Ашық сабақ: Мамандықтың бәрі жақсы

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: Мамандықтың бәрі жақсы

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға мамандық түрлері туралы түсінік беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Балалардың әр түрлі мамандықтар туралы білімдерін толықтыру, әр түрлі мамандықтар иесімен таныстыру.

Тәрбиелік: Балалардың ғылыми дүние танымын, адамгершілік қасиетін, көзқарасын, өз - өзіне сенімділігін қадағалау.

Дамытушылық: Балалардың танымдық қызметін, шығармашылық қабілетін, жігерін, көңіл - күйін, тілі мен ынтасын, қиялы мен қабылдау, ойлау қабілеттерін дамыту.

Көрнекі құралдар: Слайд, суреттер, мамандықтарға қатысты құралдар т.б.

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі: Балалармен сәлемдесу. Сабаққа дайындықты көріп шығу.

ІІ. Психологиялық дайындық.

Тәуелсіз жаңа заманда,

Сұраныс көп маманға.

Нағыз маман пайдалы,

Мемлекет, қоғам, адамға.

  • Балалар сендер қандай мамандық түрлерін білесіңдер?

  • Ата аналарың қандай мамандық иелері? Соларды атап беріңдерші?

ІІІ. Жаңа сабақ

Еңбек етсең ерінбей,

Абыройыңды асырған.

Бірақ өзі көрінбей,

Бізден бойын жасырған.(Мамандық)

Балалар тыңдайықшы есікті біреу қағатын сияқты?

(есік қағып қоян кіреді)

  • Қоян сізге не болды?

  • Мен балаларыма дүкеннен сыйлықтар алып келе жатыр едім, мені машина қағып кетті.

  • Балалар қоянға қалай көмектесеміз?

  • Қоянды кім емдеп жазады? (дәрігер)

  • Балалар қоянның сендерге әкелген тапсырмасы бар екен. Қоянның көніл күйі жақсы болу үшін тапсырмасын орындайық.

  • Ал бірінші тапсырма жұмбақ шешу.

Ал мына жұмбақтардың шешуін табайық.

1 . Алып жатқан жан жақты,

Үйлерді кім тұрғызды. (Құрылысшы)

2. Мектептің жүрегі,

Білімнің тірегі. (Мұғалім)

3. Сауықтырар сырқатты,

Жылы үнмен тіл қатты. (Дәрігер)

4. Өскен шашты жаратпайтын,

Қайшысы бар жалаңдайтын. (Шаштараз)

Балалар жұмбақтарды шештіңдер. Бұл сөздер нені білдіреді? Әрине мамандық туралы.

(Слайдпен жұмыс): Балалар енді суретке назар аударайықшы. Мысалы – дәрігер маманы кім? – ол кішкентай балалар мен үлкендерді емдейді. Мұғалім маманы кім? – оқу мен жазуды үйретіп, білім беретін апай. Шаштараз маманы кім? – түрлі шаш сәндейтін адам. Құрылысшы маманы кім? көп қабатты, зәулім үйлер салады.

Біз ойнаймыз, ойнаймыз,

Кім болуды қалаймыз.

Олай болса кім дәрігер болғысы келеді?

Олай болса кім мұғалім болғысы келеді?

Олай болса кім шаштараз болғысы келеді?

Олай болса кім құрылысшы болғысы келеді?

Дәрігер Қалжан болады. Ал Қалжан ортаға келіп қоянды емдей қой.

Сыйлайтын саулық, амандық.

Дәрігер жақсы мамандық.

Мұғалім Ақнұр болады. Ал Ақнұр мұғалім туралы тақпағыңды айта қойшы.

Жаққан білім шырағын,

Мен мұғалім боламын.

Құрылысшы Димаш болады. Ал Димаш құрылысшы туралы тақпағыңды айта қойшы.

Адамдарға үй салған,

Құрылысшы болам ұлғайсам.

Шаштараз Алина болады. Ал Алина шаштаразшы туралы тақпағыңды айта қойшы.

Түрлі түрлі шаш қиып,

Сән үлгісін қиятын.

Мен боламын шаштараз.

Балалар қоянды емдеп жаздық, енді оның келесі тапсырмасын орындайық.

Келесі тапсырма «Кім жылдам» ойыны: Шарты: Партада әр мамандыққа қатысты құралдар берілген. Сол құралдардан өз мамандықтарына қатыстысын тауып алуы тиіс.

  • Балалар қоянда қызығып сендермен ойнағысы келіп тұр .

  • Бірге ойнайсыңдар ма?

Д/О: Ендеше «Дұрыс па, бұрыс па?» ойнын ойнайық. Дұрыс болса қол көтереді. Бұрыс болса көтермейді.

Қойшы балаларды оқытып жүр.

Жүргізуші машина жүргізеді.

Аспазшы үй салып жүр.

Дәрігер адамдарды емдейді.

Дәрігер етік тігіп отыр.

Мұғалім балаларды емдеп жүр.

Қоян: Балалар мен көжектеріме барайын. Сендер маған көмектестіңдер. Жарақатымды емдеп жаздыңдар. Ал енді мен сыйлықтарыммен бөлісейін.(алма тарату) Сендерге көп рахмет. Сау болыңдар балалар. Қорытынды:

  • Бүгін балалар қандай тақырыпта әңгімелестік?

  • Қандай мамандық иелерін білдіңдер?

Балалар ерінбей еңбектеніп сабаққа қатыстандарың үшін рахмет.

Мадақтау: Бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыстыңдар.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.04.2024
272
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі