жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ашық сабақ математика 1 сынып 4 саны және цифры
Сабақ тақырыбы: |
4 саны және цифры |
Мектеп: Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы № 6 орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі Аманжаева Жанар Аманкельдиевна |
||||
СЫНЫП: 1-сынып |
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны: |
||||
Сабаққа негізделген оқу мақсаттары: |
Барлық оқушылар:Бір таңбалы сандарды санайды ,Цифр мен санды ажырата алады. Оқушылардың басым бөлігі:Тура және кері санайды .Санын көрсетіп ,өрнектің мәнін табады. Кейбір оқушылар орындай алады:4 санының құрамын айтады. |
|||||
Сабақ мақсаттары |
||||||
Бағалау критерийлері |
|
|||||
Тілдік мақсат |
Төрт -четыре-four |
|||||
Ресурстар: |
|
|||||
Құндылықтарды дарыту |
|
|||||
Пәнаралық байланыс |
|
|||||
Жеті модель |
|
|||||
Акт қолдану дағдылары |
|
|||||
Алдыңғы оқу |
|
|||||
Жоспарлау |
|
|||||
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) |
Ресурстар
|
||||
Сабақтың басы
Топқа бөлу
Жаңа сабақ
Топпен жұмыс
Суретпен жұмыс
Жұптық жұмыс
|
Психологиялық ахуал. Күн жарығын алақанға саламын Жүрегіме басып ұстай қаламын. Ізгі, әрі нәзік, жарық, мейірімді. Болып кетер сонда дереу жан – жағым. Оқушыларды үй жануарларына байланысты төрт топқа бөлемін Өткен сандарға байланысты ашық сұрақтар беремін. 1.Өткен сандарды өсу ретімен және кему ретімен санау 2.3 санынан кейін қандай сан келеді? 3.2+2 мәнінің саны нешеге тең? 4.1+3 қосындысы нешеге тең? Сабақты өткен тақырыптарды қайталаудан және оқушыларға мына жаттығуларды орындатудан басаған абзал:
тура және кері ретпен тізбектей санатыңыз;
ойын түрінде өткізіңіз: оқушы 9-ға дейінгі кез келген санды айтады, келесі оқушы оның алдындағы не келесі санды атайды;
тақтаға 1-ден 3-ке дейінгі сандарды өсу ретімен және кему ретімен жазғызыңыз.
Жаңа тақырыбымыз 4 саны 4 саны — натурал сан, ол натурал сандық сәуледегі 3 санынан кейін тұрады. Оқушыларды 4 санының құрамымен және оны алудың әртүрлі тәсілдерімен таныстыру. Сандық сәуледегі басқа сандармен 4 санын салыстыруға және 1, 2, 3 сандарымен байланысына, сандар қатарындағы 4 санынан оңға немесе солға орналасқан сандарға көңіл бөлу керек. Сонымен қатар 4 цифрын көркем жазуға үйрету қажет. Оқушылардан тақтадағы және оқулықтағы сандық сәулеге қарауын сұраңыз. Санаған кезде 3-тен кейін қай сан болатынын сұраңыз.
Оларға алғашында 3 қарындаш алуды, одан кейін 1 қарындаш алуды ұсыныңыз. Неше қарындаш болғанын және 1, 2, 3 сандары 4 санынан артық не кемдігін сұраңыз. 4 санын қалай алуға болатынын сұраңыз. 4 санының құрамына байланысты мына ойынды ойнатыңыз: тақтаға 4 оқушы (екі ұл және бірінің шашы ұзын, екіншісінікі қысқа екі қыз шыққаны дұрыс) шығады. Тақтаның алдына шыққан оқушылардан әртүрлі тәсілдермен топтарға бөлінуін сұраңыз және әр топтағы баланы санатып отырыңыз. Соңынан оларға құрылған топтарға байланысты 4-ті қалай алуға болатыны туралы қорытынды жасатыңыз. Қай үй жануарларының 4 аяғы бар? Айтып бер. Оқушылар суретке мұқият қарап, сұрақтарға жауап беруі тиіс. Жауабы: ат, қой, ешкі.
