Ашық сабақ математика 2 сынып "Ақиқат және жалған пікірлер"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ математика 2 сынып "Ақиқат және жалған пікірлер"

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал бастауыш сынып мұғалімдеріне керек. Осы қысқа мерзімді жоспарды сабақта пайдаланса сабақ мақсатына жетеді. Білім алушылардың математика сабағына деген қызығушылығын арттырады деп сенемін.Жаңартылған білім бағдарламасы бойынша жүргізілген сабақ өте тиімді. Осы бағдарлама бойынша жүргізілген сабақ жас мамандарға көмек бола ма деген есеппен жіберіп отырмын, Жұмыстарыңызға шығармашылық табыс тілеймін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді:

57-сабақ. Ақиқат жəне жалған пікірлер



Тақырып: Менің өлкемдегі жануарлар əлемі

Мектеп:№6 ХГ


Күні:14.12

Мұғалімнің аты-жөні:Бисембаева Б.С.


Сынып:2 "в"

Қатысқандар саны: әң242412

Қатыспағандар саны:


Оқыту мақсаттары

2.4.2.1 Тұжырымдардың ақиқаттығын немесе жалғандығын

анықтау, ақиқат немесе жалған тұжырымдар құру.


Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар үшін:

Ақиқат немесе жалған тұжырымдар деген не екенін түсіну.


Көптеген оқушылар үшін:

Тұжырымдардың ақиқат немесе жалған екенін анықтау.


Кейбір оқушылар үшін:

ақиқат немесе жалған тұжырымдар құру.


Тілдік мақсаттар

Пəндік лексика жəне терминология: тұжырым , пікір, ақиқат,

жалған.


Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатынсөйлемдер.

Талқылау:

Саған тұжырымдардың ақиқат екенін бағалауға жиі тура келе ме? (мысалдар келтір).

Пікірдің ақиқат екенін қалай анықтауға болады?


Тірек білім, білік,

дағдылар

Тұжырымдардың ақиқат немесе жалған екендігі туралы күнделікті

тұрмыстан түсініктер беру.

Жоспар

Жоспарланған уақыт (минут)

Жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар


Психологиялық дайындық

Қуанамын менде

Қуанасың сен де

Қуанамыз бәріміз

Арайлап атқан әр күнге

Топқа бөлу

1- топ Үй жануарлары

2- топ Жабайы жануарлар

3- топ Құстар

Қима қағаздарды алу арқылы Балалар топқа бөлінеді




0-3

Ынталандыру

Мұғалім жануарлар əлемі туралы əңгіме жүргізеді.

Сендер «Шындық пен өтірік» ойынын білесіңдер ме? Мен сөйлемдерді оқимын, ал сендер оның дұрыстығын анықтайсыңдар.

Түйе – Қазақстанда кездесетін жануар.

Жираф – Қазақстанда кездеспейтін жануар.

Мысық – үй жануары.





4-6

Белсендіру.

Мұғалім тақпақ оқиды:

Көшеде түтін тұр,

Мұржасынан үй шығып.

Шатырға шықты қасық,

Үстелден құлады мысық.

Бұл тақпақ шындыққа жанаса ма?

Неліктен?

Оларды дұрыс пікірге (тұжырымдарға)

айналдырыңдар. Жауап: Көшеде үй тұр, Мұржасынан түтін шығып. Шатырға шықты мысық, Үстелден құлады қасық.






7-11

Мақсат қою (проблемалық жағдаят).

Сендер біздің сабағымыз неге арналатынын түсінген боларсыңдар? Оның тақырыбы қандай?

Бүгінгі сабақта біз шындық, математикада оны

«ақиқат» дейді, жəне өтірік – «жалған» деп аталатын түсініктермен танысамыз жəне «пікір» деген не екенін білеміз.

- Балалар, кім жауап береді, сөйлем дегеніміз не?

Оқушылар: Мағынасы бойынша байланысып, аяқталған ойды білдіретін бірнеше сөз. (Егер мұғалім жауап алмаса немесе қате жауап алса, ол толығырақ зерттеу жүргізеді).

- Сөйлем неден құралады?

- Сөздерден .

- Бұл жай ғана мысық, тышқан, піл тəрізді жекелеген сөздер ме? Осы сөздердің жиынтығынан бір нəрсе түсінуге бола ма? - Жоқ.

- Ал егер «Мысық, тышқан, піл – бұлар аңдар» деп

айтсақ, онда бір нəрсе түсінуге бола ма? Енді бұл

сөздердің жиынтығында мағына бар ма?

- Иə.

- Демек, сөйлем дегеніміз– аяқталған ойды білдіретін сөздер жиынтығы.

Мұғалім: Математиканың да сөйлемдерге қатысы бар. Бірақ біз сұраулы жəне лепті сөйлемдер туралы айтпаймыз. Бізді хабарлы сөйлемдер қызықтыратын болады жəне мұндай сөйлемдерді біз пікір деп атаймыз. Мысалы, «Бүгін сейсенбі», «Мен жеті жастамын».

Пікір дегеніміз - өмірдегі заттар мен құбылыстар туралы көзқарас, пайымдау. Ол ақиқат немес жалған болады.


Күннің жады

Көркем жазу

Математикалық диктант

5

1дм= 10 cм 1ц= 100кг 1сағ=60мин 1тәул=24 cағ

Өзін өзі бағалау


Оқулықтағы 1- тапсырма бойынша топтық жұмыс жүргізіледі. Оқушыларға суретке назар аудару ұсынылады, содан кейін олар пікірлерді (тұжырымдарды) оқиды жəне оның ақиқаттығын анықтайды


1-топқа - Суретте тек үй жануарлары бейнеленген

2- топқа - Суретте тек жабайы жануарлар бейнеленген

3- топқа - Суретте жабайы және үй жануарлары бейнеленген

Ақиқат -А

Жалған-Ж

Қима қағааздарды көтереді

Оқулық.

Дəптер.













Әр топ ақиқат немесе жалған екенін айтады














12-29

Жаңаны тану.

Мына математикалық жазбалар қалай аталады? (Теңсіздіктер).

Мұғалім теңсіздіктерді оқып, олар дұрыс па, қате ме, анықтауын өтінеді. Бұл жұмысты жұпта орындауға болады. Оқушылар дұрыс теңсіздіктің тұсына «+» таңбасын, қате теңсіздіктердің тұсына «–» таңбасын қояды.

Пікір дұрыс, шындыққа жанасатын немесе қате, яғни шындыққа жанаспайтын болады. Дұрыс пікірлер математикада ақиқат, ал қате тұжырымдарды жалған деп атайды.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту. Оқулықтағы 2- тапсырманы топта ойын түрінде орындауға болады.

"Ойлан, тап!" ойыны

Біір жануарды таңдап, топ мүшелеріне жасырҚандай жануар екенін анықтау үшін, басқа топтың балалары 5 сұрақтан қояды. Сұрақтарға тек "иә" немесе "жоқ" деп жауап береді. Содан соң әр топ қарсыластарынң қандай жануарды жасырғанын анықтайды.

Топпен жұмыс

1-топ

Аю-жабайы жануар

Сілеусін үй жануары

Қазақстанда кірпі тіршілік етпейді

Сиыр сүт береді

_________________________

2-топ

Ит үйретуге көнбейді

Түлкі-жабайы жануар

Ит-адамның досы

Мысық тышқан ұстайды

__________________________

3-топ

Бұлан орманда тіршілік етеді

Қар барысы шөл даланың жануары

Тышқан мысық аулайды

Балық суда жүзеді

______________________________


Тақта,

құрастырмалы жинақ.






















Оқулық.

Дəптер.





30-35

Жаңаны қолдану.

Дəптердегі 1 жəне 2- тапсырмалар.

1- тапсырманың «бағалау» белгісі бар. Оқушылармен бағалау критерийлерін қараңыздар:

Ақиқат жəне жалған тұжырымдардың не екенін білемін.

Ақиқат жəне жалған тұжырымдарды таба аламын.

Əр оқушыға өзін бағалауды ұсыныңыз. Тапсырманы жақсы орындаған оқушылар өткен материалмен жұмысқа көшеді. Қате жібергендер оқулықтағы 2- тапсырманы орындауына болады.


Оқулық.Дəптер.


Өткен матерал бойынша өздік жұмыс 3 баған

Тақтамен жұмыс 1-2 баған

5


36-40

Рефлексия.

Бүгінгі сабақта төмендегілердің қайсысын білдіңдер жəне нені үйрене алғандарыңды белгілеңдер:

Ақиқат немесе жалған пікірлер деген не екенін түсіну.

Пікірлердің ақиқат немесе жалған екенін анықтау.

Ақиқат немесе жалған пікірлер құрастыру.

Дəптердегі жетістіктер жолағы.



(С) Өлеңді оқыңыз.

Қиярлар жасырынбақ ойнауда,

Балалар көшеттерде өсуде,

Жауынгерлер апанда ұйықтауда,

Шошқалар найзаларын қайрауда,

Шаяндар тобымен циркке жүгіруде,

Балалар тобырымен қалғуда,

Қасқырлар судың түбімен жүзуде,

Шортандар айға ұлуда.

Бұл неткен ерелаш?

Қайралсын қарындаш!

Сендерге бұйырамын,

Орын-орындарына қоямын!

- Қалай ойлайсыңдар, бұл пікірлер дұрыс па?

- Осы пікірлерді дұрыс пікірге айналдырыңдар.

Қиярлар көшетте өсуде,

Балалар жасырынбақ ойнауда.

Жауынгерлер найзаларын қайрауда,

Шошқалар апанда ұйықтауда.

Шаяндар тобырымен қалғуда,

Балалар тобымен циркке жүгіруде.

Қасқырлар айға ұлуда.

шортандар су түбімен жүзуде,















Оқушыларға талқылау үшін кейбір пікірлерді ұсыныңыз. Ақиқат және жалған пікірлерді қосыңыз. Оқушылардан осы пікірдің жалған немесе шынайы екендігін анықтауды сұраңыз. Содан кейін өз пікірлерін негіздеу үшін кейбір оқушыларды таңдаңыз. Оқушылардан жеке ламинацияланған парақтың немесе қағаз парағының әр бетіне бір пікірді жазуды сұраңыз. Оның бірі шынайы, екіншісі жалған болуы тиіс. Содан соң

ауыстырып, ненің «жалған», ал ненің «ақиқат»

екендігін өз әріптесімен тексере отырып

анықтаулары тиіс.




«Сенемін – сенбеймін» ойынын өткізіңіз. Парталарда пікірлер жазылған қима қағаздар жатыр, оларды оқып, ондағы ақпараттың шынайы не жалған екенін анықтаңыз. Егер пікірмен келіссеңіз, «+» белгісін қойыңыз, егер келіспесеңіз, «-» деп белгілеңіз.

Қияр мен қызанақ – жеміс.

Біздің сыныпта 10 ер бала бар.

Қыста әрдайым қар жауады.

Күзде жаңбыр жауады.

Түнде күн жарқырайды.

Көктемнен кейін күз келеді.

Шынайы, жалған ұғымдарын енгізіңіз.

(Ж) Жұптарда жұмыс жасауға арналған тапсырмаларды ұсыныңыз::

Тізбек бейнеленген. Мұғалім пікірді оқиды, ал балалар олардың қандай екенін анықтайды (егер пікір шынайы болса, қызыл қима қағаз, көк – егер жалған болса, жасыл – егер белгісіз болса. Түрлі түсті қима қағаздарды Ш, Ж, Б әріптері жазылған қағаздармен ауыстыруға болады).

Ф. Өзара бағалау.

Теріске шығару ойыны

 Отырыңдар . (Тұрады)

Қолдарыңды көтеріңдер. (Көтермейді)

 Отырмаңдар.

Еңкейіңдер

Оң қолдарыңды көтеріңдер.

Сол қолдарыңды көтеріңдер.

Артқы партаға бұрылыңдар



Сұрақтар

  1.  Қазақ тілінде 42 әріп бар А

  2.  1 сағат-60 минут А

  3.  20 санын 5 ке бөлгенде 4 шығады А

  4. 12 саны екі таңбалы жұп сан, А.

  5. 9 бен 7 қосқанда 12 Жел. 16 Ж

  6.  Азайғыш азайтқыштан кіші. Ж

  7. 40 пен 55 тің қосындысы100ге тең Ж





«ИӘ – ЖОҚ» ойынын өткiзуге болады.

Мұғалiм оқушылардан сұрайды: «Ит жол бойымен жүгiре ме?»,

Оқушылар жауабы: «ИӘ».

Мұғалiм ол сөздiң “ақиқат” екенiн түсiндiредi.

Мұғалiм: «Ит аспанда ұша ма?».

Оқушылар жауабы: «ЖОҚ».

Мұғалiм оның “жалған” екендiгiн түсiндiредi. 

Үлгi сұрақтары:

КУ-КА-РЕ-КУ деп әтеш айғайлайды? ИӘ. Ақиқат.

Тышқан мысықты аулай ма? ЖОҚ. Жалған.

Аю балды жақсы көре ме? ИӘ. Ақиқат.

Ит қасықпен жей ме? ЖОҚ. Жалған.

Балалардың өздерiне осындай сұрақтар қою тапсырмасы ұсынылады. Балаларға ағылшынның халық әнiн оқып беріңдер және олар өлеңнiң мазмұны бойынша «ЖОҚ» деп жауап беруге болатын суреттер салсын.

Мен құйрығы жалындаған тауысты көрдiм,

Мен бетi жаңбыр кометаны көрдiм,

Мен жерде өсіп тұрған бұлтты көрдiм,

Мен толқыны бұрқыраған өзендi көрдiм,

Мен жайын жұтқан ұлуды көрдiм,

Мен сүт сияқты қайнаған өзендi көрдiм,

Мен оттық басындай ғана бөшкені көрдiм,

Мен қуыршақтың бетiндегi көз жасын көрдiм,

Мен жер астында, биікте үйлер көрдiм,

Мен тереңнен от шашқан көзді көрдiм,

Мен түнгi он екiде күндi көрдiм,

Мен осының барлығын өз көзiмен көрген жанды көрдiм!













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
1837
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі