Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Математика 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ Математика 4 сынып Көбейтудің ауыспалы қасиетін түсіну және қолдану. 4 санын көбейту кестесінің құрылымын түсіну.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Авторы: Акылбаева Сауле Жанатбековна

Алматы облысы Талдықорған қаласының облыстық зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты КММ бастауыш сынып мұғалімі



4-сынып. Математика «Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті»

Сабақтың тақырыбы: Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті

Қысқа мерзімді жоспар

Талдықорған қаласының облыстық зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты

Бөлім:

Саяхат.

Педагогтың аты-жөні:

Акылбаева С.Ж.

Күні: 16.02.2022

Сабақтың № 104

Сынып: 4 «а»

Қатысушылар саны: 6 Қатыспағандар саны: 0

Пәні:

математика

Сабақтың тақырыбы

Көбейтудің ауысырымдылық қасиеті

Оқу бағдарлама-сына сәйкес оқыту мақсаттары

4.2.20 көбейтудің ауыспалы қасиетін түсіну және қолдану

Сабақтың мақсаты

1. 4 санын көбейту және 4-ке бөлу кестелерінің құрылымын түсіну. Көбейту мен бөлудің өзара кері сипатын түсіну: көбейтуге берілген мысал бойынша бөлуге мысал құру. Бөлуге берілген мысал бойынша көбейтуге мысал құру. Көбейту кестелері туралы білімді қолдана отырып бөліндінің мәнін табу. Көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін атау. Өз сөзінде көбейту мен бөлу амалдары компоненттерінің атауларын қолдану.

Бағалау критерийлері

Барлық оқушылар: 2,3,4 сандарына көбейту кестесін атайды, жазады. Көбейтумен берілген өрнекті қосумен алмастырып, мәнін табады.

Көптеген оқушылар: Берілген есепке кері есеп құрастырады. Екі амалмен берілген өрнектердің орындалу ретін анықтайды, мәнін шешеді.

Кейбір оқушылар: Алған білімдерін өмірде қолданады, суретке қарап есеп құрастырады.

Сабақ барысы

Сабақтың

кезеңі

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

1-топ

2-топ

3-топ

Сабақтың басы.

Тақырыппен танысу

8 минут

Балалардың назарын сабаққа аудару.

Психологиялық ахуал.

Қайырлы күн досым,

Қайырлы күн болсын.

Бүгінгі күнің сәттілікке толсын!

Біздің алар бағамыз өте жақсы болсын!

Ынталандыру.

«Үй тапсырмасын қайталау»

«Көңілді қарындаш» әдісі.

Кездейсоқ алынған қарындаш иесі, көбейту кестесін айтады

Өзектендіру.

Қосудың ауыстырымдылық қасиетіне бірнеше тапсырма орындауды, ол қалай жасалып, қалай орындалатынын анықтауды ұсыну.

Өрнектерге қараңдар.

- Қандай сандар түсіп қалған?

- Қосудың қандай қасиетін қолдандыңдар?

5 + 9 = 9 + … 21 + 2 = 2 + …

 Баланың назарын сабаққа аудару








Дескриптор: Оқушылар сұрақтарға жауап береді.







1-20 дейін санақ ретін еске түсіру

ҚБ «Ауызша мадақтау»

Балалар жауаптарын айтады

 




Оқулық, презентация

Жаңа білім

Жаңаны ашу. Проблемалық жағдаят.

- Өрнектерге қараңдар. 2 х 4 = 4 х 2

- Бұл көбейтінділердің мәндерін тең деуге бола ма? Неліктен?

- Бұл тендіктің дұрыстығын әр көбей-тіндінін мәнін есептеу арқылы тексерейік. 2 х 4 = 2 + 2 + 2 + 2 = 8

4 х 2 = 4 + 4 = 8

Дескриптор:

* Өрнектің мәнін есептеу арқылы айырмашылығын атайды.

* Қосудың ауыстырымдылық қасиетін қолдану арқылы ережесін түсіндіреді. Қалыптастырушы бағалау «Ынталандыратын мадақтау сөздер» Жарайсың! Жақсы! Тамаша! Керемет!

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен танысады








Ережені түсіндіреді















ҚБ «мұғалім мадақтамасы»


Сабақтың

ортасы.


Қолдану тапсырма орындау








































Сергіту сәті

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Рисунок 1

Оқушылар № 94 тапсырманың суретін қарайды. Нелерді көріп тұрсыңдар?

Теңгелерді қалай санауға болады?

Оқушылар санаудың әртүрлі нұсқасын ұсынады. 2 тг-ден төрт рет, 4 тг-ден екі рет топтайды. Мұғалім өрнектердің неге әртүрлі екенін нақтылайды.

Дескриптор: Көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін қолдану арқылы өрнектің мәнін табады.

Көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін қолдану арқылы теңдікті қалпына келтіреді.

Қалыптастырушы бағалау

Геометриялық фигуралар арқылы бағалау

Мұғалімнің түсіндірмесі. Көбейткіштердің орнын ауыстырғанмен көбейтіндінің мəні өзгермейді.

Оқулықпен жұмыс. 110 бет.

96

Дескриптор:

- Көбейтуді қосу амалымен алмастырып, мәнін табады.

- Көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін қолдана алады.

Қалыптастырушы бағалау. «Бағдаршам» арқылы бағалау.

«Қар көшкіні әдісі». Екі топ қағазға жазылған есептерді бір біріне лақтырады, шығарылған есептерді тексереді

Орнымыздан тұрайық

Алақанды созайық

Бір отырып,бір тұрып

Бойымызды жазайық

Оңға қарай иіліп

Солға қаррай иіліп

Сәл демалып алайық

Орнымызға отырайық.

«Адасқан аюлар әдісі»

«Қателескен мұғалім әдісі»

Мұғалім көбейту кестесі барысында қате жібереді. Оқушылар тыңдап отырып, қателескен тұсты бірден тауып, дұрыстау керек. Мұғалім қате жіберетін болғандықтан, оқушылар асқан қызығушылықпен мәтінді қалт жібермей тыңдайды.





Тапсырманы орындайды.




































Бір бірінің жұмысын тексереді



Жаттығу жасап, сергіп қалады.







Тапсырманы орындайды: әр аюдың жұбын табады.






2ден-20-ға дейін дәптерге жазу

2 тип




Презентация, бейнероликтер






























Сабақтың соңы

Қалыптастырушы бағалау: Баскетбол ойыны. Допта жасырынған есепті дұрыс шығарса, себетке гол түседі.

Кері байланыс.

Тақырып бойынша не білетінін, не білгенін айтады.

 

Жиналған карточкалар санына байланысты

Үйге 

тапсырма:

95. 110 бет. Есте сақта!.

Оқушылар ережені жаттайды

20-ға дейін сана

Стикерлер



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.02.2022
569
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі