САБАҚ
ЖОСПАРЫ
ӘБ
жетекшісі: Жусипова А.С.
Мектеп:
Шымкент
қаласындағы физика-математика бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі
Мерзiм:
8.10.2019 №6
сабақ
Тақырып:
Мақсат
- жетістік желкені
Құндылық:
дұрыс әрекет Қасиеттер:
жауапкершілік,
тәртіппен, сүйіспеншілікпен жұмыс істеу
Мұғалiм:
Куандыкова
А.К. Класс:
8
С Оқушылар
саны: 20
Кәсіби
даму мақсаты:
әртүрлі
тапсырмалар арқылы оқушылардың
шығармашылық қабілеттерін дамыту
Сабақтың
мақсаты:
оқушыларды өз болашағының бағытын
дұрыс айқындап, мақсат қоя білуге
үйрету арқылы дұрыс әрекет құндылығының
мәнін ашу.
Міндеттері:
оқушыларға
өмірлік мақсаттарын нақты белгілей
білу және өз мұратына жету жолдарытуралы
білімдерін кеңейту;
рухани-адамгершілік
құндылықтарды басшылыққа ала отырып,
оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу,
өзін-өзі жетілдіру арқылы болашаққа
құштарлығын арттыру;
оқушыларды
өз болашағына деген жауапкершілікке
тәрбиелеу.
|
Ресурстар:
(құралдар, мәлiметтер)
|
Сабақтың
барысы:
І
Ұйымдастыру кезеңi.
Тыныштық
сәтi. Су асты патшалығына
ойша саяхат
|
Қосымша
1
|
ІІ
Шығармашылық жұмыс
"Бүгіннен
- жарқын болашағыма!"
тақырыбында жоба (мақсат, әрекет,
құрал, уақыт, нәтиже) құрастыру.
|
Оқушы
дәптері
А4
қағаздары
Қосымша
2
|
IIІ
Мақсат
қоюдың адамның өміріндегі маңыздылығын
ашу, мақсат қоюдың алғы шарттарымен
таныстыру мақсатында
"Мақсатты қалай қою керек" атты
бейнебаян көрсетіледі.
|
"Мақсатты
қалай қою керек"
бейнебаяны
https://www.youtube.com/watch?v=eBmiaCMVqow
|
IV
Жоба
құрастырылып, жұпта талданады. Оқушылар
өз қалаулары бойынша оқып берулеріне,
таныстыруларына болады.
|
А4
қағаздары
|
V
Соңғы тыныштық сәті
Тыныштық...
бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде
тыныштық...
|
Әсем
әуен
|
Қосымша
1
Тыныштық
сәтi. Су асты патшалығына
ойша саяхат. (Оқушылардан
еркін отыруды, қолдарын тізесіне немесе
үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды
өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын
қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).
Мұғалім:
Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет
терең тыныстаңыз. Денеңізді босатыңыз.
Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне
саяхат жасаймыз.
Теңіз
жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз.
Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың
шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен
құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте
көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин
екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне
алып кету үшін келді. Ол өте әдепті,
сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап
оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап,
жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында
жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну,
су астында жүзу қандай керемет.
Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ
тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған
әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне
бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді,
суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар.
Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар,
ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл
орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен
қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені
байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық,
толық тыныштық. Осы тыныштық күйде
болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз
қалады).
Ал
қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері
қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті
қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет
қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз.
Осындай тыныштық сізге самалдай әсер
береді. Енді дельфин кері қарай жолға
шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға
жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан
түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай
ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық
білдіріңіз. Сыныпқа оралыңыз және өз
орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан
соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген
тыныштықты өз бойыңызда сақтауға
тырысыңыз.
Қосымша
2
"БҮГІННЕН
- ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫМА"
ЖОБАСЫ
Қадамдар
|
Іс-әрекет
|
Мақсат
|
|
Әрекет
|
|
Құрал
|
|
Уақыт
|
|
Нәтиже
|
|
"БҮГІННЕН
- ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫМА"
ЖОБАСЫ
Қадамдар
|
Іс-әрекет
|
Мақсат
|
|
Әрекет
|
|
Құрал
|
|
Уақыт
|
|
Нәтиже
|
|