400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. Математика. Ай. 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға, тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар


Пән: Математика

Мектеп:

Ортақ тақырып: саяхат

Мұғалімнің аты:

Күні:


Сынып: 1

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Ай

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

1.1.3.1.шамаларды ажырату; уақыт; оларды өлшеуге қажетті әдістерді, құралдарды таңдау; өлшеу

1.1.3.2. өлшем бірліктерін қолдану арқылы шаманы өлшеу: сағат

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

-Ай уақыт аралығы және уақыттың өлшем бірлігінбіледі.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

-Ай аттарымен және орналасу ретін жаза алады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

-Циферблат бойынша уақытты анықтайды, уақыт бөліктерінің

аралығын «сағат» өлшем бірлігімен есептейді.

Бағалау критерийлері

Шамаларды ажыратады; уақыт; оларды өлшеуге қажетті әдістерді, құралдарды таңдайды; өлшейді;

Өлшем бірліктерін қолдану арқылы шаманы өлшейді: сағат

Тілдік мақсат

«Ай, жыл» -уақыт аралығы және уақыттың өлшем бірлігі деген түсінік беру, оқушыларды ай аттарымен және олардың орналасу ретімен таныстыру барысында тірек сөздерді қолданады.

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:

Ай-месяц-moon

Күнтізбе-календарь-calendar

Талқылауға арналған сұрақтар:

-«Бір» ай дегеніміз не? Сендер қалай ойлайсындар?»

 -Бір айда қанша күн бар? 

-Қазір қай ай?

-Бұл ай жылдың қай мезгіліне жатады?

-Осы айдыңалдыңда қай ай өтіп кетті?

-Бұл айдан кейінгі айды ата

-Наурыз мерекесі қай айда тойланады?

-Ақпан айында неше күн бар? Т.б.

Құндылықтарды дарыту

оқушылардың тілін, сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын дамыту;

ынтымақтастық,жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік

құндылықтарды қалыптастыру;

уақытты үнемді пайдалануға дағдыландыру.

Пәнаралық байланыс

Дүниетану- жыл мезгілдері.

Музыка – сергіту сәті.

АКТ қолдану дағдылары

Проектор, бейнеролик, таныстырылым, электронды оқулық.

Бастапқы білім

Ай аттарын білді. Бастапқы білімдері барысында.

Жоспар

Жоспарланған уақыт есебі


ресурстар


Басы


Сабақ топпен жұмыс істеуден басталады.

Ш аттық шеңбері

Қане, қане тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Оң жақтағы көршіге,

Сол жақтағы көршіге,

Күлімсірей қарайық,

Көкке қолды созайық,

Бәріненде озайық,

Құшақтасып әр кезде

Тату достар болайық.


Әр топқа жылдың төрт мезгілінің суретін таратып беріп қыс, көктем, жаз, күз деп кезек-кезек айтқызып жылдың төрт мезгілдері бойынша төрт топқа бөлемін.

1 топ –күз айлары(кыркүйек, қазан, қараша)

2 топ –қыс айлары (желтоқсан, қаңтар, ақпан)

3 топ- көктем айлары наурыз, сәуір, мамыр)

4 топ – жаз айлары (маусым, шілде, тамыз)


«Паравоз» ойыны.

Оларға ай аттары жазылған кеспе қағаздарды біреуін таңдау керектігін айтамын. Олардың міндеті ай аттарын ретімен тізбектеп қойып шығу:

Ай аттарының реті бойынша тұрады. Ал басқа оқушылар ай аттарын хормен атап шығу керек.

-«Бір» ай дегеніміз не? Сендер қалай ойлайсындар?»(оқушыжауабын тыңдау)

Сабақтың мақсаты.Бігін сабақта ай ұзақтығын және ай аттарын білетін боласыңдар.








Ж ыл мезгіліне байланысты суреттер;


Ай аттары жазылған парақшалар;







Ортасы


































Электронды оқулық

Ай–ұзақ уақыт аралығы.

Онда 4 апта және бірнеше күн болады.

Айлар бірінен кейін бірі ретімен келеді. Ай 30 немесе 31 тәуліктен (ақпанда -28 немесе 29 тәулік бар) тұрады. Күндердің апта және ай бойынша ретімен жазылуын «күнтізбе»- деп те атайды.


  1. Суретпен жұмыс:«Интервью әдісі» (Ұ)

Балалар, қане суретке назар аударайық.

Не көріп тұрсындар?

1.Бүгін қай күн?

2.Келесі қай күн?

3.Өзін туған айды ата.

4.Барлық айлардың атын оқы.

5.Қыс, көктем, жаз, және күз

айларын ата.

Бір айға арналған күнтізбе-осы айдағы күндер ретімен жазылған жазба. Әр айдағы күндер саны әртүрлі болады: 30, 31, 28 немесе 29 күн. Мысалы сәуір айында 30 күн бар. 


  1. «Тыңдап отырған үштік» әдісі. (Т)


1топ:Талғаттың туған күні -9 сәуір.

Бұл аптаныңқай күні?Жауабы:Сенбі

2 топ:Оқушылар сенбі және жексенбі күндері

демалады. Сәуір айында оқушылар неше

күн демалады? Жауабы: 9 күн

3 топ:Әмір сейсенбі және бейсенбі күндері

қазақша күрес үйірмесінде жаттығады.

Ол сәуір айында неше рет жаттығуға

қатысады?Жауабы: 8 рет

4 топ: Дүниетану пәні қай күні өтіледі? Сәуір

айында дүниетану пәні неше рет

болады? Жауабы: 5 рет

( барлық топ өз жауаптарын салыстырып, егер жауаптары дұрыс болса, жауаптарының дұрысығына көз жеткізуі тиіс. Егер дұрыс болмаса, онда қатесін тауып, себебін анықтау қажет.)

Дескриптор:

-Күнтізбені қолданады.

-Күнтізбеде берілген уақытты анықтайды.

-Уақыт өлшем бірліктерін атайды.

-Берілген сұрақтарға дұрыс жауап береді.


Кері байланыс:«Бағдаршам»

ҚБ:өзара бағалау


3. «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі. (Ж)

1. Арман 1 қыркүйек күні, Жаңа жылға дейін қанша ай қалғанын санапкөрмекші болды.Оған көмектесіп көр. Жауабы: 4 ай

2. 1 қаңтардан кейін 5 ай өтті. Қазір қай ай?Жауабы: маусым


Дескриптор:

-Күнтізбемен өлшенетін өлшем бірліктерін анықтайды.

-Күнтізбені қолданады.

-Олардың арақатынасын біледі.


Кері байланыс: «Бағдаршам»

ҚБ: өзара бағалау


4. Орындап көр. (ЖЖ)

Өз сыныптастарының туған күндерінің тізімін жаса.

Қай айда туған күн иелері көп?

(оқушылар сыныптастарының туған күнін анықтап, қай айда туған күнін көп екенін біледі.


5.Сен білесің бе? Айда қанша күн барын күнтізбесіз де білуге болады. Күнтізбесізайдағы күндер санын сақтау үшін, саусақтағы сүйектердің ретімен айларды санау тәсілін қолдануға болады.Санау кезінде алақаныңды жұмып, жұдырығыңды түйесің.Содан кейінсолдан оңға қарай, сүйектерден бастап санайсыңдар.Яғни бірінші ай қаңтар- бұл айда 31 тәулік бар.Содан соң екінші ай –ақпан. Ол саусақ сүйектерінің арасындағы шұңқырға сәйкес келеді, яғни 30 күндік ай деген сөз.Бірақ ақпан айында 28 немесе 29 тәулік бар.Үшінші ай сүйекке түседі- бұл айда 31 тәулік бар, төртінші ай-шұңқырға - бұл айда 30 тәулік. (Осылайша 12 айды оқушыларға саусақ сүйектері арқылы санауды көрсету.Уақыт аралығы мен уақыттың өлшем бірлігі жыл туралы түсінік беру.)


Сергіту сәті «Көңілді күн»


6. Дәптермен жұмыс. (ЖЖ)

«Кім жылдам?» ойыны

1.Күнтізбе парақтарына ай аттарын жазады

(Күнтізбедегі ай аттарын сызықпен байланыстыра сызады.)

3. Сұрақтарға жауап береді.

1.Қазір қай күн?-----

2.Келесі қай күн?-----

3. Үш айдан кейін қай ай болады?-----

4.Сенің туған күнің қай айда?-----

5. Қазақстандықтар қай айда Тәуелсіздік күнін атап өтеді? (Желтоқсан)

3.Дұрыс жауапты белгіле.(тест)

Жауабы:

1. ә)

2. в)

3. б)

4. ә)

5. в)

6. а) және в)

Дескриптор:

-Күнтізбе парақтарына ай аттарын жазады.

-Ай аттарын байланыстырып сызады.

-Ай аттарымен және орналасу ретін жазады

-Уақыт өлшем бірліктерін анықтайды.

-Уақытты тиімді пайдаланады


Кері байланыс:«Бағдаршам»

ҚБ:«Алма, гүл, жапырық»


Эл.оқулық





Үстел күнтізбесі;











А3 пішінді қағаздар;

Түрлі –түсті маркерлер.















































































Соңы




Кері байланыс

«Табыс ағашы» бойынша өзін-өзі бағалайды.


- сабақ ұнаса және тапсырмалардың бәрін сәтті орындаса


- сабақта белгілі қиындықтар кездессе



-сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болып, мұғалімнің көмегі қажет болса






Қосымша мәліметтер

Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы

қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


«Тыңдап отырған үштік» (Т)


Барлық оқушы:

Ай уақыт аралығы және уақыттың өлшем бірлігі екенін біледі. Күнтізбені қолданады.


Көпшілігі:

Күнтізбеде берілген уақытты анықтайды.Уақыттың өлшем бірлігін атайды.Берілген сұрақтарға дұрыс жауап береді.


Кейбірі:

Уақытты анықтайды, өлшем бірлігімен есептейді.




«Алма, гүл, жапырақ» жетондарын-ынталандыру,

қызығушылықтарын ояту, белсенділіктерін арттыру мақсатында қолданамын.



Оқушылар қаламсаппен жұмыс жасағанда, абай болуларын, бір – бірінің көзін немесе басқа да мүшелерін зақымдап алмауын ескертіп отыру.

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу мақсаттары орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма ? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.

2.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алды (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.

2.

Сабақ барысынада сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


 





































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10 мамыр
560
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі