400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Мақал – сөздің мәйегі" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақал-мәтелдерді жатқа көбірек білуге, олардың мағынасын терең түсініп, сиқырлы сөз құдіретін, табиғатын терең меңгеруге үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақал – сөздің мәйегі.


Сабақтың мақсаты: мақал-мәтелдерді жатқа көбірек білуге, олардың мағынасын терең түсініп, сиқырлы сөз құдіретін, табиғатын терең меңгеруге үйрету.

Міндеттері:

  • Өмір шындығын зерттеп, есте сақтау қабілетін дамыту.

  • Оқушылардың өз бетімен ізденуіне және шығармашылыққа баулу.

  • Халық педагогикасының қасиетін қадірлеп, елін жерін, салт-дәстүрін, ана тілін сүюге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Мақал-мәтелдер туралы нақыл сөздер.

  1. «Мақал-мәтел – маржан сөз, қоса көрме арзан сөз».

  2. «Тіл сыйлы етер, құтты қылар, өсірер,

Бас та жарар, қадір-құтты өшірер...» (Ж.Баласағұни).

Сабақ түрі: Сайыс сабақ.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру.

Жарыс мақсатымен таныстыру.

Оқушыларды екі топқа бөлу.

Оларды жекелей таныстыырып өту.

Әділ қазылар алқасын сайлау.

І-топ: Ақындар тобы.

ІІ-топ: Шешендер тобы.

Ақындар тобының ұраны: «Өнер алды – қызыл тіл».

Шешендер тобының ұраны: «Шешеннің тілі – шебердің бізі».

«Сөз атасы – сәлем» дегендей алдымен амандасайық. Оқушылар кейбір ұлттың амандасу рәсімдерін ортаға шығып көрсетеді.

І тапсырма. Екі топ әр түрлі тақырыпқа мақал-мәтелді дәл тауып айтулары керек. Мысалы: Отан: 1. Отанға опасыздық еткенің – өз түбіңе жеткенің. 2. Отанды сүю – отбасынан басталады. Туған жер: 1. Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас. 2. Пәлен жерде пайда бар, өз жеріңдей қайда бар?! Ерлік, батырлық туралы: 1. Нар тәуекел – ер ісі. 2. Ер елі үшін туады, елі үшін өледі. Достық, жолдастық туралыы: 1. Досы көпті жау алмас. 2. Жолдасы көптің олжасы көп. Өнер, білім туралы: 1. Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ. 2. Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар. Ұл-қыз туралы: 1. Ұлың өссе ұлы жақсы ауылмен, қызың өссе қызы жақсымен ауылдас бол. 2. Әкеге қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер. Денсаулық туралы: 1.Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде. 2. Дені саудың – тәні сау.

ІІ тапсырма. Қазіргі айтылып жүрген қандай әндерде мақал-мәтелдер бар?

Әнде айтылған мақалдардың мәнін ашу, түсіндіру күнделікті өмірмен байланыстыру.

Мысалы: «Ақ босаға» әні. Әні М.Рүстемовтікі, сөзі С.Желдербаеванікі.

Пай-пай, шіркін қазақтың келіндері-ай,

Көл дария секілді көңілдері-ай.

«абысын тату болса, ас көп» деген

Мақалдың айтылуы тегін бе еді.

«Қазақ қаза». Әні Р.Таймановтікі, сөзі И.Сапарбаевтікі.

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары, жаны жаздай жайраңдаған.

«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.

ІІІ тапсырма. Үй тапсырмасы. Мақал, нақыл сөздердің шығу төркінін баяндау.

Мысалы: «Тіл тас жарар, тас жармаса да бас жарар», «Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі», «Аталы сөзге ақымақ тоқтамайды», «Көп қорқытады, терең батырады».

ІҮ тапсырма. «Не дер едің?»

Мысалы: Досыңның ерсі қылығын көріп қалдың, айтқың келді. Сөзіңнің басында не дер едің?

Жауап: «Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады» - дер едім.

Сұрақ: Досыңның бір сөзі көңіліңе жақпай қалды, не дер едің?

Жауап: «Ойнап айтсаң ойлап айт» - дер едім.

Сұрақ: Технология пәнінің мұғалімі: «Ауланы тазалаңдар» - деді. Аула кең, уақыт тар, не дер едің?

Жауап: «Көз – қорқақ, қол – батыр» – дер едім.

Сұрақ: Досыңның бір өтірігі шығып қалды, не дер едің?

Жауап: «Өтірік сөз өрге баспайды» дер едім.

Ү тапсырма. Топ басшыларына түркі тектес халықтардың мақал-мәтелдермен айтыстыру.

Мұғалімнің сөзі. Түркі тектес халықтар мақал-мәтелді былайша атайды: өзбекше –мақол;

қырғызша – мақал мен лақаптар;

татарша – мәкаль һәм әйтем;

әзербайжанша – аталар сөзі;

ұйғырша – мақал нә тамсил;

түркіменше – нақылдар нә аталар сөзи;

чуваштар – ватиссем калани;

алтайлықтар - кеп ле укао сөстер.

Мысалы:

Өзбек мақал-мәтелдерінен:

а) Пірің көп болғанша,

Білімің көп болсын.

б) Жер –қазына, су – алтын.

Қырғыз мақал-мәтелдерінен:

а) Қыз-қыз болсын,

Қыс-қыс болсын.

б) Адамның көркі ақыл.

Әзербайжан мақал-мәтелдерінен:

а) Күншілдің күні – қара.

б) Жазушыға қарама,

Жазғанына қара.

Ұйғыр мақал-мәтелдерінен:

а) Досты достан айырған – дозаққа күйер.

б) Қызғанғанға құрт түсер.

Түркімен мақал-мәтелдерінен:

а) Ел аңқау болса,

Доңыз төбеге шығады.

б) әкең барда, дос тап,

Атың барда жол тап.

ҮІ тапсырма. «Кім көп біледі?» ойыны.

Шарты: Қызықты сұрақтар арқылы тиісті мақал-мәтелдерді тауып айту. (екі топқа кезекпен).

  1. Бос сөзге үйір, іске жалқау адамды қалай атайды?

(Тілге – шешен, әске – мешел!

  1. Қойшының қызы қай кезде таранады?

(Қойшының қызы өой келегнде таранады).

  1. Қандай дос айырылмас?

(Нағыз дос айырылмас).

  1. Жұмысы жоқтың несі жоқ?

(Жұмысы жоқтың – ырысы жоқ).

  1. Батыр неше рет, қорқақ неше рет өлуі мүмкін?

(Батыр – бір рет, қорқақ – мың рет өледі).

  1. Қорқақ неден қорқады?

(Қорқақ көлеңкесінен қорқады).

  1. Қандай балалар бір-бірімен ойнамайды?

(Аш бала тоқ баламен ойнамайды).

  1. Айнаға қай кезде өкпелеуге болмайды?

(Бетің қисық болса, айнаға өкпелеме).

ҮІІ тапсырма. Екі топ бір-біріне қысқа әңгіме айтады, әңгімелерге мақал-мәтелдерден тақырып тауып қою керек.

Ақындар тобының әңгімесі: Қасқыр күшікке кездеседі. «Әй, күшік, мені көрдің бе? – дейді. Күшік: «Көрдім» - дейді. «Өзім қандай, қызарған көзім қандай, күшім бар өгізді алып ұрғандай», - деп жүгіріп барып, бір өгізді құлатады. Күшік көргенін істемек болады. Бірақ өгіз оны бір теуіп өлтіреді.

Жауабы: «Әлін білмеген әлек».

Шешендер тобының әңгімесі: Басқа жақтан көшіп келген көрші кірпіш құйып, үй қалай бастайды. Жаз жылдам өтті, күз жақындады. Бірақ үй бітер емес.

Бір күні ауыл адамдары жиылып келіп, көмектесіп жіберді. Бір-ақ күнде үйдің төбесі көтеріліп қалды.

Жауабы: «Жұмыла көтерен жүк жеңіл».

Әділ қазылар қорытындысын шығарғанша көрермендер мен жанкүйерлермен «Жалғасын тап» ойынын өткізу.

Жарысты қорытындылау, бағалау, марапаттау.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
2556
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі