Білім
беру саласы:Коммуникация
Бөлімі:
Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы:
Мамандықтың бәрі жақсы.
М.
Хакімжанова «Кім немен ойнайды?» (өлең
оқу)
Мақсаты:
әртүрлі мамандықтармен танысады, олардың
қызметтері жайлы әңгімелеп айта
алады,ойлау,сөйлеу қабілеттері дамиды;
мамандық иелерін құрметтеуге тәрбиеленеді.
Шаттық
шеңбері. Паровоз
Қәне,
кімнің бойы ұзын,
Паровозы
пойыздың,
Қатар-қатар
тұрайық,
Пойызды
біз құрайық.
Пыш-пыш
,пыш-пыш баста алға,
Қарап
қалма аспанға.
Гу-гу,
гу-гу гуілде,
Қалып
қойма біріңде,
Қәне,балалар
тоқтайық.
Пш
(балалар біз немен келдік? Ол қай жерде
жүреді? Паровоз өзі жүре ме?...) балалар
паравозды қалада көресіңдерма? Неге
көрмейсіңдер? Қалада қандай көліктер
көрдіңдер? Оларды кім жүргізеді?
Балалардың
назарын тақтада ілінген суреттерге
аудару.
Сұрақ-жауап.
1.
Балалар тақтадан не көріп
тұрсыңдар?(Дәрігер,тігінші,мұғалім)
2.
Бір сөзбен қалай атаймыз? (мамандар)
Ендеше
бүгінгі сабағымыз «Мамандықтар» туралы
болады.
Балалардың
сурет бойынша әңгімелеуі. (сұрақ-жауапты
пайдалану)
2.Дәрігер
қай жерде жұмыс жасайды? (Ауруханада)
3.Ол
не істейді? (Адамдарды емдейді)
4.Балалар
егер үйде бір адам ауырып қалса не
істейміз?
жедел
жәрдемді шақыру үшін қай нөмірге телефон
соғамыз?
(103
ном. тел .соғамыз)
5.
Дәрігерлер қандай киім киеді? (Ақ халат
киеді)
Балалар
мынау кім? (Өрт сөндіруші)
1.Ол
не істейді? (Өрт болған жерге жылдам
барып өртті сөндіреді)
2.
Балалар өрт болмас үшін не істемеу
керек? (сіріңкемен ойнамау керек,саяхатқа
шыққан кезде бөтелкелерді қоқыс жәшігіне
салу керек)
3.
Егер өрт болған жағдайда не істейміз?(
102 ном. қоңырау шалу керек)
Жарайсыңдар,балалар
тағы кімдерді көріп тұрсыңдар?
(шаштаразшы,тігінші,аспаз, мұғалім)
Балалар
енді сергіту жаттығуын жасайық. (музыка
қосылады,педагог балаларға биші болып
би билейік,енді әнші болып өлең айтайық,
енді спортшы болып денемізді қыздыру
үшін жаттығу жасап жіберейік дейді)
балалар педагогтың айтқанын орындап
отырады.
Балалар
біз сергіту сәтінде кімдер болдық?
-Биші,
әнші, спортшы болдық.
Жарайсыңдар
балалар, енді мен сендермен дидактикалық
ойын ойнағым келіп отыр.
Ойын
«Кімге не керек ?»
деп аталады. Ойынның шарты: әртүрлі
мамандық иелеріне қандай құрал қажет,соны
апарып сол маманға жабыстырамыз.
Жарайсыңдар,
балалар енді Мариям
Хакімжанованың «Кім немен ойнайды?»
өлеңімен танысамыз.
Балалар
міне, бұл кісі Мариям Хакімжанова деген
ақын,ҚР еңбек сіңірген жазушысы.М.
Хакімжанова Қостанай облысының қазіргі
Алтынсарин ауданындағы «Қызыл шоқ»
ауылында туған. 1906 -1995 жыл аралығында
өмір сүрген екен. Қазір сендерге осы
кісінің «Кім немен ойнайды?»өлеңін
мәнерлеп оқимын сендер мұқият тыңдап
отырыңдар.
М
. Хакімжанова «Кім немен ойнайды?»
Теңізші
болатын бала сумен ойнайды.
Дәрігер
болатын бала сынаппен ойнайды.
Жарықты
жағатын бала шырақпен ойнайды.
Шопан
болатын бала қозы,лақпен ойнайды.
Диқан
болатын бала топырақпен ойнайды.
Ғалым
болатын бала кітаппен ойнайды.
Өлең
бойынша сұрақ-жауап.
1.
балалар мен кімнің өлеңін оқыдым?өлең
қалай аталады? («Кім немен ойнайды?»)М
. Хакімжанова
2.Теңізші
болатын бала немен ойнайды?? (Сумен)
Ендеше
сумен ойнайтын бала кім болады екен?
3.
Жарықты жағатын бала немен ойнайды
екен? (шырақпен),шырақпен ойнайтын бала
кім болады екен?(электрик)
4.
Дәрігер болатын бала немен ойнайды
екен?(сынаппен)
Сынаппен
ойнайтын бала кім болады? (дәрігер)
5.
Қозы,лақпен ойнайтын бала кім болады
екен? (Шопан)
6.
Ғалым болатын бала немен ойнайды ?
(Кітаппен)
Балалар
енді осы өлеңді мномокесте арқылы
қайталаймыз.
Теңізші
болатын бала сумен ойнайды.
Дәрігер
болатын бала сынаппен ойнайды.
Жарықты
жағатын бала шырақпен ойнайды
Шопан
болатын бала қозы,лақпен ойнайды.
Диқан
болатын бала топырақпен ойнайды.
Ғалым
болатын бала кітаппен ойнайды.
Жарайсыңдар.
Балалар, бүгінгі оқу жұмыс қызметінде
не туралы айттық? Естеріңе түсіріңдер
тағы не үйрендік?Балалар сендерге қандай
өлең оқыдым? Авторы кім? Болашақта кім
болсаңдарда ала жіпті аттамайтын адал
да,әділетті елін,жерін ойлайтын адам
болыңдар. Осымен біздің оқу іс-әрекетіміз
аяқталды. Сау
болыңыздар.