400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "мақал-мәтелдер, олардың өзара ұқсастығы мен ерекшеліктері"

Материал туралы қысқаша түсінік
5-сыныптың бағдарламасы негізінде даярланған ашық сабақ қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдеріне өте қажет. Тақырып бойынша 5-сынып оқушыларына қосымша мәліметтер, тапсырмалар берілген. Оқушы қызығушылығын арттыруда мақал-мәтелдердің орны ерекше. Мақал-мәтелдердің ұқсастықтары мен ерекшеліктерін білу қажет.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы облысы, Сарқан ауданы, Сарқан қаласы

«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Мамраева Жулдыз Амантаевна.



Пәні: қазақ тілі Сынып: 5 «А»

Сабақтың тақырыбы: Мақал-мәтелдер, олардың өзара ұқсастығы мен ерекшеліктері

 Сабақтың жалпы мақсаты: 

  • оқушылардың мақал-мәтелдер туралы білім, білігін тереңдету, салыстыру, ажырата білу дағдылары мен оқу, талдау машықтарын қалыптастыру;

  • оқушылардың логикалық ойлауын, ой дәлдігін дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдіру,түрлі амал- тәсілдер арқылы іздендіре отырып шығармашылыққа баулу.

Сабақтың көрнекілігі: кесте, тірек сызба,суреттер, слайдтар

Сабақтың әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап,деңгейлік тапсырмалар.

Пәнаралық байланыс:әдебиет, тарих,

Сабақтың түрі: шығармашылық ізденіс.

Сабақтың көрнекілігі: мақал-мәтелдер жинағы, «7777 мақал мен мәтелдер» кітаптары, үлестірме қағаздар

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру. Оқытудың қолайлы жағдайларын жарату,үй тапсырмасын сұрау.

 Оқушылық деңгей.

Зымыран сұрақтар

  1. Тұрақты тіркес деген не?

  2. Тұрақты тіркесті ғылым тілінде басқаша  не деп атаймыз?

  3. Тұрақты тіркестер сөйлем мүшесі бола ала ма?

  4. Тұрақты тіркестердің қандай баламасы болады?

  5. Тұрақты тіркестер мәмағынасы жағынан бір-біріне антоним болуы мүмкін бе?

  6. Тұрақты тіркестердің мағыналары оның құрамындағы сөздердің мағыналарымен байланысты бола ма?

  7. Ана тілімізде тұрақты тіркестердің маңызы қандай?

Берілген суреттерге қарап тұрақты тіркестер табу.

Шығармашылық деңгей. Кестемен жұмыс

Тақтадағы мақал-мәтелдер жазылған форматты іліп, ондағы мақал-мәтелдерді оқушыларға оқыту.

 Жаңа сабақты түсіндіру.

Мақал-мәтелдер–халық даналығының,көрегендігінің айнасы, тіл  байлығының  алтын  қазынасы. Мақал-мәтелдерді  адам  баласы  өзі  айтайын деген оймен орайластырып,орынды қолданса, сөзі мірдің оғындай өткір,көңілге қонымды, көркем әрі бейнелі болады.  Мақал-мәтелдер аз сөзбен терең мазмұнды ойды бере алады.

Мақал-мәтелдердің ең басты негізгі ерекшеліктері

Мақал – халықтың өмірден алған тәжірибесінің, ой-тұжырымының қорытынды  жиынтығы,  айқын  ойды   үлгі-өнеге, ақыл  ретінде  қысқа қайырып, көркем  бейнелеп  жеткізетін  халықтың  дана,  нақыл  сөзі.

  1. Құрмалас сөйлем түрінде болады;

  2. Мақалда себебі мен салдары қатар айтылады;

  3. Ой нақты айтылады;

  4. Ақыл-кеңес, өнеге түрінде айтылады.

Мәтел -мақалға  қарағанда  ойды ақырына дейін жеткізбей,топшылап,бол- жам  ретінде түсіндіретін,сөйлем түрінде де,сөз тіркесі түрінде де келетін фразеологиялық бірлік.

  1. Мәтел жай сөйлем не аяқталмаған толымсыз сөйлем түрінде келеді;

  2. Мәтелде істің салдары айтылады да, себебі айтылмайды;

  3. Ой ишарамен, тұспалдап жеткізіледі;

  4. Эмоциялық мағына басым болады.

Топпен жұмыс:

1тапсырма: Күнделікті қолданыстағы мақал-мәтелдерді жазу

1топ. Туған жер, еңбек, батырлық туралы

2топ. Ынтымақ,жолдастық, өнер  туралы.

3топ. Жақсы-жаман қасиеттер, кәсіп, оқу-білім туралы

2тапсырма. «Сәйкестендіру» әдісі. Берілген мақал-мәтелдердің тақырыбын анықтау.
Ердің ісі ерлікке тең. ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ --------------------
Өнері бардың- өресі биік ----------------
Нар тәуекел - ер ісі ------------------------
Көп түкірсе – көл---------------------------
Жігітті - жолдасынан таны.--------------
Кім тапқыр? ойыны. Оқушылар слайдта көрсетілген мақал-мәтелдерді жылдам ажыратады.

Оқулықпен жұмыс: 133-жаттығу. Берілген мақалдардың мағынасын  түсіндіру. Епті,есті сөздерінің мағынасын түсіндір.

134-жаттығу. Суретке қарап мәтін құрау.







Жаңа сабақты бекіту. Үлестірме қағаздарда берілген сөздерге мақал-мәтелдер құрастыру.

1 топ. Ағаш, қасық, түйе

2 топ. Көңіл, дала, шүберек

3 топ. Тас, бала, ана

Сұрақ-жауап әдісі.

1.Мақал мен мәтелдің айырмашылығы бар ма?

2.Мәтел ерекшелігі неде?

3.Күнделікті қолданыста мақал мен мәтелдер жиі қолданыла ма?

Сабақты қорыту.

Бағалау.

Үйге тапсырма.  «Мақал сөздің мәйегі» тақырыбында шағын шығарма жазу.

  Үлгі-өнеге туралы мақал-мәтел жазу



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
971
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі