400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 23 материал табылды

Ашық сабақ Махамбет Өтемісұлы "Мен, мен едім, мен едім"

Материал туралы қысқаша түсінік
Махамбеттің өлеңдері арқылы оқушы бойындағы халқына, еліне деген рухтық сезімдерін ояту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары

Бөлім:

Тарихи шындық пен көркемдік шешім

Педагогтің Т.А.Ә.

Токтасынова Камшат Жаныбековна

Күні:

06.12.21

Сынып: 9 «К»

Қатысушылар саны: 25

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы

Махамбет Өтемісұлы " Мен, мен едім, мен едім" өлеңі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

9.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану

Сабақтың мақсаты

Шығармашылық жұмыстар арқылы оқушылардың таным белсенділігін, өзіндік ізденісі мен ой қорыту қабілеттерін, сыни тұрғыда ойларын, тілдерін дамытады. Сөйлеу мәдениетін қалыптастырады, жетелеу сұрақтары арқылы белсенділігін, ой еркіндігі мен танымын арттыруға жұмыс жасайды.

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Ұйымдастыру

5минут

Оқушылармен амандасу. Кезекшімен сұхбат.

Бүгінгі күнге жақсы тілек сізден...

Ынтымақтастық орта құрады.

Үй тапсырмасын сұрау:

С.Ж. Тақырыпты болжау: «Зымыран сұрақтар» әдісі

Тақырыпты болжап, өткен білімдерін қайталау мақсатында сұрақтарға жауап беріңдер.

1. М. Өтемісұлы кім?

2. Қандай шығармаларын оқыдыңдар?

3. Махамбет өлеңдерін қандай тақырыпта жырлаған?

4. Махамбеттің арманы не еді?

Оқушылар амандасады. Кезекшілер жауап береді.

Сабаққа Қуаныш, Ұлан, Мадиас, Манас, Алан, Бекжан, Нұрбек, Расул, Ануар С, Ануар, Нұрбек тілектерін айтады, сұрақтарға жауап береді.

Топ жетекшілерін сайлайды.

«Жарайсыңдар!», «Жақсы!»

Мадақтау сөздер!

Оқулық, қалам, дәптер,

Белсенді тақта


Қызығушылықты ояту

5минут

Махамбеттің есімі – өмірдегі қасіреттің синонимі, өнердегі қасиеттің символы. Махамбет өлеңі – қазақ сөзінің қайталанбас құдіреті: әрбір буыны мен бунағы, тармағы мен шумағы мұншалық тап–таза корғасыннан құйылған ап-ауыр асыл сөз қазақтан басқа жер бетіндегі ешбір елдің өлең-жырында жоқ, оның өзге тілге оңай аударылмайтыны да сондықтан.

(3.Қабдолов)

- Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай?

- Қандай мақсат қояр едіңдер?

- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Махамбет Өтемісұлының «Мен, мен едім, мен едім» өлеңі

Қорытынды сабақ.

Сабаққа бағалау дескрипторларын құрып көріңдер!

Сабақтың тақырыбын айқындайды, сабаққа мақсат қояды.















Оқушылар сабақтың тақырыбын болжайды. Сабаққа мақсат қояды.



Оқушылар бағалау дескрипторларын құрады.

Оқушылар сабақ барысында бағалау дескрипторларын құру арқылы өздері бағалайды.

Бағалау дескрипторы:

1.Өлеңнің мазмұнын түсінеді-2 балл;

2. Өлең мазмұны арқылы Махамбет бейнесін ашады-2 балл;

3.Сыни көзқарасын білдіреді- 2балл;

4.Бүгінгі өмірмен байланыстырады-2 балл;

5.Қорытынды ой шығарады- 2балл



Белсенді тақта, оқулық, А4, қалам, қарындаш

Мағынаны ажырату

5минут

10 минут



Т./Ж.

1-топ. Автор стиліндегі «Мен» сөзінің мағынасын анықта. Топтастыру жасаңдар!

2-топ. Өлең мазмұны негізінде Махамбет өмір сүрген кезеңі мен бүгінгі күнді салыстыр. «Т» кестесін толтыр.

3-топ. Махамбет және Тәуелсіздік. Махамбетке арнап ойтолғау жазыңдар!


Топтар берілген тапсырмалар бойынша өз жұмыстарын атқарады.

1-топ. Топтастыру жасайды.

2-топ. Махамбеттің өмір сүрген кезеңі мен бүгінгі күнді салыстырады.

«Т» кестесін толтырады.

3-топ. Махамбет және Тәуелсіздік. Оқушылар Махамбетке арнап ойтолғау жазады.

Қалыптастыру-

шы бағалау «Үш шапалақ»


Бағалау дескрипторлары арқылы бағалайды.

А4, А3 қағаздары

Маркер, дәптер

Ой толғаныс

10минут


5минут


Шығармашылық жұмыс. «Жансызға тіл бітіру» деп аталады. Топ жетекшілері үстел үстіне қойылған қамшы, қылыш, шырақ, кітап, үкі т.б заттардың ішінен біреуін таңдайды. Бүгінгі сабақпен байланыстырады.

«Еркін жазу» әдісі арқылы Махамбеттің Менін таныдыңдар, «Мен» сөзінің мағынасын өздеріңе қаратып, өздерің жайлы не айтар алар едіңдер?

Топ мүшелері бірлесе отырып, алған заттарын бүгінгі сабақпен байланыстырып, қорғап шығады.

Әр оқушы дәптеріне мен сөзінің мағынасын ашып, жазады.

Бағалау дескрипторлары арқылы бағалайды.

Дәптер, қалам

Рефлексия

5минут



Бүгінгі сабақтан не білдім?

Не алдым?

Мақсатыңа жеттің бе?

Оқушылар жалпы сабақ бойынша ойларын қорытындылайды.

Топ жетекшілері бағалайды.

«Жарайсыңдар!», «Жақсы!»

Мадақтау сөздер!









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
02.01.2023
653
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі