400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. Математика. 3 саны және цифры.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдерінің қажетіне жаратар деген үміттемін.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1А Сандар мен цифрлар

Күні:

Сынып: 1А

Мектеп: Т.Рысқұлов мектеп- лицейі

Мұғалімнің аты-жөні: Сванова З

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

3 саны және цифры

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.1.1 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санау; олардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтау.

1.1.1.3 біртаңбалы сандардың құрамын анықтау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: 3саны нені білдіретінін түсінеді. Тура және кері санайды, орнын анықтайды.

Көптеген оқушылар: 3цифрын жазып үйренеді. Цифрды саннан ажырата алады. 3 цифрын қалай алуға болатынын біледі.

Кейбір оқушылар: 3 санының құрамымен таныстырады.

Бағалау критерийлері

  • 10 көлеміндегі сандардың құрылу жолын түсіндіреді.

  • 10 көлемінде тура және кері бағытта санайды.

  • Сандардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды.

Тілдік мақсаттар


Оқушылар: 3 санын оқу, жазу және салыстыру барысында «сан», «цифр», «теңдік», «қосу», «азайту» сияқты математикалық терминологияны; амалдардың атауын, «=», «>», «<» белгілерін, қарапайым математикалық өрнектерді қолданады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • Үш

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • 1,2,3 санаңдар, сонша рет отырып тұрыңдар. Қандай сан айтсам оқушылар сол санды қайталайды және сонша рет отырып, тұрады.

3саны шығу үшін бізге қандай сандар керек болады?

Санау кезінде бірден кейін қандай сан тұрады? 2 санын қалай шығаруға болады? 3 санын ше? 3 саны қай саннан кейін келеді? 1 мен 2, 2 мен 3 салыстыр.

Жазу:

  • 2,1 цифрларының көмегімен 3 санын жаза аласыз ба?

3 санынан кейін, 3 санының алдында, 2 мен 4 санының арасында, 3 санының алдыңғы саны мен келесі санды жаза аласыз ба?


Құндылықтарды дарыту



Топпен, жұппен ынтымақтасып жұмыс жасау. Проблеманы шешу,белсенділік, шапшаңдылық дағдыларын дамыту.

Пәнаралық байланыстар

Көркем еңбек, сауаташу

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтамен жұмыс, сигналдық тақтайшалар

Бастапқы білім


1-10 дейінгі натурал сандарды тура және кері ретте атайды, санды санау кезінде келесіні (алдыңғыны) атайды. сан мен цифрды, арифметикалық амалдардың белгілерін ажыратады;

(артық, кем, қарағанда артық, қарағанда кем) сандарды ұқсастық пен айырмашылықты табу мақсатында салыстырады;

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин


Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық

Оқушылардың зейінін шоғырландыруға: Оқушылар өздеріне ұнайтын түстегі заттарды жинайды. Сол заттарды санайды. 1,2,3 санаңдар, сонша рет отырып тұрыңдар. Қандай сан айтсам оқушылар сол санды қайталайды және сонша рет отырып, тұрады.

Оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын анықтап алуға:

- Санау кезінде 1-ден кейін қандай сан тұрады?

- 2 санын қалай алуға болады?- деген сұрақтар қоямын. Сонан соң «Сиқырлы шумақ жіп» ойыны арқылы жаңа сабақпен таныстырамын. Оқушылар қанша шумақ жіп алса, сонша дөңгелек қағаз алады. Дөңгелектердің санын 3-ке жеткізеді.

-Дөңгелектердің көмегімен тағы 3-ті қалай алуға болады?

Сыныпты екі топқа бөлемін. Жұппен жұмыс.

1-ші топ үш дөңгелекті қояды. 2-ші топ бір және екі дөңгелек қояды. Оларды салыстырады. 1 мен 2, 2 мен 3 салыстыр. Қайсысы артық, кем екенін сұраймын.

Оқушылардың сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтау үшін: Сандық сәуле бойынша жұмыс. 3 саны қай саннан кейін келеді? 3-тің алдында қандай сан тұр? Осы сандардың қайсысы үлкен, қайсысы кем? Неліктен?

Геометриялық фигуралар






Үш шумақ жіп, үш дөңгелек қағаз әр оқушыға жететін


Сандық түзу

Сабақтың ортасы

25 мин


Тақырыпты меңгеру барысында оқушылар келесілерді үйренеді: 3 цифры неге ұқсайды? Түсіп қалған «Түсіп қалған сандарды жаз» тапсырмасын жұппен орындату. 3 санының құрамын талдау. «Санның құрамы» кестесін толтырыңыз, мысалы,

3

1



2

Оқу және практикалық есептерді шешу: Заттарды санау, алынған нәтижелерді сандармен көрсету, сандарды цифрлармен жазу.

Дәптермен жұмыс. 3 цифрын жазудың үлгісін көрсетемін, дұрыс және көркем жазғызамын.

Сана. Ұ/ж.Оқулықпен жұмыс.1-ші сурет.

Неше аққу болды? Екінші суретте не өзгерді? Үшінші суретте енді неше аққу болды? Төмендегі өрнекті оқып, оны шеш.

Ж/ж. Сандық сәулемен жұмыс. 2-ші сурет. 3 саны көлеміндегі қосу және азайту амалдары.

Планшет. Кімге планшет жетпей қалды? Енді қанша планшет керек?

Т/ж. «Қабырға сөйлейді» әдісі. (флипчарт және стикермен жұмыс) Қорғау барысында «мынадан кейін ...», «... санның алдында болатын сан ...», «алдыңғы, келесі»идеген сөз тіркестерін қолданады.

Шығарып көр. Ж/ж. Пікіралмасу.

Спортта неше жеңімпаз орын болатынын елестет. Жеңімпаздр қандай орын алады және оларға қандай медальдар беріледі.

Сергіту сәті: «Ғажайып»

Сабақ мақсатына орай бар білімдерді қалыптастыру мен дағдыларды дамытуға бағытталған іс-әрекет.Қ/б арналған тапсырма.

Сурет бойынша 3 санының құрылу жолын түсіндіріңіз.

Дескриптор: - 3 санының құрылу жолын түсіндіреді.

2-тапсырма

Гүлдерді орналасу ретіне қарай сәйкес сандармен байланыстырыңыз.

Дескриптор: - гүлдерді өсу ретімен санай отырып, сәйкес санмен байланыстырады;

3-тапсырма

3 санынан кейінгі санды жазыңыз: 3 санының алдында тұратын санды жазыңыз:

Дескриптор: - 3 санынан кейінгі санды жазады; - 3 санының алдындағы санды жазады.

3 цифрының баспа , жазба үлгісі

Сабақтың соңы

5 мин

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- 3 саны мен цифрын білдім, 3цифрын жазып үйренедім.

- 3 санының құрамын толық түсінбедім.

- қосу, азайту, салыстыру таңбаларын пайдаланып, жұмысты жалғастыру қажет.

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалай алады. Мысалы: 3саны нені білдіретінін түсіндім. Тура және кері санадым, 3 санының орнын анықтадым.. Цифрды саннан ажырата алдым. 3 цифрын қалай алуға болатынын білдім.

15, 16-жұмыс дәптері арқылы өздерін бағамдайды..

Бағдаршам көзі

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау тапсырмасы: қиындық туса дөңгелектерді пайдалануға болатынын ескертемін.

Кейбір балаларға саралау тапсырмасы: Сыныпта саны 3-еу болатын заттар бар ма? Қарап көр.

Саралау: тақтадағы сандар қатарын пайдалануға болатынын ескерту.

Сандық сәуледен 3 санының орнын табу.

3 санын шығаруды. 3 цифрын жазуды меңгереді.

-Бүгін сендер қандай санмен, қандай цифрмен таныстыңдар?

-3 саны сандық сәуледе қандай саннан кейін тұрады?

-3 санын қалай шығаруға болады?

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға



Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:


2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
682
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі