400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Ашық сабақ. Махаббат – өмір нәрі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға махаббат сезімі туралы түсінік бере отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


№29 С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектепМерзiм:14.10.2019 ж.Мұғалiм:Суясинов Б.

Сынып:11 Оқушылар саны:15 №6 Тақырып:Махаббат – өмір нәрі.

Құндылық:СүйіспеншілікҚасиеттер:жақсы көру және кішірейілдік, жомарттық, ізгілік.


Мақсаты:Оқушыларға махаббат сезімі туралы түсінік бере отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік:Оқушыларға махаббаттың бар адамға ортақ көп қырлы, шынайы сезім екенін, ал сүю мен ғашық болужаратылыстың адамға берген ерекше нұрлы, іңкәр сезім екендігінұғындыру;

Дамытушылық:Оқушылардың ұнату, шынайы махаббат сезімдерін ажырата алуға үйрете отырып, риясыз сүйіспеншілікке баулу;

Тәрбиелік: Оқушыларды жақсы көру және кішірейілдікке, жомарттыққа, ізгіліккетәрбиелеу.

Ресурстар: құралдар, мәлiметтер)

слайд,өлеңнің аудиодискісі

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Балалармен сәлемдесу!

5 «Т»: тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық.

Жағымды күйге келу:

Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

2. Үйтапсырмасын тексеру. М.Әуезов «Абай жолы» (үзінді) мәтінін талқылау.

  1. Әңгіме мазмұны не жайында?

  2. Тоғжанды сұлу етіп тұрған қандай күш?

  3. Абай мен Тоғжанның арасындағы сүйіспеншілік қалай бейнеленген?

  4. Махаббаттың адам өміріне, оның айналасындағыларға әсері қандай?

  5. Алғашқы махаббат сезімі туралы не айта аласың?

  6. Риясыз сүйіспеншілік неге теңеуге болады?

Сабақ барысын талқылау:

3. Дәйексөз.

Шынайы махаббат үнсіз келеді, өйткені шын сезім алдымен сөзбен емес, іспен білдіріледі.

В.Шекспир

1. Қыз балаларға және ұл балаларға бөлек оқыту.

2. Дәйексөзден не ой түйдің?

3. Дәптерлеріңізге жазып алыңыздар.


4. Әңгімелеу (сұхбат)

«Бір көзді ана» аңыз әңгіме.

Жалғыз ұлы бар ананың бір көзі жоқ соқыр болатын. Бірде ұлының сыныбына іздеп барған анаға ұлы: «Мұнан былай мені іздеп келуші болма, сыныптастарым мазақ етеді, сенен ұяламын »,-деп жекіп тастаған болатын. Содан кейін байқұс ана мектеп асханасындағы жұмысынан да босап шыққан болатын. Бар ойы ұлын ұятқа қалдырмау еді. Бірақ ұлы анасының арқасында ешнәрседен қиындық көрмей өседі. Бала есейіп, ер жетеді. Арман қуып өзге қалаға жол тартады, оқуға түседі. Бірнеше жылдан соң оқуын аяқтап, жұмысқа тұрады, отбасын құрып , ұлды болады. Осы жылдар ішінде анасынан бір хабар алмайды. Бір күні үй ішіндегі әйелінің шошынған дауысын есітіп, жүгіріп барса анасы келіп тұр екен. Анасы немересінің маңдайнан бір иіскеп кетуді арман етіп келгенін айтып, өтінеді. Алайда ұлы өзінің жұбайының қорқатынын, тез арада бұл жерден кетуін талап етеді.

Жылдар зымырап өте шығады. Жігіт сынптастарымен кездесу үшін туған ауылына келеді. Бір сәт босаған уақытында өз туған үйін көріп қайтуға барады. Бірақ үйдің есігіндегі құлыпты көріп тосылып қалады. Сол сәт көрші апай келіп, жігітке марқұм болған анасының қалдырған хатын ұстатады. Жігіт хатты оқиды. Онда анасы ұлының сәби кезінде жол апатына ұшырап, бір көз жанарынан айырылғанын, шырылдап, баласының аман болғанын, болашағын ойлап, өзі бір көз жанарын бергенін, сол себепті де өмір бойы бір көзді болып жүргенін жазған еді. Хатты ұстаған жігіт, өкініштен өзегі өртеніп өкси берді...

1. Әңгімеден қандай әсер алдыңдар?

2. Анасының ұлы үшін жасаған әрекеті дұрыс па?

3. Сен баланың іс әрекетіне қалай қарайсың?

4. Сен анаңа деген сүйіспеншілігіңді қалай жеткізер едің?

5. Ана мен баланың арасындағы махаббат туралы өз ойыңды айт.

6. Отбасына деген махаббаттыңды сипатта.


5. Шығармашылық жұмыс.Оқушылар арнайы түрлі түсті қағаздан қиылып дайындалған жүрекшелер таңдау арқылы екі топқа бөлінеді.

Тапсырма: Махаббат сезімін неге ұқсатасың? (постер қорғау).


  1. Топпен ән айту.

«Сен маған сүюді үйреттің»

Әні: Ербол Байырбеков

Сөзі: Ақмарал Леубаева

 

  1. Сен мағансүюдіүйреттің,

Ұмытыпкеткенедім.

Басымдыиюдіүйреттің,

Тәкаппарөктемедім ...

 

Шынайыкүлудіүйреттің,

Нөсерлікөктемедім.

Өмірдісүрудіүйреттің,

Ұстазсызмектепедім.

 

Қайырмасы:

Сен мағанұшқандыүйреттің,

Тордағыбұлбұледім.

Сезімменқұшқандыүйреттің,

Күдікшілқұмбыледім. (2 рет)

 

  1. Кімдос, кімдұшпандыүйреттің,

Уайымшылбірмұңедім.

Иіскепқысқандыүйреттің,

Құшақсызбіргүледім.

 

Шынайыкүлудіүйреттің,

Нөсерлікөктемедім.

Өмірдісүрудіүйреттің,

Ұстазсызмектепедім.

 

Қайырмасы:

Сен мағанұшқандыүйреттің,

Тордағыбұлбұледім.

Сезімменқұшқандыүйреттің,

Күдікшілқұмбыледім. (2 рет)


7. Үй тапсырмасы:

Оқулықтағы 36 беттегі М.Шаханов «Ғашықтық ғаламаты» (үзінді) оқып келу.


8. Соңғы тыныштық сәтi:

Музыка қойылады. Бүгінгі сабақта аталған құндылықтың қасиеттерін жүректеріңізге сақтап алыңыздар. Рахмет! Сау болыңыздар!



Әдебиеттер:

  1. «Өзін-өзі тану» мұғалімге арналған әдістемелік құрал. 11-сынып «Бөбек» , Алматы 2010 ж.

  2. «Өзін-өзі тану» оқулығы 11-сынып «Бөбек», Алматы 2010 ж.

  3. Самопознание. КZ мамыр №5 2014ж.

  4. «Әндер жинағы» Алматы 1999 ж.




































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 мамыр
1786
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі