400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ: «Магнитті қосқыш арқылы электрлік машинаны іске қосу»

Материал туралы қысқаша түсінік
- Батыс Қазақстан индустриалды колледжінде кәсіби даярлықтың деңгейін арттыру; - Болашақ жұмысшы- кадрлардың өздері таңдап алған мамандықтарын,біліктілікке сай дағды мен шеберлікке қаншалықты ие болғандығын болашақ мамандарға насихаттау; - Өз мамандықтарына және оны сүюге баулу; - Мамандық түрлерін таңдауға насихаттау, мамандық түрін таңдауға көмектесу; - Мамандықтың беделін көтеру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

СМЖ 08.ПТ.01

8-қосымша жалғасы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

БҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

«БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ИНДУСТРИАЛДЫ КОЛЛЕДЖІ» МКҚК



ҚАРАЛДЫ: «КЕЛІСІЛДІ» «БЕКІТЕМІН»

«Өндірістегі Әдіскер _________ Директордың ОӨЖ

электромеханикалық Е.Н.Мергенбаева орынбасары

жабдықтар» ЦӘК «______»______ 20____ж. _______А Т Халиуллина

отырысында

Хаттама № ___ «____»______ 20____ж.

«__»____20___ж.

__________И.Б.Кенжебаева


Ашық сабақтың әдістемелік дайындамасы

тақырыбы:

«Магнитті қосқыш арқылы электрлік машинаны іске қосу»









Өндірістік оқыту шебері: М.А.Умаров.







Орал 2020 ж.



Аға шебер:

_____________Б.С. Калиев.


Сабақтың тақырыбы: «Магнитті қосқыш арқылы электрлік машинаны іске қосу»

Күні/Дата/ Date _08.12.2020 ж.__

Тобы : 223КЕ

Пән атауы: «Өндірістік оқыту»

Өткізілу орны: № 5.2 шеберхана

Сабаққа бөлінген уақыт: 45 минут

Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Магнитті қосқыш арқылы электрлік машинаны іске қосуды түсіндіре отырып, үйрету.

б) дамытушылық: Магнитті қосқыш арқылы электрлік машинаны іске қосу кезінде студенттің ойлау қабілетін дамыту.

в) тәрбиелік: Студенттерді топпен жұмыс жасау кезінде тыңдай білуге, тазалыққа, өзгенің ойымен санасуға тәрбиелеу

Тілдік мақсат: а) Жаңа тақырыпқа қажетті терминдерді таныстыру ( Магнитті қосқыш – магнитный пускатель, жіберу батырмасы – кнопка «пуск», тоқтату батырмасы - кнопка «стоп» .Электрлік машина-электрическая машина.


б) Оқытуға қажетті тіл - тақырыпқа байланысты студенттердің өз ойларын ортаға салуға және бір-біріне сұрақ қойып, жауап беруге


в) Оқыту арқылы тіл - тақырыпты топпен талқылай отырып, жаңа терминдерді оқушылар сөздіктеріне енгізіп, мұғалім мен оқушы арасында сұхбат ұйымдастыру



Сабақтың әдістері: Топпен жұмыс жасау, әңгімелесу, дәріс элементтері, сұрақтар және жауаптар.


Сабақтың көрнекілігі және техникалық жабдықталуы: Жұмыс дәптерлері, жұмыс журналы, жалпы жоспар, мультимедиялық проектор, анықтамалар, схема, тақта

Пәнаралық байланыс: “Электр жабдықтарына техникалық күтім жасау және жөндеу”, “Электротехникалық материалдар және өлшемдер”

Күтілетін нәтиже:

Электрлік машнинаны магнитті жүргізгіш арқылы іске қосу туралы толық мәлімет ала отырып, практика тұрғысында іске қосуға үйренеді.













Сабақтың өту жоспары:

Бөлім

Уақыт

Қатысушылардың іс-әрекеті

1.Ұйымдастыру бөлімі

5 мин

Екі топқа бөлініп отырады. Студенттерді түгендеу. Студенттердің оқу құралдарын тексеру.

2.Өткен тақырыпты қайталау

10 мин

Өткен тақырыпты қайталау үшін сұрақтар беріледі. Бір студент шығып студенттерге сұрағын қойып, оқытушы рөлін ойнайды. Оқытушы рөлін ойнаған студентке қосымша тапсырма беріледі. Тапсырмаға жауап берген әр студентке смайликтер беріледі.Сол смайликтер арқылы студенттердің сабақты қаншалықты меңергендігі анықталады.

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру

20 мин

Жаңа тақырыпқа қатысты слайд көрсетемін.Сол слайд бойынша студенттер тақырып атауын ашулары қажет.

Жаңа тақырыпты түсіндіру алдында жалпы электр қауіпсіздік ережесімен таныстырамын.

4.Жаңа тақырыпты бекіту

5 мин

Жаңа тақырыпты бекіту мақсатында сұрақтар қойылып, алған білімдерін жауап алу арқылы бекітіп, жауап берген оқушыларға смайликтер беріледі.

5. Тапсырма беру

5 мин

Магнитті жүргізгіш арқылы электр машинаны іске қосуды орындайды.

6. Ағымдағы нұсқау

175 мин

Магнитті жүргізгіш арқылы электр машинаны іске қосуды орындау

7. Тексеру жұмысы

15 мин

Электр машинаның іске қосылуын тексеру.

8. Қорытынды. Ой толғаныс (рефлексия)

10 мин

Студенттер тақтаға жаңа тақырып бойынша нені үйренгенін, нені білгенін және қандай ұсыныс бар екендігін жазады.

9. Бағалау

10 мин

Сабаққа белсенді қатысқан студенттерді жинаған смайликтеріне қарап бағалау.

10.Үй тапсырмасын беру

5 мин

Студенттерге үй тапсырмасын беру

11.Шеберхананы жинау

5 мин

Жұмыс орындарын жинау

















Сабақтың барысы/ Ход занятия/

Топ студенттері екі топқа бөлініп отырады.

І. Ұйымдастыру бөлімі: Студенттермен амандасып, журнал бойынша тексереміз.

ІІ. Өткен білімдерін бекіту: Активити: « Өндірістік оқыту шебері ».

Студенттердің оқу құралдарын тексеру. Өткен тақырыпты қайталау үшін сұрақтар беріледі. Бір студент шығып студенттерге сұрағын қойып, оқытушы рөлін ойнайды. Оқытушы рөлін ойнаған студентке қосымша тапсырма беріледі. Тапсырмаға жауап берген әр студентке смайликтер беріледі.Сол смайликтер арқылы студенттердің сабақты қаншалықты меңергендігі анықталады. Өткен тақырыпты қайталау мақсатында екі топқа бөлініп отырады,әр дұрыс жауапқа бір «смайлик» беріліп отырады. Көп смайлик жинаған топ жеңіске жетеді. Осылайша өткен тақырыпқа шолу жасайды.

Жаңа тақырыпқа қатысты видео - материал көрсетемін. Сол видео - материал бойынша студенттер тақырып атауын ашулары қажет.


ΙІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Магнитті қосқыш арқылы электрлік машинаны іске қосу кезіндегі техника қауіпсіздігі

Еңбек қорғауға еңбек заңдылықтары, қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария жөніндегі мәселелер кіреді. Барлық студенттер жұмыс істеудің қауіпсіз әдістерін үйреніп, игеруге және қауіпсіздік техникасы ережелерін жақсы білуге міндетті. Белгілі тапсырмамен жұмысқа кірісетін әрбір студент қауіпсіздік техникасы, бойынша алғашқы нұсқаулар алғаннан кейін ғана іске кірісу керек.

Электромонтерларда кернеуі 1000 В- қа дейінгі қондырғылар үшін арналған негізгі қорғаныс құралдары болуы керек, яғни : диэлектрлік қолғаптар, сабы оқшауланған құралдар, тұйықтаушы (немесе тасымалданатын жерсіндіргіш) және кернеу көрсеткіш.

Қосымша құралдар: диэлектрлік галоштар, резеңке кілемшелер, оқшаулағыш төсеніштер мен ескерту плакаттары.

Қорғаныс құралдарын қолданар алдында, тексерілген мерзіміне көңіл аудара отырып, олардың жарамдылығына көз жеткізу керек.

Техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында электр машиналарын пайдалану кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережелерін қатаң түрде сақтау керек.

