жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Мамандықтың бəрі жақсы
Оқу іс – әрекетінің ұйымдастыруға арналған технологиялық картасы.
Тобы: «Балдаурен» м.д.т
Өтілетін күні:
Тәрбиешісі:Тапаева.Г.
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің түрі: Тіл дамыту
Тақырыбы:Мамандықтың бәрі жақсы
Мақсаты:1.Балалардың әр түрлі мамандықтар туралы білімдерін толықтыру.
Міндеттері: 1) балаларды әр түрлі мамандықтар иесімен таныстыру.
2)Сурет бойынша қойылған сұрақтарға толық жауап беруге.
3)Мамандық таңдауға қызығушылықтарын тудыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Көрнекілігі: Мамандықтар түрлерінің суреті, сандық.
|
Әрекет кезендері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық Қозғаушы |
Шаттық шеңбері: -Сәлеметсіңдер ме балалар? Қане,шеңбер бойына тұрып,бүгінгі күнмен сәлемдесейік. Алақанды ашайық, Күннің нұрын алайық Жүрекке жылу салайық, Жиналған жылы шуақты. Бір-бірімізге шашайық. -Рахмет балалар. -Балалар қазір жылдың қай мезгілі? -Қыс мезгілінде неше ай бар? -Қане атап шығайықшы? -Бүгін аптаның қай күні? -Бір аптада неше күн бар? -Қане атайықшы? |
Балалар шеңбер бойына тұрып,бүгінгі күнмен сәлемдеседі. -Қыс мезгілі. -Үш ай бар. -Желтоқсан, қаңтар,ақпан. -Сейсенбі. -Жеті күн бар. -Дүйсенбі, Сейсенбі т.б. |
|
Іздену – ұйымдастыру кезеңі |
Бүгін бізге қонақтар келіпті, қане қарайықшы. Олай болса бүгінгі тіл дамыту сабағымызды бастайық. (есік қағып қоян кіреді)
Ал мына жұмбақтардың шешуін табыңдарщы? 1.Алып жатқан жан – жақты, Үйлерді кім тұрғызды. 2.Өміріңді күзеткен Ысқырығы күшті адам. Ол кім? 3.Өскен шашты жаратпайтын Қайшысы бар жаландайтын.
Енді орнымыздан тұрып сергіп алайық. Сергіту сәті: Терезені ашайық, Таза ауаны жұтайық. Тез – тез, отырып, Орнымызды табайық. Балалар енді суретке назар аударайықшы, қазір сұрақтарға толық жауап беріп, сөйлем құрастырайық. Мысалы – дәрігер маманы кім? Аспазшы маманы кім? Құрылысшы маманы кім? Мұғалім маманы кім? Май қызметкері кім? Сатушы кім? Шаштараз маманы кім? Біз ойнаймыз, ойнаймыз Кім болуды қалаймыз.
Дәрігер: Жақсы оқып сабақты, Білім алып толамын. Ауруларды емдейтін Мен дәрігер боламын. Шаштараз: Сән үлгісін қиятын Шаштараз болам жолыңа Түрлі – түрлі шаш қиып Қызмет етем халқыма. Сатушы: Жақсы оқып сабақты Мақсатым бұл ұраным Үлкен болып өскенде Сатушы боп тұрамын. Май: Елге қызмет етемін Шаршамаймын мен бірақ Күні – түні май боп Ұйықтамаймын мен бірақ. Құрылысшы: Қолда темір қалағым Саздан сарай саламын Алматыдан аумайтын Әсем қала саламын. Мұғалім: Мұғалім, аспазшы Жақсы оқып сабақты Білім алып толамын Бөбектерді оқытар Мен мұғалім боламын Аспазшы: Дәмді тамақ пісіріп Өнерлі бала боламын Халқым сүйген ардақты Мен аспазшы боламын.
Шарты: тақтадағы суреттерге қараймыз, қай сурет мамандыққа керек. Соны тез тауып айтамыз. 1сурет
2
сурет 3 сурет
-Балалар мен көжектеріме барайын. Сендер жол ережесін үйреттіңдер және дәрігерлік көмек көрсеттіңдер. Ал енді мен сыйлықтарымен бөлісейін. (алма тарату) Сендерге көп рахмет. Сау болыңдар балалар. |
-Ия көмектесеміз. -(дәрігер) Қоянға көмектеседі. Жұмбақ шешеді. (Құрылысшы) (милиционер) (шаштараз) (құрылысшы, милиционер,шаштараз). Мамандық туралы. – ол кішкентай балалармен үлкендерді емдейді. – дәмді ас пісірумен айналысады. – көп қабатты, зәулім үйлер салады. – оқу мен жазуды, білім беретін апай. – елдің тыныштығын қорғайтын маман. – ол азық – түліктер сататын адам. – түрлі шаш сәндейтін адам. -(ол азық-түлік сатып жатыр). -(ол балаларды емдеп жатыр). Балалар әр маман иесіне арналған тақпақтар айтады. -Май қызметкері Жол ережесін үйретеді. -(үйрендім). «Кім жылдам» ойын ойналады. Балалар тақтаға қарайды. -Дәрілер керек. -Тақтамен кітаптар. -Кірпіштермен қалақ керек. -Қоян балаларға рахмет айтып,алмаларын таратады.Балалар қоянға рахмет айтады. |
|
Рефлексифті – коррециялаушы |
Қорытынды:
Жарайсыңдар балалар қазақта мынадай мақал бар, «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарнын тіленбей», «Еңбектің – наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті» Балалар ерінбей еңбектеніп сабаққа жақсы қатысқандарыңыз үшін көп рахмет. Қоштасу шеңбері: Қол ұстасып тұрайық, Шеңберді біз құрайық. Көріскенше күн жақсы, Сау-саламат болайық! Мадақтау: Бүгінгі сабаққа балалар өте жақсы қатыстыңдар. |
-Мамандықтар туралы. -Май қызметкерін,дәрі гер,құрылысшы, мұғалім т.б. Мақал-мәтелді қайталап айтады. Қоштасу шеңберін жасап,келген қонақтармен қоштасады. |
Күтілетін нәтиже:
Білу керек:Мамандықтар туралы біліп түсінеді.
Игеру:Мамандық иелерін игереді.
Меңгеру:Әр түрлі мамандық иелерінінің қызметтерін меңгерді.




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген