Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Мамандықтың бәрі жақсы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ересектермен және балалармен еркін қарым– қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру , орыс тілін және басқа тілдерді үрету, көркем әдебиетке қызығушылыққа баулу; балалардың шығармашылық белсенділігін және бастамашылдық танытуын дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Авторы: Құмарова Айғаным Саматқызы

Шығыс Қазақстан Облысы, Өскемен қаласы №5 орта мектебі КММ "Радуга" шағын орталығы тәрбиешісі


Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы»
Мақсаты:
Ересетермен және балалармен еркін қарым– қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру , орыс тілін және басқа тілдерді үрету, көркем әдебиетке қызығушылыққа баулу; балалардың шығармашылық белсенділігін және бастамашылдық танытуын дамыту.

Білімділік міндеті: Балалардың әртүрлі мамандықтар туралы білімдерін толықтыру. Жұмыстың мазмұнымен, мағынасымен айырықшаланатын мамандық әлемінің түрлілігі туралы түсінік қалыптастыру.

Дамытушылық міндеті: Балалардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру, еңбекке деген қызығушылықтарын ояту.

Тәрбиелік міндеті: Балаларға мамандықтардың пайдалы жақтарын айта отырып, олардың бәрі адам мүддесі, қоғам мен халыққа қызмет етуші екендігін түсіндіріп, жалпы мамандыққа және оны игеріп ел игілігі үшін еңбек етіп жүрген маман адамдарға деген құрметтеу, ардақтау және мақтаныш ете білу сезіміне тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:

Мамандық иелерінің суреттері,интерактивтік тақта, ойынға қажет құралдар.

Тілдің үш тұғырлығы: дәрігер-врач-doctor, шаштараз-парихмакер-hairdresser, мұғалім-учитель-teacher, аспазшы – повар – cook.

I Мотивациялық -қозғаушылық

Балалармен үш тілде амандасу.

Сәлеметсіз бе!

Здравствуйте!

Goodafternoon!

Жылулық шеңбері.

Енді балалар бір – бірімізге қарама – қарсы тұрып, бір – бірімізге қуаныш сыйлайықшы.

Үлкенге де Сіз

Кішіге де Сіз

Құрметпенен сіздерге

Бас иеміз біз.(Бас иеді).

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де .

Қуанайық достарым ,

Арайлап атқан күнге.

II Ұйымдастыру іздестіру

-Балалар барлығымыз әдемі болып өсу үшін әдемі отырып, арқамызды тік ұстап әдемі отырайық.Балалар бүгінгі сабағымыз өте ерекше болмақ.Сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.Жұмбақ шешемізбе? Мұқият тыңдандар.


Жұмбақтар:     
Мектептің жүрегі,
 Білімнің тірегі. (Мұғалім)
Сауықтырар сырқатты,
Жылы үнмен тіл қатты. (Дәрігер)
Өскен шашты жаратпайтын,

Қайшысы бар жалақтайтын. (Шаштаразшы)
Қалпағы ақ қарасаң,

Дәрiгер емес, бiрақ ол.

Дәм мәзiрiн қаласаң,

Алға ұсынып тұрады ол.  (Аспаз)

Шаштараз – бұл мамандық иесі адамдардың шашын қиып сәнін келтіреді.

Дәрігер – ақ қалатты абзал жан, адам баласының арашасы емдейді шипасын тигізеді.

Мұғалім – әріп үйретіп, білім нәрімен сусындататын абзал адам.

Аспазшы – дәмді тағам пісіретін(маман иесі).


Осы кезде мамандық иелері екені айтылып, мамандықтар туралы әңгіме жүргізіледі. (слайд) 

Тапсырмамен жұмыс

«Карусель»

Мақсаты: Балаларды әр мамандық иесіне байланысты бейнеленген суреттер арқылы сөйлем құрауға және өз беттерімен жауап беруге үйрету.

Шарты: Ортада карусель айналып тұрады.Карусельдің тілі қай мамандық иесіне тоқтайды, сол мамандық туралы суреттерді өзара байланыстыру арқылы сөйлем құрастырып айту.

Ойын:«Дұрыспа?Бұрыспа?»

Мақсаты: Балалардың ойлау қабілеттерің, сұрақтарға толығымен жауап қайтаруға үйрету.

Шарты:Сөйлемдердің дұрыс ,не бұрыс екенін тауып айтады.

Сергіту сәті:

Міне, мынау - сол қол,

Міне, мынау - оң қол.

Шапалақты соғайық,

Тоқылдатып билейік.

Міне, мынау – сол аяқ,

Міне, мынау – оң аяқ.

Топ-топ-топ-топ басайық,

Жаттығуды жасайық.

Хлоп-хлоп- хлопаю,

Топ- топ- топаю.

Это – левая рука.

Хлоп-хлоп-хлопаю,

Топ-топ-топаю.

Это левая нога,

Это правая нога.

«Сиқырлы қорапша»

Ойын мақсаты: Сөздердің неше буыннан тұратының анықтайды және заттың атын дұрыс атап, бастапқы дыбысын дауысты немесе дауыссыз екенің анықтау.

Шарты:Балалар көзін жұмып қорапшадан зат алады.Заттын атын атап,талдау жасайды.

«Кімге не керек?»

Мақсаты: Әр маманның өзінің құралдарын ажыратып, меңгерту.

Шарты:Мамандық иелерінің құралдарын тауып сызықшамен көрсету.


 III-Рефлексивті түзетушілік


-Балалар осындай әр түрлі мамандық иесі болу үшін алдымен білім алып, көп нәрсені үйрену керек.

Балалар сендер үйден кім болатындарынды ойланып келіңдер. Ертең сабағымызды жалғастырамыз.

-Сонымен балалар, мамандық иесі болу үшін қандай болуымыз керек екен ?

Балаларға сабақ ұнаса жаксы деген стаканға салады шоколад тиындарын, егер ұнатпаса унамады, қиын болды деген стаканға салады.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.02.2021
357
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12