400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. Махамбет 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Махамбет оқуы
Сабақтың мақсаты:
ХІХ ғасырдың бірінші жартысында сұрапыл жырлармен халықты күреске шақырып үндеген Махамбеттің ақындық дарынын  өлеңдері арқылы оқушыларға түсіндіре отырып, мектеп оқушылары арасында ақын өлеңдерін жатқа айтушылар мен арнау  өлең иесі ақындардың өлеңдерін сарапқа салу.Өмірі мен өлеңдерінің ерекшелігін аша отырып, күйлері, термелері жөнінде түсінік беру. Ерлікке, Отанды қастерлеуге шақыру.
Өршіл жырлары арқылы ерлікті ту еткен Махамбеттің ерлігін қастерлеуге баулу, елінің адал азаматы болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс — тәсілдері: баяндау, ойды жинақтау,сайыс
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, видео, үнтаспаға жазылған ән

Сабақтың барысы

1. Ұйымдастыру. Оқушыларды топқа бөліп отырғызу.

  1. Жаңа сабақ.
    Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Халықтың азаттығын көксеген күрескер, ел бастаған батыр,өр рухты ақын М.Өтемісұлы ерліктің  символы,қасіреттің синонимі іспеттес.

От ауызды сөз шебері,батырлығы,даналығы мен адамгершілігі арқасында халық арасында даңққа бөленген Махамбет өлеңдері ,күйлері,әндері,ерлігі мәңгі ел есінде.
— Оқушылар бүгін бізде ерекше күн.
Қазақ тарихында бүкіл өмірін ел азаттығына арнап, осы қасиетті мақсат жолында жалын боп жанып өткен біртуар тұлғалары-мыздың бірі, 1836-38 жылдары Бөкей ордасында болған ұлт-азаттық көтерілістің жаршысы сол қаһарлы күрес күндерінің шындығын жырларына арқау еткен еркін ойдың иесі ақиқаттың ақ алмасы боп жарқыраған ердің бірі – Махамбет Өтемісұлы.
Сонымен қатар батыста ғана емес, бүкіл Қазақстан тарихы мен әдебиеті, мәдениеті тарихында ойып тұрып орын алатын, қасиетті Дендер топырағын мәңгілік мекен еткен қайталанбас өр тұлға, ақберен батыр, ақиық ақын Махамбет Өтемісұлының туғанына 210 жыл толып отыр.
Бүгінгі күні дауылпаз ақын, Махамбет бабамызды тану және таныту - ұрпақтар парызы әрі мәңгілік жалғасатын дәстүр. Олай болса, құрметті оқушылар және ұстаздар, Махамбет Өтемісұлының батырлығын дәріптеу, шығармашылығын насихаттау мақсатындағы мектепішілік Атадан туған аруақты ер атты жас дарындар байқауына қош келдіңіздер!

Ақын өлеңін тыңдату.
Жүргізушілерге сөз беру.
 «Махамбет оқуы»байқауы ІІ кезеңнен тұрады

  1. «Ерлік пен елдіктің ерен рухы»

  2. Махамбет оқуы

  3. Ақын өлеңін тыңдату.
    1.«Ерлік пен елдіктің ерен рухы»Жүргізушілер ақын өмірінен мағлұмат беріп өтеді.

Махамбет Өтемісұлы1846 жылы Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысының Махамбет ауданында дүниеге келген қазақтың әйгілі ақыны, күйші композиторы.
Отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті ұйымдастырушылардың бірі халықты патшалық, хандық өкіметке қарсы қарулы көтеріліске шақырған алғашқы қазақ жыршысы
/Осы сызба арқылы ақын өмірінен мәлімет беремін./

Менің атым – Махамбет,
Жасқұстағы Жәңгір хан
Ісінен болдым құса - дерт.
Атасы өткен Айшуақ
Соны көзі көрді ғой:
Менің атам Өтеміс
Елдің қамын жеді ғой - деген жалынды отты сөздерін еске ала отырып мына көрініске назарымызды салайық.

Көрініс:
Сарайда отырған Жәңгір хан. Айналасында Баймағамбет сұлтан, сарайдың билері, уәзірлері, т. б.
Жәңгір хан Махамбетті шақырып: - Ау, Махамбет! Арамызда шыққан от ауызды, орақ тілді ақын емессің бе? Жырла мені мақтап мына жұртқа.
Махамбет: - Айтсам айтармын хан Жәңгір, жұртқа жасаған ісінді. Қарапайым халықтың ақысын жеп, табаныңа таптамадың ба мына жұртты?
- Хан емессің қасқырсың,
- Қас албасты басқырсың.
- Достарың келіп табалап,
- Дұшпаның келіп басқа ұрсын.
- Хан емессің аянсың,
- Айыр құйрық шаянсың.- деп, айта бергенде

Жәңгір хан: - Тоқтат! Жетеді енді.
- Оқушылар, Махамбеттің бойындағы ер жүрек, батырлығын, қайсар, тік мінездігілігін неге баласақ болады?
- Намысқа тырысқан жігерлі, күшті де көсем тұлғаға балаймыз
2.Махамбет оқуы

1 оқушы

Ау, қызғыш құс, қызғыш құс,
Қанатың қатты, мойның бос.
Исатайдан айырылып,
Жалғыздықпен болдым дос.
Ау, қызғыш құс, қызғыш құс,
Ел қорыған мен едім
Мен де айырылдым елімнен
Көл қорыған сен едің,
Сен де айырылдың көліңнен.

2-оқушы
Толарсақтан саз кешіп,
Тоқтамай тартып шығуға
Қас үлектен туған катепті
Қара нар керек біздің бұл іске.
Қабырғасын қаусатып,
Біздің бүйткен бұл іске т.б

3.Әділ-қазыларға сөз беру

 Қорытынды
Ақыры жетті күн бүгін,
Ақырып теңдік сұраған.
Түнектің түріп түндігін,
Ат міндің сұлу құладан.
Парызың бүгін өтелген,
Әр ізің жатыр жаңғырып.
Азаттық туын көтерген,
Ақынның жыры мәңгілік!
 

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 қаңтар
630
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі