400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Математика әлемі"

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: « Математика әлемі »

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілеттерін, тапқырлығын, жылдамдығын, таным белсенділігін арттыру. Математикалық сұраққа мәдени түрде жауап беру, қарым – қатынасты дамыту

Сабақтың жүрісі

І Ұйымдастыру.

Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар?

Армысыздар ардақты ұстаздар мен білім сайысына қатысушы жас қырандар. Кешті ұйымдастырушылар атынан жалынды сәлем! « Математика әлемі » атты сайысымызды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер. Бүгінгі біздің « Математика әлемі » атты кешіміз жарыс түрінде өтеді. Жарысқа 1 сыныптан бастап 4 сынып оқушылары қатысады. Сайысқа қатысушы оқушылар екі топқа бөлініп отыр. Осы топтардың әділ бағасын беретін « әділқазылар алқасын » сайлап алайық.

  1. Әлібек ағай

  2. Арайлым апай

  3. Ғайнел апай

Сайыстың ретімен таныстырып өтейін. Сайыс 8 бөлімнен тұрады:

  1. Таныстыру

  2. « Кім шапшаң ?» ойыны

  3. « Ғажайып математика »

  4. Ойлан , тап!

  5. Тіл өнері ( Математикалық оқулар )

  6. «Тез айт,бірақ қателеспе» ойыны

  7. Математикалық жұмбақтар

  8. Амал таңбаларын қою

Сіздерді сайысқа шақырамыз,

Есеппен бастарыңды қатырамыз.

Математиканы ұғындырып,

Аз да болса, білімдеріңді толтырамыз.

Енді сайысымыздың бірінші бөлімі « Таныстыру » кезеңін бастаймыз.

1 топ « Тапқырлар »

Бір мектепте оқимыз бәріміз де,

Достық сөзі әрқашан дәрі бізге.

Жарысуға сендермен келіп тұрмыз,

Мына жұртың таңырқасынбәрі бізге.

Біздің тобымыздың аты: « Тапқырлар »

Біздің тобымыздың ұраны: «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ»

2 топ « Алғырлар »

Сендерді айта алмаймыз нашар деп,

Ойламаңдар, қорқып біздер қашар деп.

Біз дайынбыз жарысуға достарым.

Көрсетеміз бізде қандай күш барын.

Тобымыздың аты: «Алғырлар»

Біздің тобымыздың ұраны : «Оқу – білім азығы, білім ырыс қазығы»


Архимедтей жаңалықтар ашар,

Болса үміткер, сайысқа үлес қосар.

Ұлы математик ізін басар,

Бізде жоқ па талапкерлер?

Біреуінің жүрегінің түгі бар,

Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.

Біреуінің күмбірлеген күйі бар,

Енді біреуінің қатты істейтін миы бар, - демекші сайысымыздың екінші бөлімі

« Кім шапшаң ? » ойынын бастаймыз. Ойынның шарты есеп екі топтың мүшелеріне 3 есептен берілген. Есепті қатесіз, шапшаң шығаруымыз керек. Қай топтың мүшелері есепті қатесіз шығарса сол топтың мүшелері жеңіске жетеді. Әр есептің дұрыс жауабы 5 ұпайдан.

Shape2 Shape1

« Алғырлар» тобы

1 с. 2+6=8 3+4=7 7-3=4

2с. 22+16=38 29+15=44 37-13=24

3с. 642 + 456 = 1098 253 + 265 = 518

50*2 - (35: 7) = 95

4с. 5463:9 = 607 453 * 200 = 90600

64 * 2 – ( 45 : 9 ) = 123





« Тапқырлар » тобы

1 с. 6+3=9 5+0=5 10–7 =3

2с.56+3=59 54+10=64 17-10=7

3с. 177 + 233 =410 890 + 110 = 1000

25 * 2 + 15 * 2 = 95

4с.4212 : 54 =78 732*300=219600

557 – ( 467 – 389 ) =479









4





Көрермендерге жұмбақ есеп

  1. Ала шапан киініп,

Қарбыз жатыр үйіліп.

Қарбыздарды шетінен,

Санап шықтым екіден.

Бесеу болды жұп саны,

Нешеу болды түп саны? ( 10 )

2. Алдында үш балапан,

Артында үш балапан.

Ақ тауық пен балапан,

Айтшы санын балақан. ( 8 )

  1. Нәрселерді санағанда,

Керек ол бізге ауадай.

Айтыңдаршы бұл қандай сан?

Жан – жағыңа қарамай. ( натурал сан )

Сайысымыздың үшінші бөлімі « Ғажайып математика » деп аталады.

9 ұяшық берілген 9 ұяшықтың әрбірін таңдау арқылы өздеріңе ұпай жинайсыңдар. Әр ұяшықтарда логикалық есептер жасырылған. Егерде сұраққа жауап бере алмасаңдар, келесі топтың мүшелері жауап беруге болады, ұпай саны жауап берген қосылады.

Оң жақтағы 10. Үстелдің үстінде 5 стақан сүт тұр еді, Әсел 1 стақандағы сүтті ішіп, стақанды столдың үстіне қойды. Үстелдің үстінде неше стақан қалды. ( 5 )

Ортадағы 10. 4 жұмыртқа 2 минут қайнайды.1жұмыртқа неше минут қайнайды. (2)

Сол жақтағы 10. Інісінің 14 асығы бар, ағасының одан 5 асығы артық. Екеуінің неше асығы бар. ( 33 асығы бар )

Оң жақтағы 20. 1 тонна мақта ауыр ма, 10 центнер темір ауыр ма ? ( тең )

Ортадағы 20. Бір бөлке нан, 24 теңге тұрады, 6 бөлке нан қанша теңге тұрады?

(144 теңге)

Сол жақтағы 20. Егер екі кірпіштің салмағы 8 кг болса, бір жарым кірпіштің салмағы қанша болады ? ( 6 кг )

Оң жақтағы 30. Үш түйеқұс ұшып келе жатқанда, біреуі жерге қонды. Неше түйеқұс ұшып кетті. ( Түйеқұс ұшпайды )

Ортадағы 30. Жаңа туған пілдің баласы 1 тоннаның сегізден бір бөлігін тартады. Жаңа туылған пілдің баласы неше кг тартады? ( 125 кг )

Ортадағы 30. « Спутник» жер шарын 103 минутта айналып өтті. Ол неше сағат, неше минутта айналып өтті ? ( 1 сағат 43 минут )

IV. «Ойлан, тап!» ойыны

«Shape3

5

Тапқырлар » тобы « Алғырлар » тобы

Shape15 Shape16 Shape20 Shape19 Shape18 Shape17 Shape9 Shape5 Shape14 Shape8 Shape13 Shape7 Shape6 Shape4

4

6

15 шығу керек



Shape23 Shape22

6

Shape21

4

5



Shape25 Shape24

20



V. Тіл өнері

Математикалық оқулар


1 топ «Тапқырлар» 2 топ «Алғырлар»

Т + 10 = ? тон 3 + кір = ? үшкір

6 + н = ? алтын 5 + ік = ? бесік

7 + к = ? жетік с + 10 + а = сона

100 + ім = ? жүзім қ + 10 + ақ = ? қонақ

К + 2 + л = ? кекіл 8 + көз = сегізкөз

Заманның лебіменен жел есетін,

Келді ғой кезек міне, кездесетін.

Жаңылтпаш сайысына уақыт бөліп,

Жаңылып қыран топан күлісетін. - деп сайысымыздың келесі бөлімі

«Тез айт, бірақ қателеспе» кезегіне береміз, яғни сіздерге жаңылтпаш оқылады сіздер сол жаңылтпашты қателеспей тез айтуларыңыз керек


VІ. «Тез айт, бірақ қателеспе» ойыны.


«Тапқырлар » тобына « Алғырлар » тобына


1.Ұшып кетті үш құс, 1. Қырық қырықтық,

Ұшып келді ұшқыш. Сырық қырықтық.


2.Қырық үш қызғыш құсқа 2. Төрт төртім бар,

Қырық үш қызғыш құс қосса Төрт тортым бар.

Қанша қызғыш құс болады Төртім-маған,

Тортым-саған.


VIІ. Математикалық жұмбақтар

« Жылдам тап » ойыны

Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,

Сөз кезегін жұмбақтарға берелік.

Арамызда тапқыш достар көп екен,

Солардың енді жауаптарын көрелік. деп сайысымыздың 7 бөлімі Математикалық жұмбақтарға кезек берейік. Жұмбақ екі топқа бірдей беріледі.

  1. 12 бұтағы бар алып емен

52 шыбық тарап өсіп өнген

Шыбық сайын жетіден жапырағы

Бар ма сондай ағашты көзің көрген?

( Жыл, 12 ай, 52 апта, 7 тәулік)

  1. Бір – бірімен жарысқан

Төрт аю, бір арыстан.

Екі қой мен бір түлкі

Бәрі нешеу кім білді. ( 8 )

  1. Түйе бота маң басқан

Төртеуі аяғын тең басқан

Шұнақ құлақ бес ешкі

Төрт қозылы екі қой.

Бәрін бірге санап қой. ( 15 )

  1. Көлден ұшты 40 қаз,

Қайтып қонды 15 қаз.

Қонбады оның нешеуі,

Кәне, кім тез шешеді? 40 – 15 = 25

  1. Табақта он бес алма,

Қолымда бес алма.

Барлығын қосқанда,

Болады неше алма. ( 15 + 5 = 20 алма )

VІІІ. Амал таңбаларын қою

Өткір болсаң ұтарсың,

Тапқыр болсаң табарсың.

Оқысаң өрге басарсың,

Жауабын жылдам табарсың. – дей отырып, сайысымыздың 8 бөлімі

« Амал таңбаларын қою » кезеңін бастайық.


Shape27 Shape26

37 + 20 = 57

255 – 55 =200

799 – 10 = 789

63 : 9 = 7

8 * 7 = 56

35 : 5 = 7

200 + 6 = 206

964 – 64 = 900

64 * 0 = 0

600 + 150 = 750

3642 : 6 = 607

360 : 4 = 90

560 * 2 =1120

440 : 2 = 220

420 * 0 = 0



27 + 30 = 57

155 - 55 = 100

899 + 1 =900

54 : 9 = 6

6 * 8 = 48

18 : 2 = 9

100 + 6 = 106

200 – 50 = 150

54 * 0 = 0

300 + 250 = 550

2427 : 3 = 809

810 : 9 = 90

630* 2 =1260

230 * 3 = 690

28 * 4 = 112






































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
720
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі