400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Мақта қыз бен мысық" 1-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
материал мұғалімдер мен оқушыларға керек
Материалдың қысқаша нұсқасы





Тақырыбы:


Мектебі: Смирнов №1 ОМ

«Мақта қыз бен мысық»

Күні, айы:

Мұғалімнің аты-жөні: Мукажанова Гулжайна Ериковна

1а-сыныбы

Сабаққа қатысқан оқушы саны: 8


Сабаққа қатыспаған оқушы саны:8

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

1.1.4.1. Мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдардың кім/не туралы екенін түсіну;

1.3.3.1.мәтіннің жанрын (өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ және т.б) екенін ажырату

1.3.5.1 Мұғалімнің көмегімен қажетті ақпараттарды иллюстрациялы шағын мәтіндерден тауып алу.

1.4.2.1 Мұғалімнің көмегімен оқыған тыңдаған, аудиовизуалды материалдар бойынша таныс заттардың атауын жазу



Сабақ мақсаты:

Барлық оқушылар:

Ертегі кейіпкерлерін атай алады, ертегінің басты кейіпкері сүт табу үшін басқа қандай кейіпкерлерге барғанын айта алады

Оқушылардың басым бөлігі:

Тақырып бойынша белсенді лексиканы еркін қолдана алады, ертегінің сабақта үйренген бөлігі бойынша кейіпкерлердің рөлін ойнай алады

Кейбір оқушылар:

Ертегі мазмұнын өз сөздерімен айта алады

Пәнаралық байланыс:


Қазақ әдебиеті: Халық ауыз әдебиеті, Тұрмыс-салт жырлары, орыс тілі


АКТ сабақта қолданысы:

Берілген сабақта интербелсенді тақта қолданылады.

Алдыңғы білім:

«Саяхат» бөлімін қайталау

Сабақтың барысы:


Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар


Сабақтың басы

(2-5минут)




(МК)Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Екі топқа бөлу

Оқушыларды түстер арқылы 2 топқа бөлеміз.(сары, қызыл)


Фонетикалық сәт. Қазақтың төл дыбыстарын қайталау. – Балалар, біздің пәніміз қазақ тілі болғаннан кейін, біз бүгінгі сабақта қазақша сөйлеуіміз керек.

  • Балалар, қазақ тілінде неше әріп бар?

  • Ал төл дыбыстар қанша?



Үй тапсырмасын тексеру

«Ыстық орындық» әдісі бойынша үй тапсырмасын тексеру. «Саяхат» бөлімін қайталау:

  • Мен мектепке, үйге, саябаққа, дүкенге, тауға барамын.

  • Мен анаммен, әкеммен, әжеммен, атаммен барамын.

  • Мен мәшинемен, автобуспен, велосипедпен, пойызбен барамын. Мен жаяу барамын.

Қ/Б: «Бас бармақ» әдісі



Сабақтың ортасы

«Мағынаны таны» стратегиясы.

  • Суреттерге қараңдар, тақтада не көріп тұрсыңдар?

  • Бұларды не біріктіреді?






Сабақтың ортасы

(6-40минут)

1. Берілген суреттердегі таныс ертегілерді анықтап, сол ертегі жайында түсінгеніңізді айтыңыз.


Слайд №1

Бағалау критерийі:

Бірнеше ертегі туралы суреттер көрсетіледі.Оқушылар білетін ертегілері туралы айтып, әңгіме қозғайды.


Сабақ тақырыбын жариялау.

Балалар, ендеше бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбымен таныс болыңыздар. Біз бүгін ертегілерді қарастырамыз. Сабақтың тақырыбы – «Мақта қыз бен мысық ертегісі»

Слайд №2

Оқу мақсаттарымен таныстыру.

Слайд №3

2. Бейнематериал арқылы «Мақта қыз бен мысық» ертегісін тамашалаңыз. – Мінеки, балалар, егер біз бүгін сабақта тапсырмаларды дұрыс орындасақ, мысыққа оның құйрығын тауып береміз.

https://yandex.kz/video/search

3. Сұрақ-жауап.

- Міне, балалар, біз сендермен ертегіні тамашаладық. Енді бұл ертегінің барысында қандай таныс сөздерді естідіңдер? Олардың ағылшынша баламаларын да атауға болады. (Мысалы, мысық, сиыр, су, сүт, тышқан, қыз, ағаш, жұмыртқа, т.б.)



4. Ендеше сөздікпен жұмыс жасайық. Балаларды жаңа сөздермен таныстыру.

Мейіз – изюм
Тауып алады – нашел (а)
Қатығын төгеді – выливает кефир
Құйрығын кесіп алады – отрезает хвост
Жапырақ – листья
Шөлдеп тұрмын – сильно хочется пить
Жұмыртқа – яйцо
Дән – зерно
Тышқан – мышь
Көреді – увидит
Бас салады – хватает
Тары – пшено

5. -ға, -ге, -қа, -ке жалғауларына назар аударту.

Сиырға, ағашқа, қыздарға, дүкеншіге, тауыққа, тышқанға

Слайд №4














Слайд №5



6. Жұптық жұмыс.

1-жұп. Адасқан әріптерді табу. (раты, ажпырақ, жұмырқат, түс)


2-жұп. Буындарды құрастыру. (Си, тыш, та, мы, қыз, қан, ыр, дар, уық, сық)

3-жұп. Сөз тіркестерін жасау (Мысық / сиыр / тышқан / тауық / қара / қоңыр / кішкентай / үлкен - сөздерінен сөз тіркестерін жасап жаз).

4-жұп. Кім? Не? Сұрақтарын ажырату (дүкенші, мысық, сиыр, тышқан, Мақта қыз, ағаш, тауық).
Қ/Б: «Бағдаршам түстері» әдісі

7. Топтық жұмыс. Постер жасау.

1-топ.  «Оқиға тізбегі» әдісі бойынша көрген бейнесюжеттері арқылы оқиға желісі арқылы топтап, ретімен орналастырыңыз.

Мысық қатық іздегенде қайсысына қашан барғанын ретімен айтыңдар. Мысалы, мысық сиырға барады.
Сиыр
Ағаш
Қыздар
Дүкенші
Тауық
Тышқан
Мақта қыз
2-топ.
Мысық қайсысынан не алды? Мысыққа не берді? Сәйкестендіріңдер. Мысалы, тауық жұмыртқа береді.
сиыр тары
тауық су
ағаш сағыз
дүкенші жапырақ
қыздар қатық
тышқан жұмыртқа

Қ/Б: «Шапалақ» әдісі



Кеспе қағаздар


8. Рөлдік ойын. Өзара пікірлесу. Диалогке түсу.



Сергіту сәті.

9. Ертегі кейіпкерлерін сипаттап, дауыстарын келтіреді.

Мысық – мяу, тышқан – иии, сиыр – му, тауық – қыт-қыт.

Сабақтың соңы

Мысыққа құйрығын жалғау.

Рефлексия. Табыс ағашына жапырақтар жапсыру.

Үйге тапсырма

Ертегіні оқу, мазмұндау








1-жұп. Адасқан әріптерді табу. (раты, ажпырақ, жұмырқат, түс, ус)






2-жұп. Буындарды құрастыру. (Си, тыш, та, мы, қыз, қан, ыр, дар, уық, сық)




3-жұп. Сөз тіркестерін жасау (Мысық / сиыр / тышқан / тауық / қара / қоңыр / кішкентай / үлкен - сөздерінен сөз тіркестерін жасап жаз).





4-жұп. Кім? Не? Сұрақтарын ажырату (дүкенші, мысық, сиыр, тышқан, Мақта қыз, ағаш, тауық).

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
715
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі