жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ. Математика. 3 сынып. Есеп шығару. Ақшаны қалай төлейміз?
|
Пән: математика |
Мектеп: О. Жұмабеков атындағы ЖОББМ базасындағы Тірек мектебі (ресурстық орталық) КММ |
||||
|
Бөлімі: 4А Күнделікті өмірдегі есептеулер |
Мұғалімнің аты-жөні: Омарова Гулим Сергазыевна |
||||
|
Күні: |
Қатысқандар саны: 24 |
||||
|
Сынып: 1 |
Қатыспағандар саны: 2 |
||||
|
Сабақтақырыбы |
Есеп шығару. Ақшаны қалай төлейміз? |
||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
1.1.3.6 1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг тиындарымен түрлі операцияларды орындау 1.5.1.6 амалдарды таңдауын негіздеу және қосу мен азайтуға арналған есептерді шешу амалын түсіндіру |
||||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: 1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг теңгелік монеталарды таниды, белгілі бір соманы монеталармен төлейді және ұсақтай біледі. Көптеген оқушылар: саудаға қатысты есептерді талдайды және шығарады. Кейбір оқушылар: санды деректер бойынша кері есеп құрастырады |
||||
|
Бағалау критерийлері |
саудаға қатысты есептерді шығаруды үйренеді; есепке сәйкес тірек сызбаны таңдай алатын болады. |
||||
|
Тілдік мақсаттар (Тілдік емес пәндер үшін құрастырылады) |
Тілдік мақсаттарды, лексика мен тіркес мысалдарын қоса анықтаңыз: дүкеннен сатып алып және қалай төлейтінін түсіндіру Пәнгетән лексика мен терминология: • сомасы, құны, тиын, теңге Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: • Сіз ... теңгеге не сатып ала аласыз? • Ол қанша тұрады? |
||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
||||
|
Пәнаралық байланыстар |
Әдебиеттік оқу |
||||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Интербелсенді тақта, презентация |
||||
|
Бастапқы білім |
Құны әртүрлі монеталарды ұсақтау арқылы есептесуді үйренді, соның негізінде есептеу дағдысын қалыптасты. |
||||
|
Сабақ барысы |
|||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс - әрекет |
Ресурстар |
|||
|
Сабақтың басы 3 мин
3 мин
2 мин
|
Психологиялық ахуал қалыптастыру: "Ыстық алақан" шаттық шеңберін құрып,оқушылармен амандасып, көңіл-күйлерін сұрап, бір-бірімізге бүгінгі сабаққа тілек тілейміз. Қане біздер ойлайық, Ойымызды жинайық. Қандай есеп болса да, Шешпей оны қоймайық Топтарға бөлу. - Балалар, енді осы көңіл – күймен топқа бөлініп алайық. - Менің қолымдағы не? - Қоржын. Дыбыс шығаратындай етіп қоржынды қозғап қағамын. - Қоржынның ішінде не бар деп ойлайсындар? Ішінде теңге монеталары( 5 тг, 10 тг, 20 тг, 50 тг) бар. - Ақша не үшін керек? - Қоржынның ішінде қандай ақша жатқанын білгілерің келе ме? Оқушылардың әрқайсысына қоржыннан бір монетадан алады. Қолдарындағы монета бойынша топтарға бөлінеді. Топқа бөлу I – топ: 5 теңге II – топ: 10 теңге III – топ: 20 теңге IY – топ: 50 теңге Қызығушылықты ояту. Жұмбақ. Күрең қызыл түсi бар, Тағамдардың асылы. Қуат берер күшi бар. (тоқаш) Сылдыр сұйық су емес, Ішсең сусын қанады. Ақ болса да қар емес, Шешуін кім табады? ( сүт) - Олай болса, осы жұмбақ шешуіне байланысты тапсырма орындаймыз. |
Қоржын, монеталар қолдан жасалған (5 тг, 10 тг, 20 тг, 50 тг)
Тоқаш пен сүт |
|||
|
10 мин
3 мин
5 мин |
Есеп. «Сұқ саусақ» әдісі Назым асханадан тоқаш пен бір стақан сүт сатып алды. Тоқаштың бағасы 20 теңге. Бір стақан сүттің бағасы 30 теңге. Назым қанша ақша жұмсады? Оқушылармен диалог жүргізу үшін мынадай сұрақтар қоямын: — Тоқаш қанша тұрады? ( 20 теңге) - Сүт ше? (30 теңге) — Бұл заттарды сатып алу үшін қандай монеталарды қолдану керек? ( 5 тг, 10 тг, 20 тг) - Кесіндінің бірінші бөлігі нені білдіреді? (Тоқаштың бағасын) - Екінші бөлігі ше? (Сүттің бағасын) - Есепте нені табу керек? (Назым қанша ақша жұмсағаның табу керек) Тоқаш – 20 теңге Сүт – 30 теңге Жұмсады - ? Шешуі: 20 + 30 = 50 Жауабы : 50 теңге жұмсады ?
20 тг 30 тг Есепті шығару үшін қандай әрекеттер жасадық:
Сергіту сәті. Қағаз ақшаны айтқанда қол соғады. Манетаны айтқанда аяқтарын тарсылдатады. Ақшада жоқ сандарды айтқанда тыныш отырады. Қалталардың түбінде Сылдыр-сылдыр етеді. Адамдарға мәңгілік Адал қызмет етеді. «Шығар! Ізден! Шеш!» Жұптық жұмыс. Қажетті монеталарды таңдап ал. Сызғыш 18 теңге тұрады. Сызғыштың құнын төлеу үшін қандай монеталарды аласың? Әрбір нұсқада оларды қоршап сыз. |
есептерді құрастыруға және шығаруға арналған сызбалар, оқулық
Кесте, интербелсенді тақта
Жұмыс дәптер |
|||
|
Сабақтың соңы 7 мин
5 мин
2 мин |
«Кубизм» әдісі. I – топ: Шығарып көр. Есепті оқы. Есептің шарты мен сұрағын тап. Есепті шығар, жауабын жаз. Әмиянда 10 теңге бар. Оған тағы 6 теңге салынды.Әмиянда енді қанша ақша болды? II – топ: Сурет бойынша есептер құрастырады. Орындап көр. Қарындаш қанша тұрады? Өшіргіш қанша тұрады? Сурет бойынша есеп құрастыр және шығар. III – топ: Есепті қалпына келтіреді. IY – топ: Сызба бойынша есеп құрастыр. Шығарып көр (топтар орындаған жұмыстарын өзара бағдаршам түстері арқылы бағалайды) Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру мақсатында сұрақтар қоямын. — Есептің басқа тапсырмалардан қандай айырмашылығы бар? — Есептің негізгі бөліктерін атаңдар. — Есептің сұрағы деген не? — Сұрағы жоқ есеп бола ма? Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бойынша өздерін бағалайды. |
Постер, маркер, тапсырмаға байланысты суреттер, кубик,
бағдаршам түстері |
|||
|
Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының
сақталуы |
|||
|
Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үшін тапсырманы күрделендіру: Қабілеті жоғары оқушылар есепті өз бетінше құрастыра алады. |
Бағалау әр оқушының деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Мен сабақтың әр кезеңінде оқушылардың өздерін бағалауға мүмкіндік бердім. Бас бармақ, бағдаршам түстері арқылы әр топ бір – бірлерін бағалады. |
Сергіту сәттерінде, белсенді жұмыс түрлерін өткізуде қауіпсіздік техникасын сақтау |
|||
шағым қалдыра аласыз




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген