жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Мәліметтер пішімі" 7-сынып
ҚМЖ
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Ақпарат және оны өңдеу» Күні: Сынып: 7 А, Б |
Мектеп: Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназия Мұғалімнің аты-жөні: Алипбаева А.Е.
Қатысқандар: қатыспағандар: |
|
Сабақтың тақырыбы: Мәліметтер пішімі |
||
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) |
7.3.3.1 деректердің типін жіктеу. |
|
Сабақ мақсаттары |
|
|
Бағалау критерийі |
Кестемен жұмыс барысында деректер типін анықтай алады; Электрондық кесте ұяшығындағы деректер типін ажырата алады;
|
|
Тілдік мақсат |
Пәндік лексика және терминология: Формат, ұяшық, шекара, қаріп, сан. Оқылым және жазылым. Мәтін-текст-text Cан-число-number Формула-формула-formula Пайыздық-процентный-percentage Қаржылық-денежный-monetary Бөлшек-дробный-fractional Күні-дата-date. |
|
Құндылықтарға баулу |
Жауапкершілігі мол, белсенді, азаматтық ұстанымы бар және жоғары жетістіктерге қол жеткізуге ұмтылады. |
|
Пәнаралық байланыс |
Орыс тілі, ағылшын тілі |
|
АКТ қолдану дағдылары |
Компьютер, проектор |
|
Алдыңғы білім |
Мәтіндік процессордағы кестелер |
|
Сабақ барысы |
|||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 7-8 минут Психологиялық дайындық Үй тапсырмасын сұрау |
Сәлемдесу «Мозайка» әдісі бойынша жұптарға біріктіру. Психологиялық көңіл күйді көтеру үшін видеоролик ұсыну. «Сұрақ-жауап» әдісі арқылы өткен тақырыпты сұрау.
|
Қағаз қиындылары Видео
Кеспе қағаздар |
|||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 25 минут
|
Электрондық кестенің ұяшықтарына мәліметтердің келесі үш типін енгізе аламыз. Ол мынадай типтер:
Енгізілетін мәліметтің сан немесе формула екенін оның алғашқы символына қарап анықтайды. Егер енгізілетін символдың біріншісі сан болса, онда оны сандық типке жатқызамыз. Егер біріншісі теңдік белгісі болса, формула деп қабылдайды. Егер бірінші символымыз әріп немесе апостроф болса, мәтін деп қабылдайды. Сандарда ондық сандар немесе қарапайым бөлшек және пайыз символы көрсетілген сандар, сонымен қатар мерзім мен уақыт түсінігі беріледі. Сандарды пішімдеу бетте мәліметтерді ыңғайлы көрсету үшін қолданылады. Мәліметтер енгізу Enter пернесін басумен жүзеге асырылады. Санды пішім: математикалық және финанстық есептерде санның үш түрлі пішімде жазылуы қолданылады. Кәдімгі санды пішім, қаржылық және мерзімдік. Мәтіндік пішім: мәтіндік пішім мәтіндік жолдар мен цифрлармен көрсетілген санды емес мәліметтерді жазу үшін қолданылады. Бұларға жататындар тіркеу нөмірлері, поштаның индексі, телефонның нөмірі. Әдетте кестелер қайталанатын, біртекті мәліметтерден тұратындықтан, Excel программасының енгізуді автоматтандыратын құралдар беріледі. Оларға жататындар автолтыру, формулалармен автотолтыру. «Автотолтыру» 3 жағдайда қолданылады.
Формула жазуды түсіндіру. №1-тапсырма. Жұппен жұмыс. Электрондық кестемен жұмыс істеу барысында деректер типін дұрыс ажырата білу дағдысын дамыту мақсатында «Сәйкестікті тап» әдісі қолданылады.
Дескриптор:
Қалыптастырушы бағалау
№2-тапсырма. Практикалық жұмыс. А1 ұяшыққа 1 санын жазамыз. Тінтуірдің көрсеткішін А1 ұяшықтың төменгі бұрышына алып барып, сол жақ батырмасымен баса отырып, төмен қарай А10 ұяшығына дейін жылжытамыз. В1 ұяшыққа 1 санын, В2 ұяшығына 2 санын жазып, 1-10 ға дейінгі сандарды В1:В10 ұяшықтар диапазонына автотолтыру арқылы толтырамыз. С1 ұяшығына 01.12.2018 деп жазып, С1:С10 ұяшықтарын автотолтыру арқылы толтырамыз.
Дескриптор: 1. Үлгі бойынша кесте құрады 2. А бағаны бойынша автотолтыруды орындайды 3. В бағаны бойынша автотолтыруды орындайды 4. С бағаны бойынша автотолтыруды орындайды Қалыптастырушы бағалау
№3-тапсырма. Практикалық жұмыс. Заттардың сомасын және жалпы сомасын анықтау.
Дескриптор: 1. Үлгі бойынша кесте құрады 2. Формула бойынша соманы табады. 3. Автотолтыруды пайдаланады 4. Автосумма арқылы жалпы соманы табады Қалыптастырушы бағалау |
Презентация
Компьютер
Смайлик
Компьютер
Смайлик |
|||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут |
Сабақты қорытындылау «Тест» Сабақты жинақтау үшін оқушыларға 5 сұрақтан тұратын «Тест» тапсырмасы таратылады.
Plickers бағдарламасы арқылы тест алып, қорытындылау. Қалыптастырушы бағалау. Оқушылардан кері байланыс алу. Үйге тапсырма: 3.4-параграф. Мәліметтер форматы |
Үй тапсырмасын оқушылар күнделікке жазады. |
|||||||||||||||||||||||||||
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
|
|
Мен сабақта қолданған осы әдістерім арқылы өз мақсатыма жетемін деп ойлаймын. Қабілеті жоғары, қарқынды оқушыларға шығармашылық, зерттеушілік бағытта тапсырмалар дайындаймын. Ал кейбір оқушыға қажеттілігіне қарай диалог арқылы қолдау көрсетемін |
1.Топтық, жұптық кезінде оқушыларды мадақтау сөздер арқылы бармақбасы мен екі жұлдыз, бір ұсыныспен бағаладым. 2.Жұптық жұмыс арқылы оқушылардың бірлескен әрекетін бақылау, өзін өзі бағалау бойынша жетістіктерін айқындау.
|
Кауіпсіздік ережесін еске түсіру
|
|
Рефлексия Сабақ \оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? |
|
||
Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1:
2:
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? 1:
2:
|
|||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген