Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Марат Қабанбай "Бауыр" 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал жаңартылған білім беру мазмұны бойынша құрылған қысқа мерзімді жоспар. 6-сыныпқа сабақ беретін ұстаздар үшін өте пайдасы зор. Сабақ мақсатына жетуде өте ұтымды, сараланған әдіс-тәсілдер қолданылған. Оқушыларға да өте қызыұты өтеді деген сенімдемін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқамерзімді сабақ жоспары

Ұзақмерзімді жоспардың тарауы:

Адамгершілік - асыл қасиет

Мектеп: «Егінсу орта мектеп- бақша» КММ

Күні:


Мұғалімнің аты-жөні:

Жанпейсова Н.К.

Сынып: 5

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Марат Қабанбай «Бауыр» әңгімесі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу (Т/Ж3)

Сабақ мақсаттары



Барлық оқушылар орындай алады: Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашады

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образдарды салыстыра алады

Кейбір оқушылар орындай алады: көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен образдарын ашу арқылы өзіндік пікірін білдіре алады.

Бағалау критерийі

  • Шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс- әрекетіне талдау жасайды.

  • Кейіпкер образына қатысты өзіндік пікір танытады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады: Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашады, образдарды салыстыра алады, өз көзқарасын білдіреді

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: балалар үйі, дөңес мұрын , бокс, ішімдегіні тап, қыңыр, самарқау, бауырына басу.

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Жазушы не себепті әңгімені «Бауыр» деп атаған?

  • Манаптың балалар үйіне келуінің себебі не?

  • Не себепті Қали әскери ұшқыш болғысы келді деп ойлайсың?

  • Не себепті Қали ағасын суық қарсы алды деп ойлайсың?

Жазылым: эссе

Құндылықтарға баулу

Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім сияқты ұлттық немесе жалпыадамзаттық құндылықтарға баулу көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс- әрекеті арқылы іске асырылады.

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі

Алдыңғы оқу

М.Қабанбайдың өмірбаянымен таныс, «Бауыр» әңгімесінің мазмұнын оқыды

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың

басы

3 мин.










5 мин.










2 мин.

Сыныпты топқа бөлу.

«Гүлмен тілек» әдісі (сергіту және топқа біріктіру)

Мақсаты: оқушыларды қатыстыру арқылы барлығын теңестіріп, жағымды ахуал қалыптастыру, оқудағы кедергілерді азайту.

Арнайы дайындалып келген гүлді алақандарына салып тұрып, бір-біріне тілек тілейді және гүлдің астына жазылған сөздер бойынша топқа біріктіріледі.

Жеке жұмыс«Үш қадамды сұхбат» әдісі.

Мақсаты: берілген тапсырмаларды орындау арқылы өткен сабақты еске түсіру

1- оқушы. Әңгімені қысқаша баяндайды.

2- оқушы. Әңгімеде көтерілген негізгі идеяларды анықтайды.

3- оқушы. Әңгімеге қатысты өз көзқарасын білдіреді.

ҚБ. «2 жұлдыз, 1 тілек»

Мақсаты: өзара бағалау арқылы оқушының күшті және әлсіз жақтарын анықтау

«Қазақ әдебиеті» 5-сыныпқа арналған оқулық. А.С.Ақтанова, А.Қ.Жундибаева

Атамұра, 2017 ж














С абақтың ортасы



15 мин.


























5 мин.





Топтық жұмыс

Мақсаты: Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекетін салыстыру

1- топ. «Хикая картасы»

Сурет пен әңгіме бөліктерін оқиға желісі бойынша сәйкестендіреді.












2-топ. «Қос құты»

Манап пен Қалидың портретін шығармадан тауып жазу, салыстыру.

3- топ.

«Эмоциялар графигі»

Манап пен Қалидың көңіл- күйлерін , іс- әрекетін толтырады.

Бағалау критерийлері:

  • Әңгіменің желісі бойынша суреттерді орналастырады;

  • Кейіпкерлер портретін салыстырады;

  • Кейіпкерлердің іс- әрекетіне баға береді.

ҚБ: «Галереяда ой шарлау»

Мақсаты: топтар бірінің жұмысын бірі тексеріп, өзіндік пікірлері мен ұсыныстарын білдіру

А4 қағаздар, түрлі- түсті маркерлер















М анап Қали





көңіл- күй






Іс- әрекет

Сабақтың

соңы



6 мин









4 мин

Топтық жұмыс. «1 минуттық эссе»

Мақсаты: алған білімдерін бекітіп, өзіндік көзқарасын білдіру. 

1-топ: І-ІІІ абзацтағы эпизодтарда әңгімеге түрткі болған кейіпкердің іс-әрекеті.

2- топ: Әңгіменің алғашқы бөлігі мен соңғы бөлігінде кейіпкер мінезіндегі айырмашылық.
3- топ: Әңгіменің өрбу барысында кейіпкердің іс-әрекеті мен портреті жайлы қандай ой түйдің? (өмірмен байланыстырады)

Кері байланыс «Бес саусақ» әдісі

Мақсат: сабақтан алған әсерін айту, өзіне өзі баға беру.

  • Бас бармақ- басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе қандай болды.

  • Балалы үйрек- бірлесу. Мен топта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмектестім? Кімге риза болдым?

  • Ортан терек- ойлау. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?

  • Шылдыр шүмек- шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

  • Кішкентай бөбек- Көңіл- күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім.

Дескриптор:

  • Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекетін салыстырады;

  • Манап пен Қалидың көңіл- күйлерін , іс- әрекетін графикке толтырады;

  • алған білімдерін бекітіп, өзіндік көзқарасын білдіреді. 

Үйге тапсырма: Кейіпкер образын сипаттайтын мақал-мәтел теріп келеді.

«Бауыр» әңгімесінен үзінді, оқулық, үлестірме материал, мұғалімге арналған нұсқаулық А4 қағаз


Қосымша мәлімет

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс – денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)

Тапсырмаларды түсінікті және жүйелі түрде беремін, барлық оқушы көркем шығарманы түсінеді, кейіпкерлерді табады, көпшілігі көркем шығармадағы кейіпкерлердің портреті мен іс-әрекеті арқылы образдарды салыстыра алады, кейбір оқушылар кейіпкерлердің кейіпкерлер портреті мен образдарына сыни көзқарастарын білдіреді

«2 жұлдыз, 1 тілек», «Галереяда ой шарлау»

Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім сияқты ұлттық немесе жалпыадамзаттық құндылықтарға баулу көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс- әрекеті арқылы іске асырылады.

Сабақ бойынша рефлексия

  • Сабақ мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма, қолжетімді болды ма?

  • Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқу мақсатына қол жеткізбеген болса неліктен деп ойлайсыз?

  • Сабақ қалай және қандай деңгейде өтті?

  • Жоспарланған саралау дұрыс іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

  • Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?

  • Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма, неліктен?

  • Осы жоспарға қандай өзгеріс енгіземін және неге?


Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты):

1.

2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?


















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.11.2018
938
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12