400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. Математика 2-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
өзіме керек
Материалдың қысқаша нұсқасы



Пәні

Математика

Сабақ

№117

Мұғалім

С.Е.Махамбет

Сабақтың тақырыбы

Құрама есептер. Алматыға саяхат.

Бөлім

Саяхат

Оқу мақсаты

2.4.2.2. Есептерге талдау жүргізу, оларды шығаруды үйрену.

Сабақтың мақсаты

Алматы хайуанаттар бағымен танысу. Құрама есептерге берілген тапсырмаларды орындау.

Бағалау критерийлері

Алматы хайуанаттар бағымен танысады. Құрама есептерге берілген тапсырмаларды орындайды.

Ресурстар

Математика 2-сынып, Алматыкітап баспасы 2017жыл.

Слайд.

Сабақтың барысы

Сабақтың басы

Амандасу.

Көңіл – күйлерін сұрау.

Осы күнге сәттілік тілеу.

Сабақтың тақырыбымен таныстыру.

Сабақтың мақсатын айту.

Сабақтың ортасы

Алматы хайуанаттар бағы жайлы мәлімет беріп кету.

Алматы хайуанаттар бағы – Қазақстандағы алғашқы

зообақтардың бірі. Алматы хайуанаттар бағы 1937 жылы құрылған. Оның құрылғанына 80 жылдан астам уақыт болды.Жер көлемі 54 га. 7 секцияда хайуанаттардың 530-дан аса түрінің 5900-дей данасы тіршілік етеді.


Балалар сұрақтар қою

1)Құрама есеп дегеніміз қандай есептер?

Екі немесе одан да көп амалдармен орындалатын есептер.

2) Есеп неше бөлімнен тұрады?

Есеп 4 бөлімнен тұрады

1.Шарты

2.Сұрағы

3.Шешуі

4.Жауабы

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Балалардың жауаптарына сүйене отырып кері байланыс жасау.


Тапсырма.

Тапсырманы орындамас бұрын ережені еске түсіру.

Өрнектің мәнін табуға берілген есептерде көбейту мен бөлу амалы ең алдымен орындалады, реті бойынша солдан оңға қарай, содан кейін қосу мен азайту амалы орындалады, реті бойынша солдан оңға қарай.

Жақшалы өрнекте ең алдымен жақшаның іші орындалады, содан кейін жақшаның сыртындағы өрнектер ретімен орындалады.


№1. 32-бет

Есептеп, хайуанаттар бағында жануарлардың әр түрінен нешеуі барын анықта.

Балықтар: 100- 3*5-2=83

1.3*5=15

2.100-15=85

3.85-2=83

Құстар:55+27:3+9*4=100

1.27:3=9

2.9*4=36

3.55+9=64

4.64+36 =100

Жануарлар: 20:5*9+38=74

1.20:5=4

2.4*9=36

3.36+38=74

Балалардың шығарған есептерін тексере отырып кері байланыс жасау.


Оқулықта берілген тапсырмаға сүйене отырып құрама есепке берілген мәселе есептің шығару жолын түсіндіріп кету.

№2. 32-бет

Аналық керіктің массасы 6ц, аталық керіктің массасы

аналығына қарағанда 2 есе ауыр. Ал

төлінің массасы аталығынан 6 есе

жеңіл. Керіктің төлінің массасы неше

центнер?

Шарты:

Аналық керік – 6ц

Аталық керік -?, 2 есе ауыр

Керіктің төлі - ?, 6 есе жеңіл

Шешуі:

6*2=12(ц)

12:6=2(ц)

Жауабы: керіктің төлінің массасы 2 центнер.


Тапсырма:

33-бет №3.

Есептерге сәйкес сұлбаны таңдап есептің шартын,

сұрағын жаз. Есепті шығар.

Сабақтың соңы

Кері байланыс «Жетістік баспалдағы»



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 сәуір
962
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі