Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ :«Математика еліне саяхат». Мектепалды даярлық топ.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ :«Математика еліне саяхат». Мектепалды даярлық топ. Білім беру саласы : Таным Бөлімдері: Математика негіздері Тақырыбы:«Математика еліне саяхат». Мақсаты: Балалардың Логикалық ойлау қабілетін, танымын дамыту , сөздік қорын кеңейту. Міндеттері: Балалардың апта күндері, тәулік бөліктерінің реттілігі туралы білімдерін бекіту. 10 саны көлеміндегі сандар мен цифрлар туралы ұғымдарын қалыптастыру, тура және кері санауға жаттықтыру; Қарапайым мысалдар мен есептерді шеше білу дағдыларын бекіту. Геометриялық пішіндер мен денелерді атап, ажырата білуге жаттықтыру. Топпен жұмыс істеуге, өз ойын дәлелдеуге, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Павлодар облысының білім беру басқармасы,Екібастұз қаласы білім беру бөлімінің « № 7сәбилер бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Тәрбиеші: Атыгаева Гульжанат Ермековна

Топ:Мектепалды даярлық Білім беру саласы : Таным

Бөлімдері: Математика негіздері

Тақырыбы:«Математика еліне саяхат».
Мақсаты: Балалардың Логикалық ойлау қабілетін, танымын дамыту , сөздік қорын кеңейту.

Міндеттері: Балалардың апта күндері, тәулік бөліктерінің реттілігі туралы білімдерін бекіту.

 10 саны көлеміндегі сандар мен цифрлар туралы ұғымдарын қалыптастыру, тура және кері санауға жаттықтыру;

Қарапайым мысалдар мен есептерді шеше білу дағдыларын бекіту.

Геометриялық пішіндер мен денелерді атап, ажырата білуге жаттықтыру.

Топпен жұмыс істеуге, өз ойын дәлелдеуге, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік құралдар: Сандар, суретті тапсырмалар,мольберт,ноутбук,5 түрлі-түсті дөңгелек.

Билингвальдік компонент: Тәулік-сутки,таңертең-утро,күндіз-день,кеш-вечер,түн-ночь.

Технология: ТРИЗ,ИКТ,Эйлер шеңбрері,тірек сызба.

Сабақ барысы:
- Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше өтеді. Себебі бізге көптеген апайлар келіпті. Олай болса қонақтармен амандасайық.
Сәлеметсіздер ме, апайлар.
- Балалар көңіл күйлерің қалай?Ендеше

Тақпағымызды еске түсірейік:

Мен талапты баламын,
Дайын дәптер қаламым.
Есептерді шығарып,
Бестік баға аламын - дей келе сабағымызды бастайық.

- Балалар мына суреттен қандай ертегілерді көріп тұрсыңдар?

- Жақсы,жарайсыңдар.

- Балалар мен сендерге ертегіні тегін естеріңе түсірген жоқпын.

- «Түлкі мен қоян» ертегісіндегі Қоян бізден көмек сұрап хат жазыпты.

-Қу түлкі оның үйін тағы алып қойыпты,ал тапсырмаларды орындамаса ол қоянның үйін босатпаймын дейді.

Қоянның достары тапсырманы орындай алмай жатыр екен.

Көмектесеміз бе?

-Ендеше орманға саяхатқа шығайық.Біздің саяхатымыз алыс сендер шаршамас үшін миымызға шабыл жасайық.

«Миға шабуыл». Жылдам жауап беру.
- Бір жылда неше мезгіл бар?
- 1жылда неше ай бар?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қазір қай ай?
- Бір аптада неше күн бар?
- Апта күндерін атап айт.
- Бүгін аптаның нешінші күні?
- Балабақшаға аптасына неше күн келеміз?
- Қай күндері келеміз балабақшаға?
- Қай күндері демаламыз?
- Жақсы жарайсыңдар.

/музыка/

-Балалар қараңдаршы біз орманға келдік ,мұнда түлкі өзінің тапсырмасын қойып қойыпты.

Енді түлкінің тапсырмаларын орындап көрейік.

1. Түлкінің тапсырмасы

Ойын: «Ойна да ойла». Логикалық сұрақтар.
1. Қоян екеу, құлағы нешеу?
2. Не ауыр піл ме, қоян ба?

3. Бақшада емен ағашы өсіп тұр. Еменде барлығы неше алма өсіп тұр?
4. Орманда аңдар арасында жүгіруден жарыс өткізілді. Жүгіруге қоян, түлкі, балық қатысты. Осы жарыста балық нешінші болып келді деп ойлайсыңдар?
5. Екі мысықтың аяғы нешеу? ( 8)

6. Үш сиырдың мүйізі нешеу? (6)

7. Ай көп пе, жұлдыз көп пе?
8. Аю үлкен, ал тиын...

9. Алма тәтті, лимон...

10. Адамда неше бас бар?

11. бағдаршамда неше көз бар? (3)

12. жұлдыздың неше бұрышы бар? (5)

Логикалық есептеу:
Табақта 5 алма
Алды біреуін Алима
Алды біреуін Салима
Табақта қалды неше алма?[3]
Қорада тұр 2 балапан
Далада жүр 3 балапан
Барлығы неше балапан?[5]
2.тапсырмасы. /2 топқа бөлініп жеке орындайды/

«Санды сәйкестір».

Балалар қыстырғыш арқылы 1 жұлдызшаға -1 санын қыстырады ,,,ретімен.

«Балықтар» есеп шығару .

-Жарайсыңдар балалар.

3. Ит тапсырмасы

Мақал-мәтел жаттау /тірек сызба/ арқылы

4. Аю тапсырмасы .

«Ретімен және кері санау».

Сандарды ретімен,кері атау,көршілерін атау.
- Жақсы жарайсыңдар!

тапсырмасы.

Сергіту сәті.

Оңға,оңға,түзу тұр.

Солға,солға,түзу тұр.

Артқа қарай бір адым,

Алға қарай бір адым.

Жоғары төмен қарайық ,

Орнымызды табайық.

5. Өгіздің тапсырмасы

«Уақытты бағдарлау»

Тәлік-сутки,таңертең-утро,күндіз-день,кеш-вечер,түн-ночь.

6. Әтештің тапсырмасы . «Пішіндерді сана».

Әтеш және үй
Қорытындылау.
- Балалар біз қайда бардық?
- Қандай тапсырмалар орындадық?

-Тапсырмаларды бізге нелер берді?
- Қандай тапсырмалар сендерге қиын болды?
- Сабақта не ұнады? Сұрақтарға толық жауап береді, өз ойларын айтады.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.02.2022
2962
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі