жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Математика 5-сынып
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.3 В Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану. |
Мектеп: Талпын негізгі орта білім беретін мектебі. |
||||
Күні: 27.01.20 |
Мұғалімнің аты-жөні: Максутова А.Е. |
||||
Сынып: 5 |
Қатысқандар саны: 7 |
Қатыспағандар саны:- |
|||
Сабақтың тақырыбы: |
Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру. |
||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: |
5.1.2.25. Бөлшектерді бір жазылу түрінен басқа жазылу түріне ауыстыру. |
||||
Сабақтың мақсаттары: |
Барлық оқушылар: - Ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде жазу, жай бөлшекті ондық бөлшек түрінде жазу ережелерін біледі, математикалық тілде дұрыс сөйлей алады. Басым бөлігі: -Жай бөлшектердің негізгі қасиетін пайдаланып, бөлімін жай көбейткіштерге жіктеуді түсінеді. Кейбір оқушылар: -Бөлшектерді бір жазылу түрінен басқа жазылу түріне ауыстыруды күнделікті өмірде қолдана алады. |
||||
Бағалау критерийлері |
- Жай бөлшектің бөлімін 10,100,1000 т.с.с болатындай натурал санға оның алымын да, бөлімін де көбейтеді. -Ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде жазады. -Дұрыс бөлшек, аралас сандарды ондық бөлшекке айналдырады. |
||||
Тілдік мақсаттар |
Пәнге тән лексика мен терминология: -Ондық бөлшек, жай бөлшек, аралас сан. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: -ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру үшін... -жай бөлшекті ондық бөлшек түрінде жазу ережесі...
|
||||
Құндылықтарды дарыту |
Оқушылар бойындағы ұқыптылық, өзін-өзі бағалау, өзгені бағалау, ойын еркін жеткізе білу құндылықтарын дарыту. |
||||
Ресурстар |
АКТ, топшамалар. |
||||
Пәнаралық байланыстар |
Информатика, қазақ тілі. |
||||
Алдыңғы білім
|
Ондық бөлшектің анықтамасын біледі. Ондық бөлшекті разрядтық қосылғыштарға жіктейді. |
||||
Сабақ барысы |
|||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Дереккөздер |
|||
Сабақтың басы
2 мин
4 мин
4 мин |
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сыныптың сабаққа даярлығына назар аудару.
ІІ. Ынтымақтастық атмосферасын орнату. Шаттық шеңбері Әдіс: «Таудың ұшар басына шығу» ойыны. Оқушылар суреттерге қарап, өз көңіл күйлерін сипаттайды.
Айналаға алақанмен Жылулықты шашайық Сәттілік тілеп күлімсіреп Біз сабақты бастайық!
ҚБ: «Шапалақ» Оқушылар өз сыныптасының жылы лебізіне алғыс білдіріп, қолдарын шапалақтайды.
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру №720 (2), 723, 725. Әдіс: «Өзара тексеріс» Мұғалім есептердің дұрыс жауабын көрсетеді. Оқушылар өзара дәптерлерін ауыстырып, бірін-бірі тексеріп бағалайды. ҚБ: «Смайлик» Үй жұмысы дәптерлеріне (жақсы, жарайсың,өте жақсы т.б ) смайлик жапсырылады. №720 (2) (Интерактивті тақтадан жауабы көрсетіледі.)
№723 1) Ондықтар разряды 2) Бірліктер разряды 3) Ондық үлестер разряды 4) Жүздік үлестер разряды
№725 1)0,456 2)31,0783 3)5,109 ІV. Алдыңғы білімді қайталау Әдіс: «Жасырын сыйлық» (Оқушылар ұяшықтарды таңдау арқылы сұрақтарға жауап береді). Өткен тақырыптар бойынша білімдері тексеріледі: 1. Ондық бөлшек дегеніміз не? Бірліктен де кіші разрядтары бар ондық жүйеде жазылған сан. 2. Ондық бөлшектің бөлшек бөлігінің цифрлары қалай аталады? Ондық таңба. 3. Ондық бөлшекті оқы: 13,6547 13 бүтін он мыңнан алты мың бес жүз қырық жеті. 4. Ондық бөлшектер разрядтарының кестесіндегі үтірден кейінгі бірінші разряд. Ондық үлестер разряды. 5.
Теңдік тура болатындай етіп, цифр қой:
ҚБ: «Мадақтау» Жақсы жауап беріп, белсенді қатысқан оқушыларды «Жарайсың!», «Керемет!», «Өте жақсы» деп мадақтау. |
Презентация Слайд 3
Презентация
Слайд 6-9
Презентация
Слайд 11-16
|
|||
Сабақтың ортасы
15 мин
8 мин
1 мин
2 мин |
І. Қызығушылықты ояту. Ойлау дағдыларының деңгейі: Білу, түсіну. 1
2-тапсырма:
ІІ. Жаңа сабақ. Ойлау дағдыларының деңгейі: Білу, түсіну. 3-тапсырма: Жай бөлшектердің қайсысын ондық бөлшек түрінде жазуға болады?
Мысалы:
Тақырыптың түйіні: І. Кез келген ондық бөлшекті жай бөлшек немесе аралас сан түрінде жазуға болады. ІІ. Жай бөлшектің бөлімін 10,100,1000 т.с.с болатындай натурал санға алымын да, бөлімін де көбейту керек. ІІІ. Кез келген жай бөлшек ондық бөлшек түрінде жазылмайды.
ІІІ. Оқулықпен жұмыс. Ойлау дағдыларының деңгейі: Қолдану. №736 (ауызша)
Дескриптор: Білім алушы: -Ондық бөлшек түрінде жазуға болатын жай бөлшектерді таңдап алады. -Жай бөлімін 10,100,1000 т.с.с сандарына келтіреді. -Жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдырады. -Математикалық тілде дұрыс сөйлей алады.
ІV. Тақтамен жұмыс. №737 (1-6)
Дескриптор: Білім алушы: -Ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде жазады. -Есепті тез әрі дұрыс шығара біледі.
ҚБ: «Бағдаршам» (Өзін-өзі бағалау) Оқушылардың өздерінің қаншалықты түсінгенін білдіріп, бағдаршам түстерін көтереді. Сары көтерген оқушы сұрағына жауап беріледі. Жасыл көтерген оқушыларды қызыл көтеріп отырған оқушыға түсіндіру үшін жұмылдыру. Жасыл түс– толықтай түсіндім Сары түс– кейбір сұрақтарым бар Қызыл түс- түсінбедім
V. Cергіту сәті. (Видеоролик)
VI. Тақтамен жұмыс. №738 (3)
Дескриптор: Білім алушы: -Жай бөлшектердің бөлімін 1000 санына келтіреді. -Жай бөлшекті ондық бөлшек түрінде жазады.
|
Презентация
Слайд 17-18
Презентация
Слайд 19-23
Презентация
Слайд 24-26
Видеоролик
Презентация
Слайд 27
|
|||
Сабақтың соңы
4 мин |
Сабақты қорытындылау. І. Рефлексия (Кері байланыс): «Нысана» әдісі. Оқушылар сабаққа қатысқанын, түсінгенін, меңгергенін, қызықты болғанын бағалайды. Сары түсті шеңбер «бұл тақырып маған өте қызық болды...» Қызыл түсті шеңбер «маған бәрі түсінікті!» Көк түсті шеңбер «маған көмек қажет»
ІІ. Үйге тапсырма: № 737 (6-12) № 738 (1,2) № 741 ереже жаттау.
|
топшамалар
Презентация
Слайд 29-30
|
|||
Талпын негізгі орта білім беретін мектебі.
Тақырыбы: Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру.
Сыныбы: 5
Пәні: Математика
Пән мұғалімі: Максутова А.Е.
2019-2020 оқу жылы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген