400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ" Мамандықтың бəрі жақсы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың білім беру саласы коммуникация.Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы. Қош келдің, Жаңа жыл!

Сабақтың мақсаты: Сабаққа зейін аударту, үйртету. Қыс кезіндегі мерекелер туралы мағұлмат беру. Сурет бойынша әңгіме құрастыру арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Аяз ата, Ақшақар,аққала деген сөздерді қатыстырып, сөйлемдер құрастыру арқылы сөздік қорларын молайту. Өлең сөздерін жатқа және мәнерлеп айтуға үйрету.Балаларды адамгершілікке, сыйластыққа баулу.

Көрнекілігі: Жаңа жыл мерекесіне арналған суреттер, ойыншықтар.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

Балалар бүгін бізге қонақтар келіп отыр сабаққа жақсы ,белсенді қатысып отырамыз.

Шаттық шеңбері.

Балалар біз бүгін кең жарық әсем бөлмеде жиналып тұрмыз.Қане, бәріміз бір – біріміздің қолымыздан ұстап шеңбер құрып көрейікші.

  • Шеңбер неге ұқсайды балалар?

  • Күнге

Дұрыс , шеңбер күн сияқты дөңгелек аспанда жарқыраған күніміз сияқтвы дөңгелек. Шеңберге жиналған балалар бір – бірінің бет – жүзін, күлкісін көре алады. Шаттық шеңберіде бір – бірімізге жақсы тілек тілеп қуанышымызбен жүрегіміздің жылуын бөлісейік. «Жақсы сөз жанды жадыратады» демекші алдымызда қандай мереке келе жатыр? ( Балалар сұраққа жауап айтады) Дұрыс айтасыздар, олай болса бір –бірімізге жаңа жылға жақсы тілек айтайық. ( Балалар бір –біріне тілектерін айтады)

Жарайсыңдар балалар, енді орнымызға жақсы көңіл – күймен отырып сабағымызды бастаймыз.

Жаңа сабақ. Бүгінігі біздің сабағымыздың тақырыбы Қош келдің, Жаңа жыл,!

Жаңа жыл мерекесі қашан болады?

Жаңа жыл мерекесі басқа мерекелерден қалай ерекшеленеді?

Несімен қызықты? ( Балалардың пікірлері тыңдалады)

  • Жаңа жыл – әлемнің көптеген халықтарында тойланатын ортақ мереке. Әр халық әртүрлі деңгейде тойлайды. Әр жылдың бірінші қаңтарға түні (31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түн) – Жаңа жыл түні. Жаңа жыл әр елде әр кезде мерекеленіп әр халық өз салт –дәстүрімен қарсы алатындығын көбіміз біле бермейміз. Мәселен, шығыс елдері оның ішінде қазақ халқы дәстүрлі жыл басы мерекесін күн мен түннің теңелген күні , яғни 22 наурызда атап өтеді. Қай ел, қай халық болмасын жаңа жылды салтанатты жағдайда мерекелеп оған айрықша көңіл бөлен. Олардың жылды қарсы алудағы бір – біріне ұқсайтын өз дәстүрлері бар.

Дәптермен жұмыс.

Дәптерде ненің суретін көріп отырсыңдар?

Шыршаның түсі қандай болады?

  1. Бізге шыршаны безендіріңдер деп тапсырма беріліпті балалар енді біз шыршаны әдемілеп безендіруіміз керек.( Балалар дәптердегі шырша суретін бояп, безендіреді. Тәрбиеші балалардың әрекетін бақылайды.)

  2. С .Қалиұлының « Шырша » өлеңінен үзінді жаттау.

Тәрбиеші өлеңді мәнерлеп оқиды. Өлең жолдарын балалармен бірге 2-3рет қайталап айтады. Өлеңді көнілді дауыс ырғағымен келтіре отырып мәнерлеп, сөздерін анық айту керек.

Безендірдік

Аулада

Өсіп тұрған шыршаны

Әсемдеуге бар бала

Бар өнерін жұмсады.( қайталап айту кезінде жаттап алған балалар болса өздері айтып береді)

Сөздік жұмыс: Безендіру сөзіне сөздік жұмыс ын жүргізу. Безендіру деген сөзді қалай түсінесіңдер?Жаңа өлең жолдарында бұл сөз кездесті.

Безендіру – әдемілеу, әсемдеу.

Сергіту сәті:

Енді бойымызды сергітіп ойын ойнап жіберейік иә балалар.

« Сөз ойла, тез ойла, көп ойла » Дидактикалық ойыныны ойнайық.

Балалар кезекпен З мен Ш дыбыстары кездесетін сөздер айтып жарысады. Көп сөз айтқан бала жеңімпаз атанады. Мысалы: аяз, шырша, шана т.б.

Сурет бойынша әңгіме құрастыру.

  • Суретте кімдер бейнеленген?

  • Бұл қандай мереке?

  • Аяз атаның дорбасында не бар?

  • Ойыншықтармен кәмпиттерді кімдерге береді?

  • Ақшақар кім?

Қорытынды . Бүгінгі сабақ сендерге ұнадыма ? Несімен ұнады?

  1. Жаңа жыл мерекесі қашан болады?

  2. Онда кімдерді қарсы аламыз?

  3. Бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыстыңдар , Жаңа жылды жақсы қарс ыалыңдар, жаңа жыл жақсылығымен келсін.

Барлығымыз орнымыздан тұрып қонақтарымызбен қоштасайық.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
404
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі