400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 19 материал табылды

Ашық сабақ “Маржанды іздеу сапарында”

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі даярлық тобы балалары үшін ұйымдастырылған оқу қызметі,жаңа заманауи технологиялары мен әдіс-тәсілдер қолданылған,К-4,Сингапур,steam,Аманашвили,Воскобович т б қолданылып балалар бойында таными-шығармашылық,мол қарым-қатынасты,ізденісті нығайтады
Материалдың қысқаша нұсқасы


Білім беру салалары: «коммуникация», «шығармашлық»

Ұйымдастырылған оқу қызметтері: драма, қазақ тілі, музыка, хореография

Тақырыбы: «Маржанды іздеу сапарында»

Мақсаттары:Туындаған жағдаятты шешуде балалалардың жан-жақты ойларын, іс-әрекеттерін жүзеге асырудағы ептіліктері мен білімдерін арттыру, дұрыс шешім қабылдай білудегі, жақсы мен жаманды ажырата алудағы іс-әрекеттерін,жақсы көңіл-күйді дамыту, қамқорлыққа, көмек берудегі адамгершіліке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: сөйлеу қабырғалары,Гумандық әдісі,сингапур әдісі, Алеер моделі, ойын «Робот», өз ойым Корзинасы, Интерактивтік еден, Тик-Тэк-Тол әдістері, көлеңке театры,

Қолданылатын технологиялар: денсаулық /А.Н.Стрельникова тыныс алу жаттығуы/, ойын, мультимедия

Қажетті құрал-жабдықтар: интерактивтік тақта, интерактивті еден,суреттер/теңіз мекендеушілері/ ұсақ заттар/музыкалық аспаптар/, ау,бөтелке безендірілген, үлестірмелі карточкалар

1.Балалар ішке кіреді, «Бәріміз біріміз үшін!»деп қолдарын қосып дауыс шығарады.

Тәрбиеші: Балалар бүгінгі демалыс күніміз таза ауада, теңіз жағасында өтеді.

Қарандаршы қандай тамаша көрініс, тамаша таза ауа.

-Келіңдер, таза ауамен тыныс алайық.

Тыныс алу « Алақандар » жаттығуы жүргізіледі.Аяқ арасы ашық, Алақандар иықпен бірдей,саусақтарды қатты жауып тыныс аламыз.3-рет жасаймыз.

Жаттығудан кейін балалар құмдармен ойнайды./теңіз шуы әуендері/

Осы кезде шағалалар дыбысы естіледі.

Балалар: мынау-шағалалар ғой, жақын ұшып жүр.

/ «Шағалалар самғайды» би көрінісі көрсетіледі./

Шағалалар балалар қастарына келіп қонады, қолдарында қызық бөтелкелері бар.

Тәрбиеші: бөтелкені алып, ішіндегі хатты оқиды.

Хатты жіберген су асты патшасы екен: «Менің керемет теңізімнің суы ластанып барады, онымен қоймай,ең жарық, тамаша «маржанымда»жоқ болып кетті, кімнен көмек сұрарымды білер емеспін?»

Балалар: таң қалысып, көмек беруді ойлайды.

Тәрбиеші: Балалар, теңіз өте терең, өте қауіпті!

Сендер білесіңдер ме, теңізде қандай теңіз мекендеушілері мекен ететіндерін?

Балалар: Балықтар, дельфиндер, жұлдыздар, Акулалалар,

Тәрбиеші:дұрыс, ендеше маған қарай жақындандар.

АShape1

балықтар

леера моделі әдісі:


1. Құйрықтары 2. Домалақ түрі-сазан

Қабыршықтары сопақша түрі-шоқыр

Желбезектері ұзын-бекіре

Көздері ұсақ-шабақтар

Уылдырықтары мұртты-сом

сүйектері


3.жүзеді 3.қайық ұқсайды

ауыздарымен қоректенеді су асты қайығы

көбейеді акваландарға ұқсайды

аквариумда ұстауға болады


Тәрбиеші: Жарайсындар,балалар, ал су асты патшасына қалай көмектесеміз? Тоқта, тоқта, балалар, қараңдар, бөтелке сыртында жазу бар екен?

Бөтелке сыртындағы жазу: «Егерде бөтелке сыртын үш рет уқаласаңдар, теңізде боласындар!»

Балалар қуанады

Тәрбиеші: Бәріміз біргеміз! ұранын ескерейік.

Теңіз асты, дыбыстар, теңіз суының толқыны

Балалар: Қараңдар, тамаша, керемет!/интерактивкадан теңіз асты бейнесі/

Тәрбиеші: Балалар, қараңдар, қандай лас, расында теңіз суы ластануға айналыпты.Не істейміз балалар?

Балалар; Тазартуымыз керек, әйтпесе теңіз асты суы қауіпкке ұшырайды.

Қараңдар, аулар?

Тәрбиеші: Кәне, қайда біздің топтың ер жүрек, күшті, батыл жігіттері, тартыңдар ауды.

/Ауды ұл балалар тартады, ауға ұсақ заттар түседі.//

Тәрбиеші: мәссаған, қаншама лас заттар?Балалар бұларды біз балабақшаға алып кетейік, өзіміздің шығармашылық жұмысымызда бір ғажайыптар ойластырырамыз, ал қазір өзіміз жасаған қызық аспаптармен теңіз асты мекендеушілеріне тамаша құрметімізді білдірейік:

Қызық аспаптармен оркестр.

/Осы кезде Акула шығады/

Көлеңке театры: Акула балаларды қуады.

Барлығы үрейлене Акуладан қашады.

Осы кезде «қызық Дос» шығып Акуламен ойнайды

Дыбыстық жаттығулар жасалады.

Акула тынышталады.

Қазақ тілі мұғалімі: «Өз ойым карзинасы»әдісін қолдану арқылы Акуланы сипаттап, бірнеше сөйлемдер құрайды.

Акула қашып кетеді.

Балалар таң қалысады.

Көлеңкеден су перісі көрінеді.

Су перісі: не шу, не айғай, менің тәтті ұйқымды бұздыңдар, сендер кімсіндер?

Балалар: Біз «Қарлығаш»балабақшасының батыл балаларымыз, біз сіздерге көмекке келдік, ең әдемі, жарық маржанды іздеп жүрміз.

Су перісі: оны не істемексіндер, алып кетесіңдер ме?

Балалар: жоқ, иесіне қайтару керек, су астында ол маржансыз қиын болады, мүмкін сен көрген боларсын?

Су перісі: Жоқ, көргенім жоқ,

Балалар: Ендеше әрі қарай іздейік.

Су перісі: Тоқтаңдар, мен оны тауып алдым, ол сондай әдемі, бергім келіп тұрған жоқ, егер сендер маған уақыттарынды бөліп ойнасаңдар, беремін маржанды,-деп күрсінеді.

Балалар ақылдасып Су перісімен ойнауға келіседі.

Ойын : «Робот», «Интерактивті еден»

Тәрбиеші: Ойын шартын түсіндіріп, балалар Робот- тобымыздағы ең батыл-Сұлтан, ал Роботты нұсқаушы-тобымыздың ең ұзын бойлы қызымыз-Жанел болсын, келісесіндер ме?

Балалар: келісеміз.ТЭК-ОП-ТАЧ-ДАП

Су перісі: балаларға риза болып, маржанды өз қолымен су асты патшалығына апарып беруге сөз береді.

Балалар: Біз саған сенеміз!

Мультфильм көрсетіледі. /Су перісі су асты патшасына маржанды апарып табыс етудегі көрініс/

Су асты патшасы: Су перісі, мен өте ризамын, ал батылдық көрсетіп, көмек беруден қашпаған балаларға алғысым өте көп.Ендеше, олар сүйікті балабақшаларыңа қайтсын. Жолдарын болсын, сау болыңдар»

Балалар: көзді ашып-жұмғанша балабақшада болады.

Балалар қуанады: Біз балабақшадамыз.

Тәрбиеші: Балалар, мен сендерге қуаныштымын. Бүгінгі маржанды іздеудегі сапарымыз бізге көп нәрсені үйретті деп ойлаймын. Ендеше к»не мен сендерге сапар ұнады ма, не үйрендіңдер білгім келіп тұр.

Ендеше келіңдер, мына тор көздерді толтыру ойынын бастайық. Қызықты болсын, келісесіндер ме?

-ТЭК-ОП-ТАЧ-ДАП

Балалар егер келіссеңдер –0 белгісін қоясыңдар

Келіспесендер-х белгісін қоясыңдар:

1-қатар, жоғары бөлігі:

1.Балықтар балалар желбезектерімен демалады екен, келісесіндер ме?

2.Мен маржанды ағашта өседі деп ойлаймын, келісесіндер ме?

3. Табиғатты ластауға болады деп ойлаймын, келісесіндер ме?

2-қатар, ортасы:

4. Балықтар қабыршықтарымен қорғанады екен, келісесіндер ме?

5. Балықтардың пайдасы көп, келісесіндер ме?

6. Маржанның-пайдасынан, зияны көп деп ойлаймын, келісесіндер ме?

3-қатар, төменгі бөлігі:

1.Балықтар түрлі-түсті, әр түрлі пішінді болады екен, келісесіндер ме?

2.Теңізге рұқсатсыз түсе беруге болады екен, келісесіндер ме?

3.Теңіздер-таза, әдемі болу керек, келісесіндер ме?

Тәрбиеші балалар жауаптарына жеке жұмыс жүргізеді.

Тәрбиеші: жарайсындр, балалар, ендеше бәріміз бірге ұранымызбен бәріміз топқа барайық.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 ақпан
526
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі