400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 30 материал табылды

Ашық сабақ "Масса және денелердің массасын өлшеу." Физика. 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ жоспары 7-сыныпқа физика пәнінен сабақ беретін мұғалімдерге тәжірибе алмасу мақсатында беріледі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Авторы: Бекишева Айнаш Жумабаевна

Солтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев ауданы, Булаев қаласы, Солтүстік Қазақстан облысы «Мағжан Жұмабаев ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Тығыздық

Мектеп: №4 Булаево орта мектебі.

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Бекишева Айнаш Жумабаевна

Сынып: 7

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Масса және денелердің массасын өлшеу.

Оқу мақсаттары:

7.2.2.11. электронды, серіппелі, иінді таразылардың көмегімен дененің массасын өлшеу

Сабақтың мақсаты:

1.Масса ұғымын қолдану және оның өлшем бірліктерін килограмм арқылы өрнектеу

2. Таразы түрлерін пайдаланып массаны өлшеу.

3.Өзара әрекеттесу кезінде денелердің жылдамдығының оның массасына тәуелділік қатынасын пайдаланып, есептер шығару


Бағалау критерийі:

1.Масса бірліктерін килограмм арқылы өрнектей алады

2.Таразы түрлерін пайдаланып, заттың массасын өлшей алады алады.

3.Өзара әрекеттесу кезінде денелердің жылдамдығының оның массасына тәуелділік қатынасын пайдаланып , есеп шығара алады.

4. Иінді таразыларды түрлі жағдайларда пайдалана алады.

Тілдік мақсаттар:

Терминалогиялық сөздік:

масса –масса-mass [mæs]

таразы-весы-libra [ˈlaɪbrə]

кір тастар-гирька-weight [weɪt]

эталон-эталон-prototyhe [ˈprəʊtəʊtaɪp]


Диалог үшін пайдалы дәйекті сөздер:

    • Денелер өзара әрекеттескенде ... өзгереді.

    • Масса ... сипаттайды.

    • Массаның өлшем бірліктері ...

    • Масса эталоны ... болып табылады.

    • Массаны өлшеу үшін қолданылаты құрал ... деп аталады.

Құндылықтарға баулу:

Қазақстанның Тәуелсіздігі және Астана

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Пәнаралық байланыс:

География, еңбекке баулу, математика.

Алдыңғы білім:

Масса, килограмм, грамм, таразы, жылдамдық, жол

Сабақтың барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері:

Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері:

Ресурстар

Сабақтың басы:

І. Ұйымдастыру: Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

Топтастыру:

Асықтар арқылы топқа бөлу. (боялған)

ІІІ. «Миға шабуыл» Физикалық диктант

Оқушылар жеке топшаманы толтырады.

1.Әлем кеңістігінде не бар болса, соның бәрі ... деп аталды.

2.Денелердің өзара әрекеттесу кезіндегі жылдамдықтарының өзгеру дәрежесін анықтайтын физикалық шама ... деп аталады.

3.Дене тең уақыт аралығында ұзындығы бірдей жол жүрсе, ондай қозғалысты ... қозғалыс деп аталады.

4. Қанттың массасын таразы арқылы өлшесек, автокөліктің массасын ... арқылы өлшейміз.

5.Физиканың ең басты зерттеу әдістерінің бірі - ....

6.Масса эталоны ... қоспасынан құйылып жасаған.

Мұғалім: Балалар, сіздер барлық жолдарды толтыра алдыңдар ма? Қай жолдарды толтыра алмадыңдар? Неліктен?







Үлестірме суреттер, желім, карта

































Жеке топшама

Сабақтың ортасы:

«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі

Әр топқа тапсырмалар беру арқылы постер дайындайды, қорғайды.

1-топ: Тәжірибе жасап, неліктен екі арбашаның жолы әртүрлі болғанын түсіндіреді. Масса ұғымын түсіндіреді.



2-топ: Килограмм эталонына, масса өлшем бірлігіне сипаттама береді


1 т = 1000 кг;                         1 г = 0,001 кг;

1 кг = 1000 г;                         1 мг = 0,001 г;

1 кг = 1000000 мг;                1 мг = 0,000001 кг.

3-топ: Таразының түрлері туралы айтады. Таразы арқылы массаны қалай өлшеу керектігін түсіндіреді.



Әр топ бірін-бірі «Мадақтау сэндвичі» әдісі арқылы бағалайды:

  1. Сәтті жақтары

  2. Сындарлы сын

  3. Болашаққа коментарий


Б айырғы салмақтың өлшем бірліктері туралы мәлімет беру.
Титімдей, титтей.
Тинақтай, тырнақтай.
Оймақтай.
Шүйкедей – ұршыққа ыңғайланып шиыршықталған жүндей.
Бір жапырақ – бір жұлым.
Бір жұтым – ауыз толтырып бір ішерлік (су, сүт, т. б.).
Бір шайнам – ауызға бір салар (тағам).
Қадақ – 200 грамм (кейбір әдебиетте 400 гр.).
Бір қап (ұн, қант) – 50 - 60 кг.
Бір арқа (жүк) – 45 - 50 кг.
Найза қап, қанар – 70 - 80 кг.
Пұт – 16 кг, жуық.

Тақырыпты бекітуге арналған тапсырмалар:

Мақсаты: Масса ұғымын қолдану және оның өлшем бірліктерін килограмм арқылы өрнектеу

1.Массалардың төменде берілген мәндерін килограмм арқылы өрнектеңдер:

а)шыбынның қанаты 0,00005 г

ә) теннис добы 2,5 г

б) футбол добы 400 г

в) автомобиль 1,45 т

Бағалау критерийі

Дескриптор

Массалардың мәндерін килограмм арқылы өрнектей алады

  • 0,00005 г

  • 2,5 г

  • 400 г

  • 1,45 т


2. Мақсаты: Таразы түрлерін пайдаланып массаны өлшеу.

а) Сурет арқылы дененің массасын анықтаңдар:


ә) Мектеп таразысын пайдаланып, келесі денелердің массаларын анықтаңдар:

а) мата қиындысын

ә) бұршақтың

б) қаламның

в) өздеріңді қызықтыратын басқа денелердің.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Таразы түрлерін пайдаланып, заттың массасын таба алады.

  • Сурет арқылы есептей отырып дененің массасын анықтады

  • Иінді таразының тепе-теңдік күйін бақылады

  • Денелердің массасын табу үшін таразы түрлерін дұрыс пайдаланды


4. Есепті шешіңдер:

Мақсаты: Өзара әрекеттесу кезінде денелердің жылдамдығының оның массасына тәуелділік қатынасын пайдаланып, есептер шығару


Коньки киген екі бала бір-бірін кері итеріп, қарама қарсы жаққа қарай сәйкес 4 және 5 м/с жылдамдықпен сырғанап кетті. Бірінші баланың массасы 30кг. Екінші баланың мссасы неге тең?


Бағалау критерийі

Дескриптор

Өзара әрекеттесу кезінде денелердің жылдамдығы оның массасына тәуелді қатынасын пайдаланып , есеп шығара алады.

  • Есептің шартын жызды

  • Формуланы дұрыс пайдаланып талдады

  • Есептеулерді дәл жүргізді


  1. «Ақылды данышпан» әдісі

Мақсаты: Иінді таразыларды түрлі жағдайларда пайдалану

Логикалық сұрақтар:

  • Таразылардың ішінде сынық, табақшалары теңгерілмейтін таразы тап болды. Бір оқушы: «Егер құм болса, мен дененің массасын осы таразы арқылы нақты өлшей аламын»,-деді. Ол нені ойлап тапты?

  • Мектеп таразысы арқылы сұйықтықтардың массасын қалай өлшеуге болады? Олар аққыш қой. Өз ойыңызды ұсыныңыз.

  • Сізге конструктордан құрастырылған ойыншық машинаның массасын өлшеу қажет, бірақ ол машинаның массасы мектеп таразысының өлшеу шектігінен артық (200 г). Қалай өлшейміз? (басқа таразы жоқ)

Бағалау критерийі

Дескриптор

Иінді таразыларды түрлі жағдайларда пайдалана алады.

  • Таразы табақшалары теңгерңлмеген жағдайда таразыны пайдалана алды.

  • Мектеп таразысын пайдаланып, сұйықтықтардың массасын өлшей алды

  • Массасы таразы шектігінен артық заттарды сол таразы арқылы өлшей алды.









Арбашалар, жүктер, жіп, сіріңке, өлшеуіш таспа










Топтастыруға арналған флипчарт,

дүние жүзі картасы, кір тастар.

























Мектеп таразысы (200г), электрондық, серіппелі таразы, таразы түрлері бейнеленген слайдтар, кір тастар.

































Үлестірме топшамалар.













Таразылар, кір тастар, өлшенетін әр-түрлі заттар



























































Сабақтың соңы

1.Физикалық диктантты аяқтау.

Сабақтың басында толтырған физикалық диктантта толтырылмаған бөліктерін толтыру.

2.Рефлексия

Бүгін мен сабақта ... білдім. (не туралы?)

Енді мен ... білемін (не істей аламын?)

Бүгін сабақта ... қызықты болды. (не?)

Бүгінгі сабақта алған білімім ... қажет болады. (неге?)






Стикерлер.


Саралау



Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

  • Деңгейлік тапсырмалар орындау,

  • логикалық сұрақтар қою

  • рефлексия


  • Топтастыру

  • Миға шабуыл (физикалық диктант)

  • «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі

  • «Мадақтау сэндвичі» әдісі

  • Тақырыпты бекітуге арналған тапсырмалар

  • «Ақылды данышпен» әдісі

  • Физикалық диктантты аяқтау

  • Рефлексия

Физика оқу кабинетінде тәжірибе жасаған кеде қауіпсіздік ережесін қатаң сақтайды.

Психологиялық ахуал орнату.

Сабақ бойынша рефлексия

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
643
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі