Ашық сабақ: М.Әлімбаев "Шынықсаң, шымыр боларсың"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ: М.Әлімбаев "Шынықсаң, шымыр боларсың"

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал барлық сынып оқушылары мен мұғалімдеріне қажет.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Олимпиада жеңімпаздары –Қазақстан мақтанышы.


Мектеп: : «Семей қаласындағы №6 гимназиясы» КММ


Күні: 16.03.18

Мұғалімнің аты-жөні:

Адикова Айсулу Ахметказыевна

Сынып: 6 Пәні: қазақ тілі

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

М.Әлімбаев «Шынықсаң, шымыр боларсың».

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.Т6 Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде шынайы өмірмен байланыстырып жауап беру.

6.Ж4 Мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер, сызба-кестелер жасау.

6.ТБ2 Жазба жұмыстарында сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтай отырып жай сөйлем құрастыру.

Сабақ мақсаттары



Барлық оқушылар орындай алады:

М.Әлімбаев «Шынықсаң, шымыр боларсың» өлеңінің мазмұны негізінде шынайы өмірмен байланыстырып жауап береді.

Мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша кесте толтырады.

Жазба жұмыстарында сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтай отырып жай сөйлем құрастырады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: М.Әлімбаев «Шынықсаң, шымыр боларсың» өлеңінің мазмұнын қара сөзбен айтады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Денсаулыққа зиянды тағамдар туралы жарнама жазады.

Бағалау критерийі

  • тыңдалған өлең мазмұны негізінде мәліметтер жинақтайды.

  • мәліметтер жинақтап, шынайы өмірмен байланыстырып кесте толтырады.

  • өлеңнің мазмұнын қара сөзбен айтады.

  • денсаулыққа зиянды тағамдар туралы жарнама жазады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады: Өлеңнің мазмұны негізінде шынайы өмірмен байланыстырып жауап береді. Кесте толтырады, жай сөйлем құрастырады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: шымыр, шынығу, иіліп, жаттығу, қақпаға туралап, безек қағады, қарлығашқа ұқсайды, қанат жаяйық.

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Талқылауға арналған сұрақтар:

Қазіргі таңда жаттығу жасайтын адамдар көп пе?

Сендер күнде жаттығу жасайсыңдар ма?

Жаттығу қай кезде жасалады?

Не себепті ..... деп ойлайсыз?

М.Әлімбаев «Шынықсаң, шымыр боларсың» өлеңі не себепті осылай аталған деп ойлайсыздар?

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының «Зайырлы қоғам және жоғарғы руханият» тармағы.

Оқушыларды салауатты өмір салтын сақтауға баулу.

Пәнаралық байланыс

Дене шынықтыру , бейнелеу өнері

Алдыңғы оқу

М.Әлімбаевтың өмірбаяны туралы біледі.

Жоспар

Сабақтағы жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

6 минут

2 минут






2 минут






2 минут

1.Ұйымдастыру кезеңі.


2.Психологиялық ахуал туғызу.

  • оқушылармен «Жүректен жүрекке» әдісін өткізу. Жұптасып отырған балалар бір-біріне сабақ басында жақсы тілектер айтады.


  • шағын топтарға спортқа қатысты суреттер бейнеленген пазл үлестіріледі.Сол пазл суреттері бойынша оқушылар топтасады. (доп, асық, зілтемір)


«Атаулар туралы 3 сұрақ» әдісі арқылы ой қозғау.

1.Не? доп, асық, зілтемір.

2.Қандай? ала, алтын, ауыр.

3.Қайда? футболда, ұлттық ойында, ауыр атлетикада.


3.Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаттары,бағалау критерийлерімен таныстыру.





Прямая со стрелкой 6 Прямая со стрелкой 8 Прямая со стрелкой 9










Сабақтың ортасы

28 минут

3 минут


10 минут



















15 минут

1-тапсырма.Ж. Т.Ж

М.Әлімбаевтың «Шынықсаң, шымыр боларсың» өлеңін тыңдайды.

(2 рет тыңдалады).


«Диалогтік билет» әдісі арқылы тыңдалған өлеңді талқылайды.Әр топтан екі оқушыдан шығып шеңбер құру арқылы, өлең бойынша 3 сөйлемнен пікірлерін, ойын білдіреді.

Дескриптор

  • өлең шумақтары бойынша өз ойларын айтады.

  • не туралы екенін түсінеді.

  • басты ақпаратты есте сақтайды.


  • М.Әлімбаев «Шынықсаң, шымыр боларсың» өлеңінің мазмұнын қара сөзбен айтады.(көпшілігі)


Қ.Б қол сигналдары арқылы бір-бірін бағалайды.



2-тапсырма.Т.Ж

«Суреттерді сөйлет» әдісі арқылы кесте толтырады. Тақырып бойынша оқушылар алдарында жатқан өлеңді оқиды.Топқа әр өлең шумақтары бойынша суреттер беріледі. Сол суретпен өлеңде айтылған ойды байланыстырып жай сөйлем құрастырады.

Дескриптор

  • өлеңнің желісінен (әр шумақтан) мәліметтер жинақтайды.

  • сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтай отырып жай сөйлем құрастырады.

  • шынайы өмірмен байланыстырып кесте толтырады


  • «Жарнама жасау» әдісі арқылы денсаулыққа зиянды тағамдар туралы жарнама жазады.(кейбірі)




Қ.Б Смайликтер арқылы бір – бірін бағалайды.


аудио
































Сабақтың

соңы

6 минут






3-тапсырма

«5-5-1» әдісі. Оқушылар тақырып бойынша бес сөйлем айтады.

Осы бес сөйлемнен бес сөзді таңдап алады.

Бес сөзден тақырыпқа қатысты бір сөз таңдап алып сабақты қорытындылайды.


Кері байланыс: «Жетістік баспалдағы».










Қосымша мәлімет

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс – денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)

Барлық оқушыларға тапсырма модельдеумен ұсынылады. Оқушылардың көпшілігі

М.Әлімбаев «Шынықсаң, шымыр боларсың» өлеңінің мазмұнын қара сөзбен айтады.

Кейбір оқушылар денсаулыққа зиянды тағамдар туралы жарнама жасайды.



Қ.Б қол сигналдары, смайликтер арқылы арқылы бір-бірін бағалайды.

Кері байланыс: «Жетістік баспалдағы».



М.Әлімбаевтың «Шынықсаң, шымыр боларсың» спортқа қатысты болғандықтан дене шынықтыру сабағымен байланыстырамын. Тәрбие элементі оқушыларды салауатты өмір салтына баулу.

Сабақ бойынша рефлексия

  • Сабақ мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма, қолжетімді болды ма?

  • Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқу мақсатына қол жеткізбеген болса неліктен деп ойлайсыз?

  • Сабақ қалай және қандай деңгейде өтті?

  • Жоспарланған саралау дұрыс іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

  • Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?

  • Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма, неліктен?

  • Осы жоспарға қандай өзгеріс енгіземін және неге?


Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты):

1.

2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
19.11.2018
4722
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі