жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ. Математика әлемі.
Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі
Тақырыбы: «Математикалық ойын-сауық»
Мақсаты: «РОБО Тышқан» жаңа технологиясымен балаларды тапқырлыққа,ізденімпаздыққа тәрбиелеу. Танымдық қызығушылықтарын арттыру.

Тәрбиеші:Кекибаева Б.М.
Мектепалды даярлық «Балауса» В тобы
Ашық оқу қызметі
Күні:
Толтырған тәрбиеші:
Мектепалды даярлық «Балауса» «В» тобы.
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлім: Математика негіздері.
Тақырыбы: «Математикалық ойын-сауық»
Мақсаты: «РОБО Тышқан» жаңа технологиясымен балаларды тапқырлыққа,ізденімпаздыққа тәрбиелеу. Танымдық қызығушылықтарын арттыру.
Білімділік:Заттарды әртүрлі белгілері бойынша есеп шығаруға дағдылау.
Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілетін
дамыту, қызықты тапсырмаларға деген қызығушылықтарын арттыру,есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:Әсемділікке , әдептілікке тәрбиелеу.
Билингвальды компонент:Алу-минус,қосу-плюс,сан-цифры.Фигура-пішін.
Сөзік жұмыс: Азайту,қосу,тең.
Көрнекілік құралдары:Геометриялық пішіндер,магнитті тақта,робо тышқан,магнитті және магнитсіз алаңқайлар.
Әдіс тәсілдер:Блум таксономиясы,саралау тәсілдері,ТРИЗ технологиясы және өрмекші әдісі.
|
Оқу қызметінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Ой қозғайтын себептер |
Таңғы шеңбер Қайырлы күн досым Қайырлы күн болсын Бүгінгі күннің сәті Сәттілікке толсын. |
Балалар шеңберге тұрып бірге қайталайды. |
|
Ізденіс ұжымдық негізгі бөлім |
Балалар бүгін біз Математика әлемінде ойын-сауықтаймыз.Бізге түрлі аялдамалар берілген.Ол қандай аялдама екенін тапсырма арқылы табамыз.Ал ендеше мен кішкене тоқталып кетейін.Қазіргі заманға сай жаңаша технологиямен жасылынған «РОБО тышқан» әдісімен ҰОҚ-ті бойынша айтатын боламын.Қазіргі таңда «Робототехника» терең дамып жатқандықтан біздер бүгін сол әдістермен бірге орындаймыз.Ол үшін сендерді қажетті құрал – жабдықтармен таныстырамын. Мынау «РОБО тышқан»,мынау шартты белгілер, үлестірмелі материалдар, математикалық магнитті бос текшелер алаңқайы,геометриялық пішіндері орналасқан алаңқай,оңға –солға бұрылу магнитті карточкалар,геометриялық пішіндер,түрлі есеп шарттары және алгоритм. -Ал балалар ендеше біз 1.Ұқыпты болу керек. 2.Заттарды қажетінше ұқыпты ұстайық. 3.Бір –бірімізді итермейміз,соқпаймыз. 1.Аялдама. ШЕҢБЕР. -Балалар арнайы жасалынған заттармен шеңбер жасайды. Шеңбер аялдамасы. 2.Аялдама. ТЕКШЕ Ауызша есептерді шығару арқылы,жасырылған әріптерден текше сөзін құрастыру. 3.Аялдама. ҮШ БҰРЫШ. Логикалық сұрақтар және Робо тышқан арқылы алгоритмді қолдана отырып геометриялық фигураларға тоқталу.Пішініндерді дұрыс айту.
Сергіту сәті Мнемокесте арқылы сергіп алайық. Жоғары қарап күн көрдім, Төмен қарап жер көрдім. Оңға,солға бұрылып, Егеменді ел көрдім. -Балалар біз шаршағанымызды басып серігіп. 4.Аялдама. Тауып көр. -Балалар қазір сендердің есте сақтау қабілеттеріңді тексеру арқылы берілген тапсырманы орындаймыз.Ол үшін бізге киюзенер таяқшалары көмектеседі.Тапсырманы мұқият қарап,қандай пішіндердің жоқ екенін қарап,жоқ пішіндері табу керек. -Жарайсыңдар балалар! 5.Аялдама. Қайсысы көп және аз. -Берілген тапсырманы үстел үстінде жұмыс дәптерінде орындаймыз. 6.Аялдама. ПІШІНДЕР: -Балалар қазір жұптық жұмыс жасаймыз.Ол үшін арнайы жасылған үстелге бару керек.Стөл үстінде гуашь және пластикалық шыны бар.Жұптық саусақтармен пішіндерді сызамыз. -Жарайсыңдар балалар! 7.Аялдама. Қортынды. Түрлі түсті қолғаптар. |
-Балалар мұқият тыңдайды.
Қауіпсіздік шараларын сақтаймыз. -Балалар бірге орындайды. -Балалар мұқият тыңдайды. -Балалар бірігіп тапсырмаларды орындайды.
-Балалар бірге сергіту сәтін жасайды.
-Тапсырмалардың жауаптарын киюзенер таяқшаларымен шешеді. -Мұқият орындайды. Балалар жұппен жұмыс жасайды. |
|
Рефлексиялау Қортындылау. |
-Ашық оқу қызметін қортындылау. -Сұрақ-жауап әдісі. -Балаларды мадақтау. -Балаларға жыл сөздер айту. |
-Балалар мадақтау сөздерге рақмет айтады. |
шағым қалдыра аласыз




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген