400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ашық сабақ магнит 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
1.5.6.1. Магниттілік қасиеті бар жекелеген денелерді анықтау. 1.5.6.2. Магниттің қасиетін зерттеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жоспар

Пәні: Жаратылыстану

Мектеп: № 187

Күні:

Мұғалімнің есімі: Кундузбаева Арайлым Джантасовна

Сынып: 1

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Магнит

Оқу мақсаты:

1.5.6.1. Магниттілік қасиеті бар жекелеген денелерді анықтау.

1.5.6.2. Магниттің қасиетін зерттеу.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Магниттің қасиеті бар жекелеген денелерді тартатынын біледі.

Көптеген оқушылар: Магниттің қасиетін анықтау үшін жұмыс жүргізеді, нәтижелерді дәлелдейді.

Кейбір оқушылар: Тәжірибеге сүйеніп магниттің өмірде қолдануы жайлы қорытынды жасайды .

Бағалау критерийлері

Магниттік қасиеті бар денелерді таңдайды.

Дененің магнитке тартылу себебін түсіндіреді

Тілдік мақсат

Оқушылар: Магниттің қасиеті жайлы айта алады, жаза алады, өмірде магнитті қолдануды түсіндіреді.

Пәнге тән лексика мен терминология: магниттер ( әр оқушыда), тарту, тебу, магниттік қасиет, металдар, жолақты магниттер.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Магнит дегеніміз не?

Магнит қандай заттарда болады?

Магнит қандай күшке ие?

Құндылықтарды дамыту

Оқушылар топтық жұмыс барысында бір-бірін тыңдауға, құрметтеуге, ынтымақтастыққа, тапсырманы орындауға, достыққа, ынтымақтастыққа, ашықтыққа баулу.

Пән аралық байланыс

Математика «Заттарды салыстыру»

Бастапқы білім

Магнит туралы алғашқы түсініктері бар. Ауыр, суық, темір, қатты екенін біледі.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басталуы

5 мин

(Ұжымдық жұмыс) Ынтымақтастық атмосфера құру:

Жарқырап күнде ашылды,

Айналаға нұр шашылды.

Біз көңілді баламыз,

Сәлемдесіп аламыз.

Мақсатымыз – білім алу,
Міндетіміз еңбектену.


Ширату жаттығуы

«Кинометфора» әдісі

«Магнеттер» бейнежазба

Магниттің қасиеттері туралы видео көрсете отырып тыңдату.

«Сұрақ менен, жауап сіздерден» әдіс

  • Бейнежазба сендерге ұнады ма?

  • Бұл бейнежазба не жайлы?

  • Олар қандай түспен боялған?

  • Түстері бірдей жақтары тебіле ме, тартылады ма?

Магниттіліктің пайда болуы ертеректен белгілі, алайда оны түсіндіру біраз уақыт бұрын ғана мүмкін болды. Бір аңызға сәйкес Магнус есімді қария өзінің таяғының темір ұшы қызықты тасқа тартылғанын байқайды. Содан бері сол ерекше тасты «Магнус тасы» немесе магнит деп атап кеткен деседі.

Сабақтың тақырыбымен мақсатымен таныстыру.

Топқа біріктіру:

І топ: «Қызыл магниттер»

ІІ топ: «Жасыл магниттер»

ІІІ топ: « Сары магниттер»










Бейнежазба














Топқа бөлуге арналған құралдар

Сабақтың ортасы

30 мин

Ұжымдық жұмыс

«Суреттер сөйлейді»

Оқушылардың назарын оқулықтағы суретке назар аударту.

  • Негеш нені қарап отыр?

  • Ол не туралы ойлап отыр?

  • Барлық заттар магнитке тартылады ма? (жоқ)

  • Магниттерді бір біріне жақындатқанда тартылады ма, әлде жоқ па?

  • Эвриканың қолына не ұстап отыр?(магниттер)

  • Магниттердің түсі қандай? (бір ұшы- қызыл, ал екінші ұшы – көк)

  • Неліктен Эвриканың магниттерді қосуға талпынғаннан еш нәтиже шықпады? (магниттер тебіледі)

  • Қандай қорытынды жасауға болады?

Бағалау: мұғалімнің сөзі «Жарайсың! » «Алда келе жатырсың!»

Топтық жұмыс

«Кел зерттейік»

І топ «Қызыл магниттер»

Зерттеу жүргізу үшін табақшаға дәнді дақылды сеуіп, оның арасына бірнеше шегелер мен бұрандаларды, пласмасса мен резеңкенің бөлшегін салынады. Табақшаның бетімен магнитті жүргізіп, магниттік қасиеттерге ие заттарды тауып шағарады.

