Тәрбие сағатының
тақырыбы: «Мәңгілік Ел, бұл – Зайырлы
мемлекет және Жоғары Руханият»
Тәрбие сағатының
мақсаты:. Оқушыларға
«Қазақстан -2050» стратегиясының маңызы мен мақсатын түсіндіру
арқылы Мәңгілік Ел-идеясының маңызын түсіну, Отанын сүюге,
бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін
қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге
білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Міндеті: оқушының сөйлеу тілін дамыту арқылы сөздік қорларын
молайту, ой-өрісін кеңейту, жас ұрпақтың патриоттық сезімін
жандандыра түсіп, елін, жерін сүйіп, құрметтеуге
жетелеу.
Тәрбие сағатының
көрнекілігі: Кітаптар
көрмесі, компьютер, Елбасының, Астананың суреті және
слайд.
Түрі: ашық
тәрбие сағаты.
Әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, постер қорғау,
талдау,
Тәрбие сағатының
барысы:
Гимн орындалады.
1.Ұйымдастыру.
Амандасу, сабаққа ынтасын аудару.
2. Психологиялық
ахуал орнату .- Әр
оқушы шеңберде тұрып, бір-біріне жылы тілектерін
білдіреді.
3.Оқушыларды топқа
бөлу: (3 түс
арқылы) 1-топ:Мәңгілік ел, 2-топ: Жаңа
Қазақстан,
3- топ: Нұрлы
жол
Кіріспе
сөз.
Мұғалім: Құрметті оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі күні 5а
сыныбында ұйымдастырылып отырған «Қазақстан, Мәңгілік жансын
бағың!» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер. 2014 жылдың 17
қантарында Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың
кезекті халыққа жолдауын: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға
дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты
мақсат-Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол
–«Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа
дәуірдің кемел келбеті», — деп бастады. Бұл орайда елең
еткізген жаңалық –тұңғыш мемлекеттік ресми идеология , яғни
«Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы, бұл ҚР ұлттық идеясынан келген
түйын –тұжырым . Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты
мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ
елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес,
Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз
шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен
асу.
Оқушылар мынадай сұрақтарға
жауап беріп көрейік. Еш қысылмай, ойымызды еркін жеткізуге
тырысайық.
1 – бөлім «Ой қозғау»
.Сұрақтар қойып, жауап
алу.
1.Қазақстан қандай
мемлекет?
2. Еліміздің халқы қай
тілде сөйлеу керек?
3.Үштұғырлы тіл саясаты
туралы не білеміз?
4. Ел президенті кім? Ол
туралы не білеміз?
5. ҚР-сы өз тәуелсіздігін
қашан алды?
6.Ұлттық рәміздерімізді
атаңдар? Ту-Шәкен Ниязбеков, Елтаңба-Шота Уәлиханов, Жандарбек
Мәлібеков.Әнұран-Ш.Қалдаяқов,Жұмекен Нәжімеденов,
Н.Ә.Назарбаев.
Мұғалім: Нұрсұлтан Назарбаев Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың
ұлы бағдары – «Қазақстан-2050»
Стратегиясының түп қазығы етіп алды.Біз өзара алауыздық пен
жан-жаққа тартқан берекетсіздік талай елдің тағдырын құрдымға
жіберген. Біз өзгенің қателігенен , өткеннің тағылымынан сабақ
алуымыз тиіс.Ол сабақтың түйіні біреу ғана – Мәңгілік Ел болу
біздің қолымызда!Бұл үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға
ұмтылуымыз керек.Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік
Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз
керек!Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір
болашақ» атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы -
болашақ табыстардың негізі екені баса
айтылды.
2-бөлім «Постермен
жұмыс»
1-топ: «Тәуелсіз ел
ұландары» - «Ата – баба аңсаған Мәңгілік ел! » (көмекші
құралдар яғни газет, журнал қиындыларын, сөздер
беру)
2-топ: Жаңа Қазақстан -
«Экспо – 2017 Қазақстанның болашағы»
3- топ: Нұрлы жол -
«Қазақстан – 2050... Біздің арман!» (көмекші құралдар яғни
газет, журнал қиындыларын, сөздер беру)
3-бөлім «Өз еліме қосар
үлесім» (3-топтың оқушылары өз ойларымызды ортаға саламыз! Қанатты, нақыл, рухты
сөздерімізді айтуға болады.)
4-бөлім «Оқушылар
сәлемдемесі»
1-оқушы: Мәңгілік ел – Мәңгілік ел ата-бабаларымыздың
сан мың жылдан бергі асыл арманы.Ол арман – әлем елдерімен терезесі
тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын
тәуелсіз мемлекет атану еді.
2-оқушы: Ол
арман – тұрмысы байқуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне
сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді.
3-оқушы: Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. мәңгілік елдің
іргетасын қаладық.
Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы
мақсаттарға жетелейтін идея бар.
Бәрі: Ол –
Мәңгілік ел идеясы. (бәрі бірге)
4-оқушы: Тәуелсіздікпен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына
қол жеткізді.
Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – мәңгілік
елордамызды тұрғыздық.
5-оқушы: Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік
болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – мәңгілік
қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы –
мәңгілік ел! .
6-оқушы: Мәңгілік ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары –
«Қазақстан 2050» стратегиясының түп қазығы.
«Қазақстан 2050» – мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы, ең
мәртебелі жол.
Мәңгілік
Ел болу біздің өз қолымызда. (бәрі
бірге)
Бәрі:
- Біз өз Отанымыздың
патриотымыз.
-Мы патриоты нашей
старны
- We are
patriots of our countries
7.Сабақты қорытындылау:
-Сонымен
балалар, Мәңгілік Ел
болу үшін
ертеңгі өскелең ұрпақ
ретінде не істеуіміз
керек? (Оқушылар
бір ғана
сөзбен жауап береді.)
ӘН: «Көк тудың желбірегені» (Барлық
оқушылар қолдарына ту
ұстап тұрып, әнді
шырқайды.)
Мұғалім: 21 - ғасыр
Қазақстанның «алтын ғасыры».
-Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық
пен гүлденудің ғасыры
болады.
-Қазақстан халқы ұлы
тарихтың иесі атануға
лайық.
-Біз көздеген мақсатымызға
міндетті түрде жетеміз.
-Аңсарлы азаттығымыз бен
тәу етер
тәуелсіздігіміз баянды болсын!
-Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы
істеріміз жаңа дәуірлерге
жол ашсын!
- деген елбасымыздың қорытынды сөзімен
бүгінгі тәрбие сағатымды
аяқтаймын.
Сабақта танытқан белсенділіктеріңе рахмет! Сау
болыңыздар!