Қандай сандар түсіп қалған? Тапсырманы орындауға неғұрлым көп оқушыны белсенді түрде араластыруға тырысыңыз. Жауап беруге қиналған оқушыларға санау таяқшасының орнына қарындаштар қолдануды ұсыныңыз. Жауабы: бірінші шие: 3; екінші шие: 2; үшінші шие: 1. Сандарды салыстыр. Оқушыларға өрнектерді жұппен салыстырып айтуды ұсыныңыз. “Артық”, “кем” және “тең” сөздерін дұрыс қолдануларын бақылаңыз. Жауабы: 4 > 1 2 < 4 3 < 4 4 = 4 2. Шығарып көр. Оқушылардың суретке мұқият қарап, сұрақтарға жауап беруін ұйымдастырыңыз. Қоянда неше ақ көжек бар? Неше қара? Барлығы неше көжек бар? Соңғы сұраққа жауап беру үшін көжектерді санап шығуды сұраңыз. Жауабы: 4 көжек. Сана. Оқушыларға жұппен жұмыс жасауды ұсыныңыз. Біреуі сұрақ қояды, ал екіншісі ол сұрақтарға жауап береді. Оларға мынадай жұмысты мысал ретінде көрсетіңіз. Бірінші топтамадағы суреттер бойынша сұрақтар қойыңыз да, жауабын тыңдаңыз. Неше қоңыр тауық бар? (3) Неше ақ тауық бар? (1) Егер 3-ке 1-ді қосса қанша болады? (4) Оқушылар қалған суреттер бойынша жұппен жұмыс жасайды. Жұптардың жұмыстарын байқаңыз. Содан кейін олардан 4 санын қалай алғаны туралы айтып беруді сұраңыз. Орындап көр. Оқушыларға “Ең байқағыш оқушы” ойынын ойнауды ұсыныңыз. Оқушылар өз орындығының, көршісінің орындығының аяғын, тағы сол сияқты сыныптағы саны 4 болатын басқа заттарды тез табуы керек. Жауаптар нұсқасы: төрт шкаф, төрт қабырға, төрт фломастер т.с.с. |
Интербелсенді тақтадан
|
||||
|
||||||
Тыңдалым Айтылым |
Дескриптор :4 санының құрамын біледі.Сандарды тура және кері санаймыз.
|
|||||
Түсіну |
Сызба бойынша 4 санын құрамын анықтау
4
4
2 2 1 3 Дескриптор:4 санының құрамын біледі. |
|||||
Қолдану
|
1-топ Оқушылармен зейінді дамытуға бағытталған ойын ойнаңыз. Жүргізуші қандай қимыл жасау қажет екенін айтып, 1, 2, 3 немесе 4 сандары жазылған парақшаларды көрсетеді. Оқушылар парақшада қандай сан болса, қимылды сонша рет жасайды. Мысалы, жүргізуші “шапалақ” сөзін айтып, 4 санын көрсетсе, олар 4 рет алақандарын шапалақтауы керек. 2-топ Тірек сөз жазылған парақшаны “Сөз қабырғасына” орналастырыңыз 3-топ Төрт гүлдің суретін сал. Оқушылар 4 санын осы санды білдіретін заттар санымен сәйкестендіруi керек және сәйкес мөлшерді өз бетінше елестетіп үйренуi тиіс. 4-топ Төртінші тұрған жануардың суретін боя. Тапсырма санау дағдысын дамыту және басқа сандар қатарында 4 санының ретін ерекшелеуге бағытталған. Алдымен жануарларды ретімен санап шығып, төртінші тұрған жануарды анықтау керек. Жауабы: бұзауды бояйды |
|||||
Сергіту сәті |
Көңілді күн |
|||||
Талдау |
|
|||||
Жазылым |
Жұмыс дәптерімен жұмыс жүргіземін Суретпен жұмыс. 4 санын жазып үйренеді. Алдымен ауаға жазып көрсетемін. Төрт -четыре-four |
|||||
Аяқталу Бағалау
|
Оқулықпен жұмыс: Оқушылардан жеке жұмыс жасауларын және салыстыра алатын сандарын салыстыруды ұсынамын. Оқушылардың салыстыруға өрнектер құрастыру түсіну, білу дағдыларының даму деңгейін анықтап аламын. |
|||||
Қорытынды
|
Ұшып келді 2 ешкі. Барлығын қосқанда Болады неше ешкі? Ағашта ешкі болмайды және ол ұшпайды.
Қолымда 1 алма Қосқанда барлығы Болады неше алма ? /4/ |
|||||
Рефлексия:
|
«Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау. Мұндағы: жасыл- бүгінгі сабақтан түйгенім өте көп Сары-бүгін көп нәрсені түсіндім. Қызыл- бүгін сабақта түсінбеген сұрақтарым бар, оқуым керек. |
|||||
Қосымша ақпарат |
|
|||||
Саралау- оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау-Оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.
|
||||
Сабақ бойынша рефлексия.
|
«Бағдаршам» әдісі арқылы балалардың меңгерген блімдер нәтижелерін анықтадым. Бұл бөлімді сабақ туралыөз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
Сергіту сәті Логикалық тапсырмалар
|
||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген