400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Математика әлеміне саяхат"

Материал туралы қысқаша түсінік
Танымдық ойындар арқылы баланың ойлау қабілетін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Математика әлеміне саяхат»

Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін, жылдамдық қасиеттерін дамыту; қарапайым есептерді дұрыс шығару дағдысын қалыптастыру.

Көрнекілігі: 1-ден 10-ға дейін кеспе цифрлары. «Бауырсақ» ертегісінің суреттері,слайд,есептер, «Бауырсақ» әдісі интербелсенді ойын.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Психологиялық дайындық.

Қуанамын мен де,

Қуанасын сен де

Қуанайық, достарым,

Арайлап атқан күнге!

Бүгінгі күніміз сәтті өтсін деп тілек тілейік.

  1. Негізгі бөлім.

- Балалар, бүгін біз ертегілер әлеміне саяхатқа шығамыз.Ол үшін көліктерді түсіне қарай таңдап топқа бөлініп отырайық.

1. Кіріспе әңгіме.

Өткен тақырыптарға сұрақ қою арқылы шолу жасау.

«Бауырсақ» ертегісін әңгімелейді.

Бауырсақ домалап кетеді. Домалап келе жатып,жануарлардың кедергісіне кездеседі.Сол кедергіден өту үшін төмендегі берілген тапсырмаларын орындауымыз қажет.

  1. Қоянның тапсырмасы:

1-ден 10-ға дейінгі сандарды өсу және кему ретімен орналастырып суретті құрау.

  1. Қасқырдың тапсырмасы: Дидактикалық ойын: «Көршісін тап»









Миға шабуыл: «Бауырсақ» әдісі интербелсенді ойын.


3.Аюдың тапсырмасы: «Бал жинау»

Үш топқа балаларға есептер беріледі. Шешуін тауып,тақтадағы аюдың бөшкесін балмен толтырады.


Сергіту сәті

Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды,

Ойлы-қырлы жерлермен

Ытқып-ытқып жүгірді.

Қарап еді артына

Қиығын сап көзінің,

Келе жатқан томпаңдап,

Көжегі екен өзінің.️.

  1. Түлкінің тапсырмасы:

Дамытушы ойын: «Артық пішіндегі суретті тап»(фонарик әдісі)




Бауырсақ барлық тапсырмаларды сәтті орындап, аман-есен ата-әжесіне қауышқан екен.


Тәрбиеші :

  • Балалар сендерге бауырсаққа көмектескен ұнады ма?

  • Қандай тапсырмалар орындадыңыздар?

-Барлығың сабаққа жақсы қатыстыңдар. Жарайсыңдар!

«От шашу» әдісімен өзін-өзі бағалау.Тәрбиешінің бағалауы.

Балалар шеңбер құрып, қонақтармен қоштасады.

Қол үстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық,

Көріскенше күн жақсы

Сау саламат болайық!.

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29.01.2024
330
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі