Материалдар / Ашық сабақ: "Математика еліне саяхат" Мектепалды даярлық топ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ: "Математика еліне саяхат" Мектепалды даярлық топ

Материал туралы қысқаша түсінік
қорытынды сабақ. Саяхатқа бару арқылы тапсырмаларды орындау
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
















Shape1


Мектепалды даярлық топ














Дайындаған:

Д.С.Абуова,







Павлодар қаласы, 2023-2024 ож

Тақырыбы: «Математика еліне саяхат»


Міндеті: Өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалау дағдыларын қалыптастыру.

Әдіс – тәсілдер: Саяхат, Дьенеш блоктары, сұрақ – жауап, есеп шығару, сергіту сәті, көрсеті, түсіндіру, әңгімелеу.

Құрал жабдықтар: сандар, геометриялық фигуралар, тапсырмаларға арналған иллюстрациялар, әр балаға арналған тапсырмалар парақтары, тапсырмаларға арналған иллюстрациялар; қаламдар, интерактивті тақта.

Барысы:

  1. Ұйымдастырылған іс-әрекет: шаттық шеңбері

«Шын жүректен»

Ән салуға барамыз, (шеңбер бойлай жүреді)

Досымызды табамыз. (тоқтайды)

Сәлемет пе! Міне мен! (қолдарын екі жаққа сермейді)

Доспын енді сенімен! (көршілерімен қол алысады)

2.Әңгімелесу:

-Балалар, мен сендерге математика әрекетін ерекше, қызықты қылып өткізуді ұсынғым келіп тұр.

-Бүгін біз сендермен «Математика еліне саяхатқа» барамыз. Саяхатымыз өте ұзақ және қиын болады. Жолда түрлі кедергілер кездеседі. Бірақ біз қиындықтар мен кедергілерді жеңуді үйренеміз және табысқа жетеміз деп ойлаймын. Мен сіндердің мұқият, ақылды болуларыңа тілектеспін. Ал сендердің бір-бірлеріңе айтарларың бар ма?

Тілектер шеңбері:

  • Ақылды бол.

  •  Барлығын есіңде сақта.

  •  Дұрыс сана.

  •  Көп ойлан.

  •  Жақсы тыңда.

  •  Зейінді бол.

  •  Көп жауап бер.

-Балалар, енді жолға шығатын кезек келді. Жолды біз мына карта арқылы табатын боламыз.

3.Аялдамаларда жұмыс:

А) «Сандар көпірі»

-Балалар қараңдаршы, мына жерде көпір болуы керек еді. Көпір сынып қалыпты. Қалай ойлайсыңдар, көпірді қайта құарастыра аламыз ба? Егерде көпірді құрастыра алмасақ жолымызды әрі қарай жалғастыра алмаймыз.

(балалар сандарды ретімен орналастыру арқылы көпірді құрастырады)

-Балалар, көпірді құрастырды. Олай болса жолымызды әрі қарай жалғастырайық.


Б) «Сандар аялдамасы»

-Міне, балалар, екінші аялдамаға да жетіп қалдық. Бұл аялдаманың тапсырмасы «Сандар аялдамасы деп аталады». Бұл тапсырмада заттың санын тиісті цифрмен сызық арқылы қосу керек.

-Тамаша, бұл тапсырманы да оңайлықпен орындап шықтық. Жолымызды жалғастырайық.


ВShape2 ) Балалар, міне келесі аялдамаға да келіп жеттік. Ал бұл аялдамамыз «Пішіндер аялдамасы» деп аталады. Сендер мына жұмбақтарды шешу арқылы қандай пішін жасырылғанын табуларың керек.

Shape6 Shape5 Shape4 Shape3

Shape7

Shape10 Shape9 Shape8

-Жарайсыңдар, балалар. Бұл да тапсырма сендер үшін қиын болған жоқ. Олай болса жолға шығайық.


Г) Балалар, қараңдаршы, мына жерде тағы да сандар бар. Бұл «Көршілер аялдамасы» деп аталады. Біз дұрыс келе жатырмыз. Бұл аялдамада «Көршісін тап» ойынын ойнаймыз.


-Жарайсыңдар. Ақылды екенсіңдер. Жүріңдер жолымызды жалғастырайық.

Д) Балалар, картамызда келесі аялдама «Болжау аялдамасы» деп тұр.

Бұл жерді сендермен сұрақтарға жауап беру арқылы «Бұл қай кезде болатынын?» тауып айтуларың керек.

(балаларға жыл мезгілдеріне қатысты жұмбақтар жасырылады)

Көбелек бір гүл де бір,
Қызыл жасыл күллі өңір.
Аспан төрі ақша бұлт,
Бау бақшада барша жұрт.
Саңқылдаған саз әні,
Көлде құстың базары.
Жидек пісіп, толдады.
Бұл қай кезде болады?

-Тамаша, дұрыс таптыңдар. Осы аялдамада тағы бір тапсырма бар. Уақытты реттілігін сақтай отырып орналастыру керек.

-Керемет. Тағы да дұрыс орындадыңдар. Жолымызды жалғастырайық.


Е) Балалар, бірнеше аялдаманы сүрінбей өттік. Міне келесі аялдамаға да жетіп қалдық. Бұл аялдама «Бағдарлау аялдамасы» деп аталады. Бұл жерде оң, сол түсініктерін есімізге түсіретін боламыз.

Picture 1


4. Сергіту сәті: «Көңілді күй» (Балалар қимылды қайталап жасайды)


Ж) Балалар, қараңдаршы ана жерже өзен бар сияқты. Кім біледі өзенде нелер болады?

-Дұрыс, балықтар.

-Қазір біз сендермен балық аулайтын боламыз. Бұл өзенде жай балықтар емес, есеп жазылған балықтар. Себебі бұл аялдамамыз «Есеп шығар» деп аталады. Кімге қандай балық түседі, сол есепті шығарып тиісті шелекке салатын болады.


-Керемет, балалар. Картамыздағы аялдаманың соңына да жеттік. Олай болса балабақшамызға оралайық.

(балалар орындарына барып отырады)

5. Рефлексия

-Балалар, бүгін біз сендермен қайда бардық?

-Дұрыс, саяхатқа бардық. Түрлі тапсырмалар орындадық.

-Енді қазір бағдаршамның көмегімен өзіміз жайлы айтатын боламыз, яғни сендерге тапсырманы орындаған кезде қиын болды ма, жоқ па.

(қызыл – тапсырманы орындай алмадым, сары – тапсырманы жартылай орындадым, жасыл – тапсырманы орындаған кезде еш қиындық болған жоқ)


-Балалар, сендерге менімен саяхатқа барғандарың үшін алғыс білдіргім келеді. Сау болыңдар!

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!