Электр қондырғысына техникалық қызмет көрсету кезінде, олар қоретендіруші тізбектен ажыратылуы керек. Ажыратушы шапқыштың пышақтары мен еріндіктерінің арасына оқшаулағыш материалдың кесіндісін орнатып, шапқыш жетегінің сабына немесе автоматты ажыратқыштың тұтқасына «Қоспа – адамдар жұмыс істеуде!» плакатын ілу керек. Электрлендірілген механизмдердің жұмысшылары қондырғыларда жұмыс істеген кезде техника қауіпсіздігі және техникалық пайдалану ережелері бойынша міндетті түрде нұсқамадан өтулері керек.



Магнитті қосқыш арқылы электрлік машинаны іске қосу сызбасы

Сызба екі бөлікке бөлініп түсіндіріледі: электр тізбегі және басқару тізбегі. Басқару тізбегі бөлігінде «Тоқтату»( стоп), «Қосу»( пуск) батырмалары орналасса, электр тізбегі бөлігінде фазалар, электр машинасы, магнитті жүргізгіш орамасы орналасады.

Сызбаның іске қосылуы: SB-2 («Қосу») батырмасын басқан кезде магнитті жүргізгіштің КМ-1 орамасына кернеу беріледі, бұл жағдайда магнитті жүргізгіш КМ-1 контактлерін жауып, электрлік машинан іске қосады. Сондай – ақ өзінің KM-1.1 байланыс блогын жабады. SB-2 («Тоқтату») батырмасын ажыратқан кезде оның түйіспесі ашылады. Алайда, магнитті жүргізгіш орамасында өзгеріс болмайды. KM-1.1 байланыс блогы SB-2 батырмасының жұмысын жалғастырады.


IV. Жаңа тақырыпты бекіту: Активити/: Дұрыс және бұрыс сызба

  1. Бүгінгі тақырып бойынша дұрыс сызылған сызба



  1. Бұрыс сызба

Сызбалар бойынша тақырыпқа сәйкес дұрысын табу. Әріптік белгіленулердің не екенін, қандай қызмет атқарып тұрғанын айту. Дұрыс жауапқа « смайлик» беремін.

V. Тапсырма беру: Студенттерге магнитті жүргізгіш арқылы электрлік машинаны іске қосу тапсырмасы беріледі. Ол үшін іске қосудың техпроцесі беріледі.



Магнитті жүргізгіш арқылы электр машинаны іске қосудың техпроцесі

3 фазалы қ.т. электр қозғалтқыш



№


Операция түрлері


Құралдар

1

Магнитті жүргізгішті дайындау

Бұрағыш (отвертка)

2

Электрлік машинаны дайындау

Қолмен орындау

3

Электрлік машинаның орамаларын жалғауды орындау

Индикатор, бұрағыш, изолента

4

Магнитті жүргізгішке электрлік машинаны жалғауды орындау

бұрағыш, изолента

5


Тексеру


ток көзіне қосу





VI. Ағымдағы нұсқау/ текущий инструктаж/: Студенттер екі-екіден бөлініп электр машинаны магнитті жүргізгіш арқылы іске қосады

VII. Тексеру жұмысы/проверка работы/: Жалғанулардың дұрыстығын тексеру.

VIII. Сабақты қорытындылау және рефлексия/ : Студенттер бүгінгі сабақтан түйген ойларын, білімдерін қорытып, «Бекіту» жұмысын орындайды. Яғни, тақырып бойынша алған керекті ақпаратты барлығы ортаға салып ой бөліседі. Бір студент шығып, нәтижені дауыстап оқып, ортаға салып, талқыланады.

IX. Бағалау/оценивать/: Электр машинаның магнитті жүргізгіш арқылы іске қосылуын тексеріп, сабаққа белсене қатысқан студенттер жинаған смайликтеріне байланысты бағаланады.

X. Үй тапсырмасы/ Домашнее задание/: Электр машинаны магнитті жүргізгіш арқылы іске қосудың сызбасын қайталау. Жаңа сабаққа қатысты термин сөздерді жаттау.

XI. Шеберхананы жинау: Әр студент өз жұмыс орнын жинап реттейді.





Өндірістік оқыту шебері: М А Умаров.





7


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
31 желтоқсан
904
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі