400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Масштаб" 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
6.1.1.5 масштаб ұғымын меңгеру; 6.5.1.3 картамен, сызбамен, жоспармен жұмыс барысында масштабты қолдану;
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.1А Қатынастар және пропорциялар

Мектеп: А.Н Бубенцов атындағы орта мектеп

Күні: 25.09.2019ж

Мұғалімніңаты-жөні: Ақыт Ж

Сынып: 6 «Б»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтақырыбы

Масштаб

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқубағдарламасынасілтеме)

6.1.1.5

масштаб ұғымын меңгеру;

6.5.1.3

картамен, сызбамен, жоспармен жұмыс барысында масштабты қолдану;

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

- масштаб ұғымын түсінеді;

- екі санның қатынасын жазады;

- пропорция ұғымын біледі;

- картамен, сызбамен, жоспармен жұмыс барысында масштабты қолданады.


Бағалау критерийлері

Білім алушы

- масштаб ұғымын түсінеді;

- екі санның қатынасын жаза алады;

- пропорция ұғымын біледі;

- картамен, сызбамен, жоспармен жұмыс барысында масштабты қолданады.

Тілдік мақсаттар

- пропорция;

- пропорцияның негізгі қасиеті;

- пропорцияның шеткі мүшелері;

- пропорцияның ортаңғы мүшелері;

- пропорцияның белгісіз мүшесі;

тура пропорционалдық тәуелділік;

кері пропорционалдық тәуелділік;

- масштаб;

Құндылықтарды дарыту

Белсенді қарым- қатынас, өзіндік шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту. Бір – бірінің пікірлерін құрметтеу, қабылдау. Оқушылардың өз бетімен білім алу дағдыларын қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Өмірмен байланысты есептер

Бастапқы білім

Оқушылар жай бөлшек, бүтін сан, рационал сан ұғымдарын біледі; рационал сандарды қосу мен азайту амалдарын орындай алады.

Сабақбарысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.

Үй тапсырмасын тексеру.

Ой-қозғау:

С-1:Масштаб дегеніміз не?

С-2: Масштаб қайда және не үшін пайдаланады?

С-3: Егер дененің нақты өлшемі сызбада 100 есе кемісе, сызбаның масштабы неге тең?






Оқулық


Сабақтың ортасы

10мин

Топтық жұмыс

Тест бойынша жұмыс.

1 нұсқа

1.Спорттық базалардың арақашықтығы карта бойынша 8 см-ге тең. Егер картадағы 1 см жербетіндегі 11 км-ге сәйкес келсе, онда шаңғышы бір базадан екінші базаға бару үшін қанша арақашықтық жүру керек.

1) 108 км 2) 58 км 3) 88 км 4) басқа жауап

2. Картаның масштабы 1:100000. Егер жер бетіндегі арақашықтық 13 км болса, онда картадағы арақашықтықты анықтаңдар.

1) 13 см 2) 26 см 3) 13 мм 4) басқа жауап

3. Картаның масштабы 1:1000000. Егер картадағы арақашықтық 6 мм болса, онда жер бетіндегі арақашықтық неге тең.

1) 6000 км 2) 6 км 3) 600 км 4) басқа жауап

4. 18 км газ жалғайтын провод картада 5 см болып кескінделген. Картаның масштабын табыңдар.

1) 1:3700000; 2) 1:1850000;

3) 1:370000; 4) басқа жауап.

5. Деталдың ұзындығы сызбада 1:3 масштабпен

12 см-ге тең. Осы деталдың ұзындығы

1:4 масштабпен жасалғанда неше сантиметрге тең болады?

  1. 8 см 2) 7 см 3) 12 см 4) басқа жауап.

  1. нұсқа

1.Екі ауылдың арақашықтығы карта бойынша

15 см-ге тең. Егер картадағы 1 см жербетіндегі 3 км-ге сәйкес келсе, онда екі ауылдың жербетіндегі арақашықтығы неге тең.

1) 5 км 2) 45 км 3) 82 м 4) басқа жауап

2. Картаның масштабы 1:20000. Егер жер бетіндегі арақашықтық 18,7 км болса, онда картадағы арақашықтықты анықтаңдар.

1) 80 см 2) 820 м 3) 18,7 м 4) басқа жауап

3. Картаның масштабы 1:1000000. Егер картадағы арақашықтық 41 мм болса, онда жер бетіндегі арақашықтық неге тең.

1) 6000 км 2) 6 км 3) 600 км 4) басқа жауап

4.45 м газ жалғайтын провод картада 1,25 см болып кескінделген. Картаның масштабын табыңдар.

1) 1:452500; 2) 1:36200;

3) 1:3620; 4) басқа жауап.

5. Деталдың ұзындығы сызбада 1:200масштабпен

8 см-ге тең. Осы деталдың ұзындығы

1:70 масштабпен жасалғанда неше сантиметрге тең болады?

  1. 7 см 2) 5 см 3) 6 см 4) басқа жауап.

Жауаптары:










Тест тапсырмалары





















Жұмыс дәптері.




























10мин

Жұптық жұмыс

1 жұп

№1. Жер бетіндегі 20 м арақашықтық картаға

5 см болып кескінделген. Картаның масштабын табыңдар. Жауабы: 1:400.

№2. Жоспарда үйдің ұзындығы 25 см. Егер жоспар 1: 300 масштабымен жасалса, онда үйдің жер бетіндегі ұзындығын табыңдар. Жауабы: 75 м.

2 жұп

№1. Екі қаланың арақашықтығы 1300 км. Осы екі қаланың арақашықтығы масштабы 1:10000000 картада неше сантиметр. Жауабы: 13 см.

№2. Деталдың ұзындығы сызбада 1:3 масштабпен 2,4 см-ге тең. Осы деталдың ұзындығы 2:1 масштабпен жасалғанда неше сантиметрге тең болады? Жауабы: 14,4 см.

Дескриптор :

-ұзындық өлшемдерін біледі.

-Санның қатынасын таба алады.

-бірліктерді айналдыра алады.

ҚБ: оқушыларды мадақтау сөздері арқылы

Математика

6 сынып


12мин

Жеке жұмыс

1-тапсырма

Атырау мен Алматының арақашықтығы (түзу бойымен алғанда) 1800 км. Картаның масштабын анықтаңыз.

Дескриптор:

  • -Атырау мен Алматының картадағы арақашықтығын өлшейді;

  • -масштабтың анықтамасын қолданады;

  • -бірдей өлшем бірлікке келтіреді;

  • -қатынасты қысқартады;

  • -жауабын жазады.

2-тапсырма

  1. Токио және Пекин қалаларының картадағы қашықтығы 30 см, нақты қашықтығы 1500 км. Картаның масштабын анықтаңыз.

  2. Осы екі қаланың 1: 25 000 000 масштабымен берілген картадағы арақашықтығын табыңыз (жауабын сантиметрмен беріңіз).

Дескриптор:

  • -масштабтың анықтамасын қолданады;

  • -км-ді см-ге айналдырады;

  • -пропорцияның негізгі қасиетін қолданады;

-жауабын жазады.

ҚБ: стикер арқылы бағаланады.

Жұмыс дәптері

Сабақтың соңы

3мин

Үйге тапсырма:Масштаб. №133.

Сабақ соңында рефлексия жүргіземіз.

«Сөйлемді жалғастыр»

- маған ең ұнағаны ……

- мен үшін күрделі болғаны …..

-келесіде мен міндетті түрде орындай аламын…….

Оқулық

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылар сабақта топтық жұмыста бірлесе отырып талдайды, түсінбеген есептерін бір-біріне түсіндіреді. Жұптық жұмыстарды шығара отырып өз білімдерін шыңдайды.

Сабақтың әр бөлімінде оқушылардың жасаған жұмыстарына мадақтау сөздер айту. Жалпы сыныптық,өз беттік жұмыста тапсырманы орындауда өзара бағалау жүзеге асады.

Сынып ішінің қауіпсіздік ережесімен танысу.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.

2.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.

2.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


Тексерілді :
































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
11 ұстаз жүктеп алған
8 мамыр
3123
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі