Ашық сабақ "Мамандық – жетістік мерейі" 11-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Мамандық – жетістік мерейі" 11-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға мамандық таңдау, олардың негізгі түрлері, классификациялық белгілері, мамандықтар тобы, таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта-ықыласын арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: «ЖББ №20 орта мектебі» КММ

Мерзім: 22.12.16 ж.

Сабақ: № 16

Тақырып: Мамандық – жетістік мерейі

Құндылық: дұрыс әрекет, ішкі тыныштық

Қасиеттер: сенім, адалдық, кішіпейілділік

Мұғалім: Жумагулова Н.А.

Сынып: 11

Оқушылыр саны: 12

Сабақ мақсаты: оқушыларға мамандық таңдау, олардың негізгі түрлері, классификациялық белгілері, мамандықтар тобы, таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта-ықыласын арттыру.

Міндеттері:

-         Кәсіптік мамандықтарды таңдаудың негізгі типтері мен факторлары туралы түсінік беру;

-         Кәсіптік бағдар беру;

-         Кәсіптік мамандықтарға деген ынта-ықыластарын анықтау және т.б.

Сабақ түрі: тренинг.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, ақ парақтар, мамандық аттары жазылған

карточкалар, доп, түрлі түсті парақтар, ақ ватман.

Әдіс-тәсілдері: түсіндірме жұмыстар, психологиялық тест, сауалнама,

дидактикалық ойындар

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі : сәлемдесу,түгендеу

ІІ. Тыныштық сәті (2-5 минут)

Баяу әуен қосылып тұрады. Балалар денемізді тік ұстап, ыңғайланып отырамыз. Көзімізді жұмамыз. Тыныштық бар жерде.... Тыныштық бар әлемде.... Күлімдеген күн, әсем табиғат, барлық адамдардың жүзі мейірімге толы, қандай әсем, қандай керемет. Біздің де жан дүниеміз бір тыныштық тапқандай бір рахат күйдеміз. Осы сезімімізбен біраз уақыт өз жан дүниемізге үңіліп жақсы ойға шомайық.

Тренинг ережелері:

1. Сыйластық;  2. Тыңдай білу;  3. Сөзді бөлмеу;  4. Белсенділік таныту;  5. Шығармашылық;  6. Төзімділік;  7. Түсіністік қарым-қатынас.

  1. Оқушыларды геометриялық фигуралар арқылы (өз таңдаулары бойынша) 4 топқа бөлу.

  • Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналана Сенен үздік администратор шығады, бірақ саған өзіннің кәсіптік мамандығынды менеджментпен байланыстырмауға ұсыныс айтамын.

  • Зигзаг.  Сенде әсемдікті көре білу қабілетін жоғары қалыптасқан, сондай- ақ  шығармашылық қабілетін, ой- өрісін дамыған. Сенде табиғи өткіройлылық бар, өз айналана қабілетті адамдарды жинай аласын. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.

  • Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен  өз әріптесінді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесін, басқаның ауырпатылығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан.Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән

емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың және саған менеджмент

саласындағы мамандықтар сәйкес келмейді. Сенен үздік психолог

шығуы мүмкін.

  • Үшбұрыш . Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныннан шықпайсың, абыройлысың. Сен

қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің,

жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігін бар.Саған

менеджмент саласын меңгеру ұсынылады.Сенде

адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілеті

баршылық.

ІІІ. Сабақтың дәйексөзімен таныстыру:

Еңбек атаулының бәрі де бағалы,өйткені ол адамды ізгілендіреді

Л.Н.Толстой.

! Лев Николаевич Толстой (28 тамыз (9 қыркүйек) 1828 жыл, Ресей империясы, Тула губерниясы Ясная Поляна  7 қараша (20 қараша) 1910, Астапово, Рязань губерниясы, Ресей империясы) - орыс әдебиетінің әлемге аты шыққан жазушысы, ағартушы, публицист[1].

Ең танымал үш шығармасы – "Соғыс және Бейбітшілік" ("Война и Мир"),

"Анна Каренина",

"Жексенбі" ("Воскресенье").

  1. Әлемдегі ең үлкен қателіктің бірі — ештеңе істемей бақытты болуға болады дегенге сену.

  2. Әр адам үшін өмірдің мәні – сүйіспеншілікте өсуі.


                  2. Негізгі бөлім. Кіріспе.

         Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Адам өзінің болашақ кәсібіне әр түрлі жолдарымен келеді. Біреулер үшін ойға алған арманның орындалу, отбасы дәстүрін жалғастырушы, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулер үшін – әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң, т.б. Мамандықты таңдау үшін, ең алдымен өзің, өз бейімділігін тануы қажет. Дұрыс таңдалмаған мамандық әсері мамандық иесінің ғана емес қоғамға кері әсерін тигізеді. Өз-өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген адам сұрақ қоймайтын кем де кем. Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Осы көп салалы мамандықтарға әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қоса алатындай болуы шарт.

         Мамандық таңдау – өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай-ақ өз мамандығының 10-20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі.Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады. Қоғамның дамуында мамандық иелерінен жоғары кәсіби біліктілікті, коммуникативттік қабілетті, еңбек етуге деген сүйіспеншілікті, қызығушылықты, өз мамандығы бойынша біліктілігін арттыруға даяр болатын мамандық иесін талап етеді.

         «Әріпті мамандық» ойыны. Әр топқа бір әріптен беріледі. Қай топ сол әріптен басталатын мамандық аттарын көп тапса, сол топ жеңіске жетеді. Сонымен қатар өздері тапқан мамандықтарының қыр-сырын айту керек.

         1 топ: «А»,

2 топ: «С»,

3 топ: «Д».

4 топ «Б»


         «Болашақтан хат» жаттығуы.

         Кіріспе әңгімелесу:

         Балалар! Сендер есейіп, мектепті аяқтап, жан-жаққа қанат қағып, ұшатын кездерің де болады. Іштеріңде көптеген балалар болашақта кім, қандай маман иесі болатынын әлден біледі. Және кейбіреулерің әлі де кім болатындарын білмейді.

         Мен барлығыңның армандарыңның орындалғандарын қалаймын, ал енді мына нәрсені ойласайық. Үлкен білім әлеміне алғаш есікті айқара ашатын адам туралы сыр шертейік. Иә, әрине ол ұстаз. Кейде біреулер мектепті бітіреді де мұғалімін ұмытып кетіп те жатады. Мен сендерді өз мұғалімдеріңді ұмытпайды, хат жазып тұрады деп ойлаймын.

         Ал бүгін алғашқы хатты жазып, жаттығып көрейік. Ол үшін сендер өздеріңді мектеп бітіріп қойдым, ересекпін, қызметім бар, жеке өмірім бар деп елестетіңдер.

Жоспары:

         1. Амандасу.

         2. Өзі туралы әңгімелесу.

         3. Кәсібі туралы.

         4. Қоштасу.

         Бұл жұмыс өте қызықты. Тек тапсырмаға шығармашылықпен қатысуға тырысу керек.

         «Мамандықты тап» ойыны.

         Тренингке қатысушыларға карточкаларға жазылған мамандықтар таратылады, ал олар сол мамандықтарды ыммен көрсетуге тырысу керек. Қалғандары мамандықты табу керек.

         Хатшы.

Мұғалім.

Кітапханашы.

Бухгалтер.

ІҮ. Қорытындылау:

Сабақты қорытындылау кезеңінде оқушыларыдан бас бармақ арқылы бағалау ұсынылады.

Тренингтен алған әсерің...

        Оқушылар өз ойларымен бөліседі.

Ү. Соңғы тыныштық сәті .



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.10.2018
866
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі