400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Мақсат- жетістік - желкені" 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін -өзі тану пәні мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы


ШҚО Тарбағатай ауданы Ойшілік ауылы

«Тоғас батыр атындағы орта мектебі» КММ

«Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі

Габдуллина Гульназ Толеугазиновна

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары

Сынып8 «А»

Тақырыбы:Мақсат- жетістік - желкені

Құндылық:Дұрыс әрекет

Қасиеттер:сенімділік, шыдамдылық, сүйіспеншілік

Сабақ мақсаты: Оқушылардың сенімділік қасиетін қалыптастыра отырып,дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

1.Оқушыларға мақсатқа жетуде сенімділік пен сүйіспеншілік қасиеттерінің маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейту

2.Оқушылардың бойында шыдамдылық, сүйіспеншілік сезімдерін дамыту

3. оқушыларды сенімділікке,шыдамдылыққа тәрбиелеу

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) интерактивті тақта, слайд, нақыл сөз,түрлі-түсті қағаздар, маркер

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi

Оқушыларды әр түсті гүлдер бойынша топқа бөлу

5Тережесін еске түсіру

Тыныштық сәтi.

Нұрға бөлену (баяу әуенмен)

Үй тапсырмасын тексеру

Өмір тағылымы аңыз әңгімесі 24 бет

«Өмір тағылымы» аңыз - әңгімесін оқып келу берілген.
Сұрақтар:

1.Әңгімеде не баяндалған?
1. Сіз қайсысының пікірімен келісесіз? Неліктен?
2. Қалай ойлайсыздар, адам өмірінің өткені, қазіргісі, әлде болашағы маңызды ма?
3. «Өткен бақытты ойлау – жаныңды жабырқатады, болашақ бақыт туралы ой жаныңды жегідей жейді» деген пікірді қалай түсінесіздер?
4. Мақсат қоюдың адам өмірінде алатын орны қандай?


Әр түсті қолдан жасалынған гүлдер


Интерактивті тақта


Баяу әуен



Дәйексөз«Мақсатсыз жанталасып жүрген адамнан өз мақсатын көзден таса етпеген  сылбыр адам әлде қайда артық»

(Халық мақалы)

Сұрақ:

- Мақсатсыз адамдарды қалай суреттеуге болады?


Мұғалім сыйы «Арман тау»

Ертеде бір үйдің екі ұлы болыпты. Бірінің аты Айдан, екіншісінің аты Нұрдан екен. Екеуінің ақылды, сабырлы, көркем мінезді балалар екенін бүкіл ауыл біледі екен. Олар үнемі ақсақалдардан, өздерінің әке, шешелерінен көп адам бара алмайтын бір тау бар екенін, оның ең биігінде жалғыз гүл өсетінін естиді. Осы гүлді кімде-кім шешелеріне сыйласа, сол баланың анасы дүниедегі ең бақытты адам болып, барша тілектері орындалады екен. Адамдар бұл туралы қаншама естіп жүрсе де, алыс тауды іздеп шығуға тәуекелдері бармайды.

Ал, аналарының барлық ізгі тілектері орындалып, бақытты болғанын қалаған Айдан мен Нұрдан тауды іздеуге шығады. Бұлардың алыс тауға қасиетті гүлді іздеп кеткенін ауыл түгел естиді.

Кейбіреулері аман аман-есен келетініне сенбесе, біреулері үлкен үмітпен күтіп жүреді. Екі бала алыс-алыс жол жүреді, қатты шөлдейді, қарындары ашады, шаршайды. Бірақ соған қарамай таудың биігіне шығып, Гүлді де табады. Кез келген жерде өспейтін таңғажайып гүлді ауылдарына әкеліп, аналарына сыйлайды. Ауыл түгел жиналып, таңғажайып гүлді көздерімен көріп қуанады. Ақсақалдар «енді ауылымыз көркейеді» деп балаларға алғыс айтады. «Алыс тауға» баратын жол салынды деп жар салады.Айдан мен Нұрданның тек қана жақсылықпен ізгілік ойлайтын анасының бұрын армандаған барлық тілектері орындала береді. Жаңбыр жаумай қиналған ауылға қайта-қайта жаңбыр жауады, жер көгереді, егін өседі. Ауыл балаларының ішіндегі ақылдылары «алыстағы тауға асығып, таңғажайып гүлді» әкеліп аналарының, елдің ықыласына бөленіп жатады. Ал, біреулері шаршап, шалдығып, жарты жолдан қайтып келеді. Сөйтіп бұл ауыл керемет шаһарға айналады. «Айдан мен Нұрданның есімдерін халық қадір тұтып өз балаларына үлгі қылады.

Сұрақтар:

- Әңгіме не туралы айтылған?

- Айдан мен Нұрдан қандай балалар?

- Олардың мақсаты не еді?

- Балалар өздерінің армандарына бойындағы қандай қасиеттің арқасында жетті?

- Ал сендер ,балалар, мақсат қойып,оған жеткен кездеріңізді еске түсіріңіздерші


Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.

1-топ: Жетістікке жету жолындағы ұстанымдарды жазып түсіндіреді. Өз армандарын суретпен бейнелеп, көрсетеді.

2-топ : «Бүгіннен - жарқын болашағыма!» жоба құрады

3-топ: Төменде берілген хаттың шешімін тауып,оған жауап жазады.

«Сәлем, Ақжарқын!Міне, «Болашақ» бағдарламасымен Лондонға келгеніме бір жыл болып қалды.Бастапқы таныстыру курсынан да сәтті өттім.Маған Англия өте ұнайды, адамдары да!Осында қалу ойым бар.Бірақ өзімді сенімді, өте жақсы сезінем деп айта

алмаймын.Неге екенін өзім де түсіне алмай жүрмін.Ойланған сайын терең тұңғиыққа батып бара жатқандаймын. Сен «Бәрі де адамның өз қолында» дейсің.Бұл жерде немен айналысамын, қалай өмір сүремін?» деген ой басымнан шықпайды.Алдыма белгілі бір мақсат қоюға да,бір нәрсе жайында армандауға да қорқамын.Жанымды жегідей жеген осы бір ойыммен бөліскім келеді.

Сәлеммен, Алдияр.

Жауабыңды асыға күтемін...»


Топпен ән айту.

Әні: Х.Закариянов

«Достарым»


Үй тапсырмасы.

«Талаптыға нұр жауар» тақырыбында берілген аңыз әңгімені оқып келу 38- бет


Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.

Балалар денелеріңді түзу,бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмуларыңа да болады.Ауаны терең жұтып, еркін дем алыңдар.Айналадағы барлық тіршілік иесі сіздерді аялап,қоршап, қамқор болып тұр.Сіздер де дұрыс әрекет ете отырып, мақсатқа жетуге ұмтыласыздар деп ойлаймын.Енді көздеріңді ашсаңдар да болады.





































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
558
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі