жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ. Математика
Сабақ жоспары
Күні: 21.02.19ж
Пәні: Математика
Сабақтың тақырыбы: Көптаңбалы сандарды көбейту және бөлу тәсілдерін пысықтау
Сабақтың мақсаты:.
Білімділік: көп таңбалы сандармен есептеу дағдыларын жетілдіру, қозғалысқа берілген есептерді шығару және өлшем бірліктерге өрнектеуді меңгерту,
Дамытушылық: шапшаң есептеу қабілетін нығайту; ; өздігінен жұмыс істеуге, зерделі болуға үйрету,пәнге қызығушылығын,белсенділігін арттыру,математикалық тілде сөйлеуін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Қазақстанның шекаралас елдері туралы сәлімет беру.
Сабақтың түрі: Пысықтау, саяхат сабағы
Сабақтың әдісі: тест, лездік сұрақтар
Пәнаралық байланыс: география
Көрнекі құралдар: презентация, үлестірмелі қағаздар, карта
Сабақ барысы.
I.Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу үш тілде. Сабаққа дайындығын қадағалау.
II. Психологиялық дайындық: Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу. (Оқушыны шеңбер бойымен тұрғызып, жақсы тілектер айтқызу.)
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Тест. «Қолмен белгі беру» әдісі арқылы өзін-өзі бағалайды.
1. Жүрілген қашықтықпен қозғалыс уақыты белгілі жағдайда жылдамдақты қандай тәсілмен табуға болады?
А) * В) : С)+ Д) -
2.80км/сағ жылдамдықпен қозғалған машина 4 сағатта қанша км жүреді?
А)20км В)76км С)320км Д)84км
3. Бір күнде туристтер 100км жол жүрді.84 км жолды олар автобуспен, қалғанын жаяу жүрген болса,туристер жаяу қанша жол жүрді?
А) 16км В)4км С)20км Д)21км
4. Жылдамдықты табу үшін...
А) жылдамдықты уақытқа көбейту С) жылдамдықты уақытқа бөлу
В) қашықтықты уақытқа көбейту Д) қашықтықты уақытқа бөлу
5. Мотоциклші 30км/сағ жылдамдықпен жүрген.Ол 330 км жолға қанша уақыт жұмсайды?
А)11сағ В)10сағ С)9сағ Д)8сағ
6. Машина бір бекеттен екінші бекетке 12км/сағ жылдамдықпен 6 сағат жүрді.Бекеттердің ара қашықтығы:
А)6км В)18км С)2км Д)72км
7. Мотоциклист 3 сағатта 210 км жүріп өтсе, ол қандай жылдамдықпен
жүргенін көрсет:
А) 70 км/сағ В) 70 км/сағ С) 80 км/сағ Д) 7 км/сағ
8. Уақытты табу үшін...
А) қашықтықты уақытқа бөлу С) жылдамдықты уақытқа көбейту
В) қашықтықты жылдамдықка көбейту Д) қашықтықты жылдамдыққа бөлу
9. Велосипедші 20 км/сағ жылдамдықпен 80 км-ды жүріп өтсе, қанша уақыт жұмсалған?
А)5 В)6 С)52 Д)4
10. Ара қашықтықты табу үшін,...керек.
А ) жылдамдықты уақытқа бөлу С) жылдамдықты уақытқа көбейту
В) қашықтықты уақытқа бөлу Д) қашықтықты жылдамдыққа бөлу
ІІІ. Жаңа сабақ
Лездік сұрақтар:
-
Шөпте қояндар тығылып отыр, тек он құлағы ғана көрініп тұр. Қанша қоян тығылып отыр? (5)
-
Ауылда 4 күн, 4 түн боран соқты. Неше тәулік боран соқты? (4)
-
Бір адам қалаға бара жатыр еді. Жолда оған танысы қарсы келді. Қанша адам қалаға барды?(1)
-
Ең кіші үш таңбалы сан? (100)
-
Ең үлкен үш таңбалы сан? (999)
-
Үш сиырдың неше мүйізі бар? (6)
-
Көлден ұшты 7 қаз
Қайтып қонды 3 қаз
Қонбады сонда нешеуі?
Айтшы кім тез шешеді? (4)
-
Табақта 5 өрік
Маратта 2 өрік
Қолымда 1 өрік
Болады неше өрік? (8)
Дәптерді ауыстыру, бүгінгі күнді жазу.
Бүгін сабағымыз «Саяхат сабақ» болып саналады.
-
Тақтада ілініп тұрған карта қай елдің картасы деп ойлайсың?
-
Қазақстан
-
Дұрыс айтасың. Бүгін Қазақстан Республикасы қай елдермен шектесетіні туралы біліп өтеміз. Оларды білу үшін саған берілетін тапсырмаларды орындау керек.
-
Қазақстан Республикасы батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте Ресеймен шектеседі. Ресей Федерациясының елтаңбасы, туы және ел басшысы кім екенін білу үшін келесі тапсырманы орындаймыз.
№1
есеп. Берілген
есептердің мәнін сандықшадан табу.
1112*30=33 360
51*4=204
12130*4=48 520
4440:40=111
24006:6=4001
88080:20=4404
10640:2=5320
10000:250=40
500500:500=1001
Геометриялық фигуралар бойынша өзін бағалайды.
Сонымен солтүстікте шектесетін Ресей Федерациясының президенті Владимир Владимирович Путин
Осы мемлекеттің ел таңбасы мен туы презентацияда көрсету.
Мемлекеттің халық саны 146 миллиондай
Қазақстан Республикасының шығыс шекарасы Қытай Халық Республикасы болып табылады. Осы ел туралы білу үшін есеп беріледі.
№2 есеп. Берілген бағандап есептеудің қатесін табу. Дұрыстығын тексеру. Тақтамен жұмыс
3027 * 105 = 45 405 (317
835)
931 * 210 = 19551 (195 510)
25338 * 123 = 26 (206)
Бұл тапсырманы мен өзім бағалаймын смайлик арқылы.
Қытай Халық Республикасының президенті Си Цзиньпин
Туы мен елтаңбасын
презентацияда көрсету. Халық саны 1 430 075 000
адам
Ал оңтүстігінде тәуелсіз дос
мемлекеттер: Түрікменстанмен , Өзбекстанмен
және Қырғызстанмен шектеседі. Ол мемлекеттер туралы білу
үшін қозғалысқа байланысты есептерді еске
түсіреміз.
№3
есеп. Жылдамдыққа берілген есепті
шығару.
а) Екі айлақтан бір мезгілде бір-біріне қарама-қарсы бағытта
теплоход пен моторлы қайық шықты. Теплоход 33 км/сағ жылдамдықпен,
моторлы қайық 25 км/сағ жылдамдықпен қозғала отырып, олар 3
сағаттан кейін кездесті. Екі айлақтың арақашықтығы нешеге тең?
а) υ1=33
км/сағ
υ 2=25 км/сағ
t=3 сағ
S=? км
Ш: υ=33 км/сағ+25 км/сағ=58км/сағ
S=58км/сағ *3 сағ=174 км
Ж: S=174 км
Смайликпен бағалау.
Түрікменстан президенті Құрбанқұлы Мәлікқұлыұлы Бердімұхамедов
Халық саны 5 176 502 адам.
Туы мен елтаңбасын көрсету.
ІV. Сергіту
сәті: Табиғат аясында
саяхат
• «Біз казір нұрын төққен,кең даланың ұзын,соқпақ жолымен жүріп,саяхатымызды бастаймыз»(Балалар аяқтарымен тарсылдатады)
• Алдымызда көк майсалы шалғын,аяғымыздың астында жұмсақ шөптер. (Аяқтарымен көк шөптің үстінде сырғанағандай сыңай танытады.
• Міне мен өзен жағалауына да келіп жеттік,аяғымыздың астында құм сусылдап жатыр,(Алақандарын бір-біріне ысқылайды).
• Мына ағаш көпір арқылы өзеннен өтеміз.(Тізелерін жоғары көтеріп,тізеле-рінің артынан шапалақтайды).
• Өзеннің арғы беті батпақтау екен,бір төмпешіктен екіншісіне секіріп өтейік.(Екі аяғымен секіреді).
• Айналамызда қалың тал өсіп тұр,оның ұзын,майысқан бұтақтарын жел тербейді. (Қолдарын жоғары көтеріп ,ары бері қозғайды)
• Алдымызда үлкен жыра бар,аттап өтейік.(Үлкене адым жасап секреді)
• Оң жағымызбен сол жағымызда алқызыл түске еніп,албырап пісіп,жидектер өсіп тұр,сыйға тарту үшін теріп алайық.(Оңға, солға еңкейіп,отырып тұрады)
• Мына алдымыздағы қалың өскен шалғыннан өтіп көрейік.(Тізелерін жоғары көтеріп жүріп өтеді).
• Міне көздеген жерімізге де келіп жеттік!
Келесі Өзбекстан Республикасы. Ол үшін мына тапсырманы орындау керексің.
Көрсетілген өлшем бірліктеріне
өрнектеу.
1т – 1000 кг
1 ц – 200 кг 8т 2ц = 8200кг
1 тәул. – 24 сағ 72 сағ = 3 тәул.
1 км – 1000 м 6км 90м = 6090 м
1 сағ – 60 мин 5 сағ 8 мин=308 мин
1 жыл – 12 ай 52 ай = 4 ж 4 ай
1 сағ – 60 мин 1 сағ 5 мин =65 мин
1 ай – 30 тәул. 2 ай 25 тәул.
= 85 тәул.
Өзбекстан Республикасының президенті
Шавкат
Миромонович Мирзиёев (Мирзияев)
халық саны 31
025 500 адам
Туы мен елтаңбасын көрсету, смайликпен бағалау.
Қырғыз Республикасы. Келесі теңдеуді тақтада орындау.
(3850 + 1892) : х = 638
5742 : х = 638
Х = 5742 : 638
Х = 9
(х + 4589) – 5869 = 3216
(х + 4589) = 5869 + 3216
(х + 4589) = 9085
Х = 9085 – 4589
Х = 4496
Қырғыз Республикасының президенті Сауранбай Шәріпұлы Жиенбеков
Халық саны 6 256 700 адам
Туы мен елтаңбасын көрсету. Смайликпен бағалау.
V. Қорытынды. Сұрақ жауап әдісі.
VI. Үйге тапсырма: № 5 бет 73 бағандап орындау.
VII. Рефлексия
«Күншуақ»: оқушы барлығын түсінсе күнді, жартылай түсінсе – күн мен бұлтты, ештеңе түсінбесе – бұлтты таңдап, тақтаға іледі.
1. Жүрілген қашықтықпен қозғалыс уақыты белгілі жағдайда жылдамдақты қандай тәсілмен табуға болады?
А) * В) : С)+ Д) -
2.80км/сағ жылдамдықпен қозғалған машина 4 сағатта қанша км жүреді?
А)20км В)76км С)320км Д)84км
3. Бір күнде туристтер 100км жол жүрді.84 км жолды олар автобуспен, қалғанын жаяу жүрген болса,туристер жаяу қанша жол жүрді?
А) 16км В)4км С)20км Д)21км
4. Жылдамдықты табу үшін...
А) жылдамдықты уақытқа көбейту С) жылдамдықты уақытқа бөлу
В) қашықтықты уақытқа көбейту Д) қашықтықты уақытқа бөлу
5. Мотоциклші 30км/сағ жылдамдықпен жүрген.Ол 330 км жолға қанша уақыт жұмсайды?
А)11сағ В)10сағ С)9сағ Д)8сағ
6. Машина бір бекеттен екінші бекетке 12км/сағ жылдамдықпен 6 сағат жүрді.Бекеттердің ара қашықтығы:
А)6км В)18км С)2км Д)72км
7. Мотоциклист 3 сағатта 210 км жүріп өтсе, ол қандай жылдамдықпен
жүргенін көрсет:
А) 70 км/сағ В) 70 км/сағ С) 80 км/сағ Д) 7 км/сағ
8. Уақытты табу үшін...
А) қашықтықты уақытқа бөлу С) жылдамдықты уақытқа көбейту
В) қашықтықты жылдамдықка көбейту Д) қашықтықты жылдамдыққа бөлу
9. Велосипедші 20 км/сағ жылдамдықпен 80 км-ды жүріп өтсе, қанша уақыт жұмсалған?
А)5 В)6 С)52 Д)4
10. Ара қашықтықты табу үшін,...керек.
А ) жылдамдықты уақытқа бөлу С) жылдамдықты уақытқа көбейту
В) қашықтықты уақытқа бөлу Д) қашықтықты жылдамдыққа бөлу

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген