пайда болуы ертеректен белгілі, алайда
оны түсіндіру біраз уақыт бұрын ғана
мүмкін болды. Бір аңызға сәйкес Магнус
есімді қария өзінің таяғының темір
ұшы қызықты тасқа тартылғанын байқайды.
Содан
бері сол ерекше тасты “Магнус тасы”
немесе магнит
деп атап кеткен деседі.
Барлық
заттардың нақты магниттік қасиеттері
болады. Темір, кобальт, никель жақсы
магниттелетін материалдарға жатады.
Тұрақты магниттің екі магниттік полюсі
болады: солтүстік (N) және оңтүстік
(S).
Аттас полюстер бірін-бірі тебеді, ал
аттас емес полюстер тартылады.
Магниттік
қасиеттер. Суретке
тағы да қараңыз.
Оқушылардан
магнитке тартылған заттарды атауды
сұрау.
Қорытынды жасату.
Осы заттардың барлығына ортақ не бар?
Оқушылар ол заттар металдан жасалған
немесе металл бөлшектері бар деген
қорытындыға келе алады. Магниттердің
кейбір заттарды ғана тарта алатынын
айтып беру.
Магниттің осы қасиетін қалай атауға
болатынын сұрау.
(Магниттік қасиеттер.) Суреттерге
сәйкес қандай заттар осы қасиетке ие?
Тілдік
құзыреттілікті қалыптастыру
Ойын
өткізу.
Оқушылар жұптастып, бір-біріне арқаларын
тигізіп тұрады. “Сендер тебілдіңдер
ме әлде тартылдыңдар ма?”. Оқушылар
“Тартыламыз!” деп жауап бере алады.
Осыдан кейін оқушылар бір-біріне қарап
тұрып, қолдарынан ұстап бір-бірлерін
өздеріне тартуға тырысады. “Сендер
тебілдіңдер ме әлде тартылдыңдар ма?”
деген сұраққа оқушылар “Тебілеміз!”
деп жауап бере алады.
“Қандай
зат басқа заттарды тарта алады
немесе тебе алады?” — деп сұраңыз.
Оқушылар
“Магнит” деп жауап бере алады.
Электромагнит
—
өзінен электр тогын өткізгенде
магниттік қасиеттері бар заттарды
тартатын құрал. Әдетте ол ферромагнитті
өзекшеден және орамнан тұрады.
Электромагнит
өмірде тағы қандай жерлерде қолданылады?
|
І.
Ұйымдастыру кезеңі. Жылы шуақ шашу.
ІІ.
Өткен тақарыпқа шолу.
Адамдар
электр қуатын не үшін пайдаланады?
Сурет бойынша әңгімелеңіз. Тағы қандай
мысал келтіре аласыз?
ІІІ.
Мультфильм көру. Магнит. (Фиксики)
ІІІ.
Зерттейік. Оқушыларды
бірнеше топқа бөліңіз.
Мүмкіндігінше
әр топта қабілеттері әртүрлі оқушылар
болсын. Бір топ магниттің көмегімен
құмда жоғалған затты табу тапсырмасын
орындай алады. Келесі топ су құйылған
құмырадағы заттарды қолын суға малмай,
құмыраны төңкермей алуға бола ма, соны
зерттейді. Үшінші топ магнит өз
қасиеттерін қатты қағаз бен ағаштың
арғы жағынан сақтай ала ма, соны
тексереді. Төртінші топ магниттің
қасиетін шынының сыртынан тексереді.
1-топ:
Зерттеу
жүргізу үшін табақшаға құмды сеуіп,
оның
арасына
бірнеше темір шегелер мен бұрандаларды,
пластмасса мен резеңкенің бөлшегін
тығып қойыңыз. Оқушылар табақшаның
бетімен магнитті жүргізіп, магниттік
қасиеттерге ие заттарды тауып, шығарып
алады.
2-топ
:Құмыраға су құйып, оған кішкене
бұрандалар
мен
сомындарды (гайка), резеңке бөлшегін
салы ңыз. Оқушыларға құмырадағы суды
төкпей, ішін дегі заттарды қалай
алуға болатынын ойлануды ұсыныңыз.
Оқушылар түрлі әдіс-тәсілдерді іздеп,
ең дұрысын табады: магнитті құмыраның
қабырғасына жақындатып, жүргізу керек.
3-топ:
Қатты қағаз бетіне ұсақ темір заттарды
шашу
керек,
мысалы, қыстырғыштарды. Қағаздың
астынан магнитті қозғалту арқылы
қағаз үстімен ұсақ заттардың жылжитынын
көре алады. Оқушылар осы тәжірибені
қатты қағаз орнына ағаш тақтайшаны,
мысалы, парта бетін қолдану арқылы
жасап көре алады. Тәжірибе барысында
олар: “Магниттің
тартылысы ағаш тақтай шаның арғы
жағына өте ала ма?” деген сұраққа
жауап бере алады.
4-топ:
Тәжірибе
жасау үшін бұл топқа шеті өңделген
ескі көзәйнек пен қағаз қыстырғыштар
қажет. Көзәйнек-тің бір жағына қағаз
қыстырғыштарды шашып қойып, шынының
астымен магнитті жылжыту арқылы
оқушылар қағаз қыстырғыштар
қозғала ма, жоқ па тексереді. Тәжірибе
барысында оқушылар: “Магниттің
тартылысы шыныдан өте ала ма?”
деген сұраққа жауап бере алады.
|
Жұмыс
ережесін сақтайды
|
Тәжірибе
жасады
|
Қорытынды
жасай алды.
|
Ұпай
|
«Жаңалық
ашушылар»
|
|
|
|
|
«Негештер»
|
|
|
|
|
«Ақылдылар»
|
|
|
|
|
«Білгірлер»
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Оқушылар
“магниттің күші қағаздан, пластиктен,
шыныдан, ағаштан, судан және басқа да
көптеген материалдардан өтеді” деген
қорытынды жасай алады.
ІҮ.
Суретпен жұмыс.
Магниттер.
—
Негеш
нені қарап отыр?
—
Ол
не туралы ойланып отыр?
Осыны
жұпта талдауды сұраңыз. Оқушылардың
жауаптарын тыңдаңыз. Мынадай сұрақтарды
қойыңыз:
— Не
болды? Барлық заттар магнитке тартылды
ма? (Жоқ.)
— Магниттерді
бір-біріне жақындатқанда не бо
лады?
Тартыла
ма әлде жоқ па? Эвриканың
суретіне
назар
аудартыңыз.
Келесі
сұрақтарды қойыңыз:
—
Эврика
қолына не ұстап тұр? (Магниттерді.)
— Магниттердің
түсі қандай? (Бір ұшы — қызыл, ал
екіншісі — көк.)
—
Эврика
не істемекші?
— Неліктен
Эвриканың магниттерді қосуға
талпынғанынан еш нәтиже шықпады?
(Магниттер тебіледі.)
— Қандай
қорытынды жасауға болады? (Магниттерді
бірдей боялған шетімен жақындатқанда
олар бір-бірін тебеді.)
Сіз
білесіз
бе?
Электромагнит
деген не? Оны қайда және не үшін
қолданатынын түсіндіріп беріңіз. Оның
өнеркәсіпте қолданылуы туралы
бейнефильм көрсетуге болады. Аталған
құрылғы адамдар еңбегін жеңілдете
ме? (Иә.)
Электромагниттердің ауыр жүк көтеруге
қабілетті екенін айтып беру.
Видео:
«Электромагниттің пайдасы"
|
Төрттік
жұмыс.
Эксперт
тобы зерттеу жүргізеді.
Физика,
сауат ашу.
|
Оқушыларға
тұсбағар (компас) жасауды тапсырыңыз.
Ол үшін ине, табақша, қағаз сүлгілер,
магнит қажет. Алдымен инені магниттің
көмегімен “магниттеп” алу керек.
Содан соң табақшаға суық су құйып,
оған қағаз сүлгіні салып, оның үстіне
инені қойыңыз. Сүлгі суға батып кетеді,
ал ине су түбіне түседі. Ине бұрылып,
ұшымен солтүстікті көрсетеді. Нәти-жені
тұсбағар көмегімен тексеруге болады.
Кестені
толтыр. Оқушыларға
түрлі заттардың
суреттері
салынған үлестірмелі парақшаларды
таратыңыз. Олардың
арасында металдан жасалған және металл
емес заттар болуы керек. Үлестірмелі
парақшаларды нөмірлеңіз. Оқушылар
берілген заттардың ішінен қайсысы
магниттік қасиеттерге ие, ал қайсысында
ондай қасиет жоқ екенін анықтаулары
қажет. Осы тапсырмадан кейін оқушылар
кестеге сәйкес нөмірлерді жазып,
толтыра алады.
|