ІІ топ «Жасыл магниттер»

Қатты қағаз бетіне ұсақ темір заттарды шашу керек, мысалы, қағаз қыстырғыштарды. Қағаздың астынан магнитті қозғалту арқылы қағаз үстімен ұсақ заттардың жылжитынын көрсету. Тәжірибені қатты қағаз орнына ағаш тақтайшаны, мысалы парта бетін қолдану арқылы жасайды. Тәжірибе барысында олар: «Магниттің тартылыс ағаш тақтайшаның арғы жағына өте ала ма?» деген сұраққа жауап береді.

ІІІ топ «Сары магниттер»

Тәжірибе жасау үшін бұл топқа шеті өңделген ескі көзайнек пен қағаз қыстырғыш қажет. Көзәйнектің бір жағына қағаз қыстырғыштарды шашып қойып қойып шынының астымен магнитті жылжыту арқылы қағаз қыстырғыштар қозғала ма, жоқ па тексереді. Тәжірибе барысында «Магниттің тартылысы шыныдан өте ала ма?» деген сұраққа жауап береді.


Кері байланыс:

  1. Тапсырма орындауда қандай қиыншылықтар болды?

  2. Қиыншылықтан шығуға қалай жол табуға болады?

  3. Өзге топтың нәтижелермен келісесіздер ме?

Бағалау: «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы


Сергіту сәті

«Көңілді күн» бейнежазба


«Кім тапқыр» ойыны

Жұптық жұмыс

Тапсырма: магнит барлық денеге тартылады ма? Қарапайым тәжірибе жасап, анықтаймыз. Магнитті заттарға кезек кезек жақындатамыз. Әр бала заттарға жақындатып оны магнитпен тексереді.

Мысалы: Дәптер, темір, қалам, темір сым ,шанышқы, қайшы, ойыншық, доп, түйреуіш, скрепка, түйме, тас.

Заттар

Тартылады

Тартылмайды

Дәптер


-

Темір

+


Қалам


-

Сым

+


Шанышқы

+


Ойыншық


-

Қайшы

+


Доп


-

Түйреуіш

+


Скрепка

+


Түйме


-

Тас


-

ҚБ: Бағдаршам арқылы бағалау

Қалыптастырушы бағалауда арналған тапсырмалар

1 тапсырма

Суретке мұқият қараңыз. Магнитке тартылатын заттардың суреттерінің тұсына () белгісін қойыңыз. Олар магнитке неліктен тартылады деп ойлайсыздар?

Дескриптор: Білім алушы:

  • Магниттік қасиеті бар заттарды белгілейді;

  • Дененің магнитке тартылу себебін түсіндіреді.


2 тапсырма

Сынып ішіндегі магниттік қасиеті бар заттарды анықтаңыз. Ол үшін қолыңызға магнит алып, айналаңыздағы заттарға жақындатып көріңіз. Төмендегі кестеге магниттік қасиеті бар екі заттың және магниттік қасиеті жоқ екі заттың атауын жазыңыз.

магниттік қасиеті бар заттар

магниттік қасиеті жоқ заттар




Дескриптор:

  • - Магнитке тәжірибе жасайды;

  • - Сынып ішіндегі магниттік қасиеті бар заттарды анықтайды;

  • - Нәтижесін кестеге жазады;


Сараланған тапсырма

Қарқынды әдісі

Магниттер қай жерде болады. Магнитті тағы не үшін қолдануға болады. Түрлі дереккөздерден ақпарат жина және әңгімеле.


ҚБ. Жұлдызшалармен бағалау.




Оқулықпен жұмыс












І топ

Табақша, күріш, шеге, бұранды, пласмасса, резеңке, магнит.



ІІ топ

Қатты қағаз, қағаз қыстырғыш, ағаш тақтайша, магнит.











ІІІ топ


Көзәйнек, қағаз қыстырғыш, магнит.











Бағалайды.




Видеожазба












Дәптер, темір, қалам, темір, сым, шанышқы, қайшы, ойыншық, тб

Кесте












ҚБ тапсырмалары







































Жұлдызшалармен бағалайды.

Сабақтың соңы


Рефлексия

«Плюс, минус, қызықты » тәсілі

Плюс

Минус

Қызықты

Сабақта барлығы ұнады: сабақ мазмұны, жұмыс түрлері

Ұнамады, түсініксіз болып қалды

Барлық деректер мен әдістер қызықты




Мұғалімнің қорытындысы


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 ақпан
954
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі