400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Машина жасау кешені" 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ұсынып отырған жұмысым еңбек пәні бойынша 9 сынып сабақ жоспары. Жаңартылған білім бойынша жасалғандықтан, жоспар құруға ұлгі ретінде пайдалануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ тақырыбы: Машина жасау кешені.
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Машина жасаудың экономикадағы рөлі, машина жасау, оның негізгі салалары, орналасу принциптері, мамандану мен кооперативтендіру, кешенді сала екендігі туралы білім беру.
Дамытушылық: Оқушының әртүрлі әдіс - тәсілдер, қосымша ақпарат көздерін пайдаланып, өздігімен зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында білімдерін дамыту.
Тәрбиелік: Топтасып, жекелеме жұмыс істей білуге, өз ойларын, пікірлерін еркін айта алуға тәрбиелеу.
Сабақ көрнекіліктер: Интербелсенді тақта, слайдтар, шарлар, ақ қағаз, маркер, стикер, үлестірме материалдар.

Сабақ барысы:

І. Кіріспе. Ұйымдастыру.

Шаттық шеңбері « Жақсы сөз - жан азығы» - дейді қазақ. Мына жүрекшені бір – бірімізге бере отырып, әрқайсымыздың жақсы қасиеттерімізді айтайық.


Топқа бөлу. Пазл жинау.

«Нұр Отан» , «Тәуелсіздікке 26 жыл»

Әр оқушы пазл алады. Пазл құрастырып, шыққан сурет бойынша топқа бөлінеді.Топ бойынша бөлініп отыру.


ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

«Сиқырлы шар»

Үрленген шарларды жару арқылы, ішіндегі сұрақтарға жауап береді.

  1. Құрылыс материалдарына не жатады?

  2. Құрылыс материалдарын не үшін колданады?

  3. Құрылыс материалдары негізгі неше топқа болінеді?

  4. Ұстастырғыш материалдарды ата.

  5. Қабырғалық материалды ата.

  6. Минералды құрылыс шикізатына не жатады?

  7. Мәрмәр қай жерлерде шығарылады?

  8. Саз, гипс, талшық тас қайда өндіріледі?

  9. Бір тонна цемент шығару үшін қандай шикізат, қанша керек?

  10. Қазақстанда цемент зауаттарын ата.



ІІІ. Жаңа тақырып.

Жаңа тақырып бойынша қысқаша мәлімет беремін. (Слайд)

Жаңа тақырыпты ашу топтарға тапсырма беру.

-Әр топтан бір оқушыдан шығып, сұрақтар тартады.

-Әр топ оқулықтан мәтінді оқып сұрақтарға жауап іздейді

Сұрақтар:

  1. Машина кешені дегеніміз не?

  2. Көліктің қандай түрлерін білесіңдер?

  3. Машина жасау кәсіпорындарының маңызы.

  4. Ұлы Отан соғысы кездерінде қай жаққа көшірілді, мысал келтір.

  5. Машина жасаудың ірі және орта кәсіпорындар саны нешеу?

  6. Машина жасау саласы үшін мамандар қай жерлерде даярлайды?

  7. Қазақстанның негізгі әріптесі және экспорттың негізгі бағыттары.

  8. Машина жасаудың екі бағытын атаңдар.

Әр топ постер дайындайды және оны қорғайды, топтар бірін-бірі бағалауы «Үлкен бармақ»

IV. Сергіту сәті «Қара жорға биі»

V. Қорытынды: Слайд бойынша қойылған жаңа тақырып бойынша қорытынды жасау. Алдын-ала қабілетті оқушыларға берілген тапсырманы тыңдау.

1- оқушы тапсырмасы: «Павлодар трактор зауыты» туралы ақпарат
2- оқушы тапсырмасы: Өскемен қаласында «Азия - Авто» зауыты туралы ақпарат.

VI. Жинақтау: Синквейн «5 жолды өлең» әдісі (cлайд)

1-топ: Машина

2- топ Металлургия

  1. Зат есім--------Астана

  2. Сын есім------әдемі, жақсы

  3. Етістік---------көрекейеді,салынады, үлкейеді

  4. Сөйлем------- -Астана Қазақстанның жас қаласы.

  5. Синоним-------Қала

Кері байланыс: «Екі жұлдыз, бір тілек»


VII. Сабақтың қорытындысы: Үлестірмелі материал тарату, бағалау.

VIII. Рефлексия.

Оқушылар стикерлер (алма) арқылы бүгінгі сабақты бағалайды.

Жасыл-мен көп нәрсені үйрендім

Сары-мен аз нәрсені үйрендім

Қызыл - мен ештенені үйренбедім



IX. Үйге тапсырма: §24 Реферат Тақырыбы: «Шығыс Қазақстанда қандай машиналар шығарылады?»











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
860
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі