400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Математика 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ математика пәнінен 3-сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Математика 3 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Бағасы. Саны. Құны.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Оқушыларды бағасы, саны, құны ұғымдарымен таныстыру, осы шамалар арасындағы тәуелділікті меңгерту, суреттер және кестелердің көмегімен есептер құрастыруға үйрету.
Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ауызша есептеу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік: Оқушылардың қызығушылығын ояту, берілген тапсырмаларды орындата отырып, оқушыларды белсенділікке, ұқыптылыққа, өз ойын еркін жеткізе білуге ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі: жаңа білімді енгізу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, жеке жұмыс, ойын, шығармашылық
Көрнекілігі: интерактивті тақта, кестелер, кеспе
Барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен амандасып, зейіндерін сабаққа аудару. 1-слайд

Психологилық дайындық

Мақсатымыз – білім алу,

Міндетіміз – еңбектену.

Ұғып алып, біліп алып,

Беске қолды жеткізу.

Үш топқа бөлу. Смайлинк арқылы бағалау 2-слайд

Топтың ережесімен таныстыру.

1.Сыныпта тыныштық сақтау

2.Топ мүшелері топ басшыларына бағыну

3.Топ мүшелерінің пікірімен санасу

«Қайталау - білім анасы» 3-слайд
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
а) №10
(250 - 50) +120=320
800 -(350 - 300)=750
560+(200 - 160)=600
250 -(50+120)=80
(800 - 350)- 300=150
(560+200)- 160=600

№11
а=6 см
P=6+6+6+6=24 см =240 мм
в=4 см
Р=4+4+4+4=16 см=160 см

ә) Тест.
5
·8=40
55 - 35= 20
64: 8=8
49: 7=7
5
·6=30
150+80=230
2. Ойын «Дүкен» 4,5-слайд
- Оқушылар бір зат сатып алу үшін қайда барамыз?
- Дүкенде затты сатып алу үшін, не қажет?
- Неге көңіл аударасыз? (бағасына, санына, құнына)

Сонымен балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Бағасы, саны, құны» 6-слайд

Дәптерге күннің жадын, тақырыпты жазу.

7-слайд ауызша есеп шығару
Мысалы: 2 қаламның бағасы – 12 тг.
Саны - 5 қалам
Құны - 30 тг.
Мысалы: Бір бөлкенан – 50 теңге тұрады. Осындай 5 бөлке нан сатып алу үшін қанша ақша керек? (250 теңге)
Анықтама:
Баға – бір заттың бағасы (Бір заттың қанша тұратыны)
Сан – сол заттың саны. (Сатып алынған заттың саны)
Құны – барлық затқа төленген ақша.

«Күш білімде, білім кітапта» 8-слайд
Оқулықпен жұмыс 9,10-слайдтар ауызша
№1. 500 теңгеге не сатып ала аласың?
Мұз кәмпит – 28 тг
Йогурт – 140 - тг
Шоколад – 15 тг
Кекс – 350 тг
Шырын – 140 тг
Конфет – 24 тг
Тәттінан – 90 тг

№2 Кестеге назар аударыңдар 11-слайд

Бағасы

Саны

Құны

Picture 2

5 теңге

4 дана

? теңге

6 дана

? теңге

7 дана

? теңге

8 дана

? теңге


Оқушыларға аңықтамасын жаздыру. 12-слайд

Сатып алған заттың құнын білу үшін, заттың бағасын

оның санына көбейту керек. Қ=Б*С







№3 Кестеге назар аудару 13-слайд

Бағасы

Саны

Құны

Picture 2

8 теңге

? дана

24 теңге

? дана

32 теңге

? дана

40 теңге

? дана

48 теңге


Оқушыларға аңықтамасын жаздыру. 14-слайд

Сатып алған заттың санын білу үшін, оның құнын заттың

бағасына бөлу керек. С = Қ : Б

№4 Кестеге назар аудару 15-слайд

Бағасы

Саны

Құны

? теңге

Picture 2

20 теңге

? теңге

28 теңге

? теңге

32 теңге

? теңге

36 теңге

Оқушыларға аңықтамасын жаздыру. 16-слайд

Заттың бағасын білу үшін, оның құнын

санына бөлу керек. Б = Қ : С

Топпен жұмыс

№5кестемен жұмыс 17- слайд

Бағасы

Саны

Құны

9 теңге

3 дана

? теңге

5 теңге

? дана

30 теңге

? теңге

6 дана

48 теңге

18,19 слайд

І топ

Өшіргіш бағасы-5тг

Құны-30тг

Саны-?

Ш:

Ж:


20 слайд

ІІ-топ

Қарындаштың саны-6

Құны-48тг

Бағасы-?

Ш:

Ж:

21 слайд

ІІІ топ

Сызғыш бағасы-9тг

Саны-3

Құны-?

Ш:

Ж:

Сергіту сәті Суретпен жұмыс 22слайд

Логикалық тапсырма 23 слайд

1-топ: Марат пен Батыр жазда демалуға барды: біреуі – ауылға, екіншісі – теңізге барды. Егер Батыр теңізге бармаса, Марат қайда демалды?

2-топ: Бүгін 9 - шы қаңтар болса, түнгі 12 - де нешінші қаңтар болады?

3-топ: Ата-ана: Мен балама асханаға жұмсағанға ақша беріп тұрамын. Баламның күнде алып жүрген тоқашы 5 теңгеге қымбаттаса, менің ендігі беретін ақшам артта ма, кеми ме? Неге?

Кеспемен жұмыс

№ 6 Баған түрінде есепте 24,25 слайд

І топ ІІ топ ІІІ топ

677- 499 297+379 457+78

137+798 1000-468 497+264

Оқушыларға сұрақ қою. 26,27 слайд

- 1-желтоқсан қандай мереке?

-Қашаннан бастап атап келеміз?

-Биыл нешінші жылы атап өтеміз?

Қорытындылау 28-слайд

- Не ерекше ұнады?

- Не білдің?

- Не түсініксіз болып қалды?

Үйге тапсырма: № 6 ақтау, №7 115-бет

Өзіндік бағалау:

Оқушының аты-жөні

Иә +, жоқ -

1. Заттың құнын табуды білемін


2. Заттың санын табуды білемін


3. Заттың бағасын табуды білемін


4. Дүкенге барағанда осы білімді пайдалана аламын


Оқушының бағасы


Мұғалімнің қорытынды бағасы


Сонымен балалар Нұрсұлтан атамыздың қанатты сөзімен сабағымызды ақтаймыз. «Еңсесін енді көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды ұрпақтың орны бөлек»

Олар сендерсіңдер балалар.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қаңтар
966
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі