400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Мамандық таңдау 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалда 10 сыныпқа арналған сабақ жоспары берілген. Осы сабақ арқылы оқушылардың мамандық таңдаудағы өз ойларын білуге болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ: қазақ тілі

Сынып: 10 «ә» — сынып

Раева А.Д

Сабақтың тақырыбы:

Мамандық таңдау


Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға бағыт – бағдар бере отыра өтілген тақырып бойынша тікелей түсінік алу, өмірде мамандық таңдаудың маңызды екенін ұғындыру, балаларды көркем таза тілде сөйлеуге тәрбиелеу


Ресурстар:

таратпа қағаздар, қосымша оқулықтар, маркерлер, плакаттар, стикерлер



Мұғалім әрекеті:

Оқушы әрекеті:

Сабақ барысы

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Психологиялық тренинг Сабақты бастамас бұрын сыныппен жылы амандасады, ынталандыру жұмысын жүргізуді ұйымдастырады

Оқушылар орындарына отырады, сабаққа дайындалаы, оқу-құралдарын дайындайды

Кезекші оқушы мұғалімге есеп береді

Үй жұмысын тексеру


Сұрақ-жауап /диалогтік оқыту


Мұғалім оқушыларға өткен тараулар бойынша сұрақтар қояды

Терминдер туралы түсінік сұрау

Оқушылар мұғалімге жауап береді. Бір-бірін толықтырады.

Түсіндіру

Ресурстар таратып беремін, парақшалар таратылады, тапсырмалармен, плакат, маркер, стикерлерді беремін Окушылар танысады, бір-бірден шығып тапсырмаларды алады, орындайды. Балаларға бағыт беру. Оқушылармен жаттығу жұмыстарын орындау.

Оқушылар топтарға бөлініп, өздерінің іскерлік туралы түсініңтерн плкактқа жазып түсіндіреді

Талдау

Балалар, дайын болсаңыздар ортаға шығып әр топ өздерінің мамандық таңдаудағы өз ой- пікірін ортағасалу, талдау.


Әр топ ортаға шығып жазған дүниелерін талдайды, бір-біріне түсіндіреді, бірін-бірі топ басшылары бағалап отырады. (оқушы жауабы).

Бақылау, қадағалау, ой қосу.

Мұғалім әр топты бақылайды, қадағалайды әр топ басшысы шығып және топ мүшелері ортаға шығып қорғайды.


Қорытынды

Мұғалім мен оқушы арасындағы диалог. Оқушылар бір – біріне сұрақтар қояды.


Оқушылар жауап береді, бір-бірінің ойын толықтырып отырады.

Бағалау

Мұғалім бағалау парашаларын таратып береді.

Әр топ басшысы шығып топ мүшелерінің барлығын өздері стикерге жазып бағалайды.

Үй тапсырмасын беру

Ырым- тыйымдар, Күнделіктеріне жазып алады.

























Күні: 11.03.2019

Сыныбы:10 а

Сабақ; әдебиет

Cабақтың тақырыбы:

ЭССЕ. Абайдың балалық шағы

Сабақтың мақсаты:

Абайдың өскен ортасы мен жастық кезеңін өз сөздерімен айта алу. Мәтіндерді оқу, өлеңдерін жатқа айту, әндету.

оқушыларға Абайдың ұлылығын, оның поэзиясының тереңдігін түсінуіне ықпал ету. Отанын сүю, өскен ортаны бағалау, құрметтеу сезімдерін оятып, нығайту. Абай мұрасына қызығушылығын арттыру.

Сабақтың әдісі:

сұрақ - жауап, мәнерлеп оқу.


Сабақтың барысы:


І. Ой қозғау.

- Балалар, төмендегі өлең жолдары кімдікі?

1. Сұр бұлт, түсі суық, қаптайды аспан,

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.

2. Ақ киімді денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.

3. Желсіз түнде жарық ай,

Сәулесі суда дірілдеп. Бүгінгі біздің сабағымыз қазақ халқының ұлы ойшыл ақыны Абай Құнанбайұлы шығармашылығына арналады.

Қазақ халқының ұлы ақыны Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы 1845 жылы қазіргі Семей облысының Абай ауданында туған. Абайдың әкесі білімді, беделді адам болған. Шешесі Ұлжан қайырымды, мінезі жұмсақ, тілге бай адам еді. Әжесі Зере мен анасы Ұлжан Абайға ертегі, аңыз әңгімелерді айтып, тәрбиелеп отырды. Әкесі Құнанбай Абайды 9 жасында Семейдегі діни мектепке береді. 13 жасында үш ай орыс мектебінде оқиды.

Абай Пушкин, Лермонтов, Крыловтың шығармаларын көп оқып, қазақ тіліне аударды. Абай аударған Пушкиннің «Татьяна әні», Лермонтовтың «Қараңғы түнде тау қалғып» деген өлеңдеріне ән де шығарды.

Ол қазақ халқын мәдениетке, орыс халқымен дос болуға шақырды.

Абай Құнанбайұлы 1904 жылы қайтыс болды. Шығармалары 1909 жылы Петербургте жарық көрді. Қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Омарханұлы Әуезов «Абай жолы» эпопеясын ақын өміріне арнады.

Абайдың әйгілі шығармалары: 45 қара сөзі, «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Ғылым таппай мақтанба» т. б.

Республикамызда көптеген мектептер және көшелер Абай есімімен аталады.

Абай атында қала, аудан бар. Абай Құнанбайұлы – қазақ халқының ұлы ақыны, композиторы және жазба әдебиетінің негізін қалады.


Негізгі тапсырмалар.

1. Абай балалық шағында не істеді? Әкесі (шешесі, әжесінің) аты кім болған?

2. Тірек сызба жасап қорғау (3 оқушы)

Тапсырма: сөйлемдерді толықтырыңыз.

1. Қарағандыда көптеген кітапханалар бар, олардың ішінде ең үлкен кітапхана –.

2. Кітапханаларда ұлы жазушылардың...., ұлы ақындардың... бар.

3. Мен кітап дүкенінен Абайдың... сатып алдым.

4. Сенің үйінде Абай Құнанбайұлының..... бар ма?

Сабақты қорытындылау.


Абайды ардақтап, адамзат үшін асыл қазына болып табылатын ақын еңбегін терең оқып, үйрену - парызымыз. Бүгін де, ертең де, тіпті, келешек ұрпақ үшін де Абай тағылымын зер сала оқып – үйренудің маңыздылығында шек жоқ. Халқымыздың адамзат тарихында алатын орны, әдет – ғұрпы, салт – санасы Абай шығармаларынан кеңінен көрініс табады.


Үйге тапсырма:

Абай Құнанбайұлы туралы реферат жазу.



































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
23 ұстаз жүктеп алған
12 наурыз
1286
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі