15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ. Математика. Есептер шығару 4 сынып
Оқу ісінің меңгерушісі: --------------Н.Нысанбаева
Математика |
Уақыты:02.03.2018 ж |
Кабинет:17
|
Мұғалім: Сапарова. Г |
||||
Сабақтың тақырыбы |
Есептер шығару |
||||||
Сілтеме |
Математика оқулығының әдістемесі, ғаламтор |
||||||
Сабақтың жабдығы |
суретті кестелер, қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер. |
||||||
Жалпы мақсаттар Оқыту нәтижесі |
Білімділік: Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтап, қайталауға арналған есептер шығару. Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау, есептеу қабілеттерін дамыту. Тиянақты жауап беруді талап ету. Тәрбиелік:
Оқушыларды тапқырлыққа, жылдам
ойлауға, ойын қорыта білуге
тәрбиелеу. Пәнаралық
байланыс:
музыка |
||||||
Мұғалімнің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
||||||
Бағалау парақшасымен таныстыру |
|||||||
Топқа бөлу |
Топқа бөлу. Топбасшыны сайлау. Топтық ережені құру. І топ. Қашықтық ІІ топ. Уақыт ІІІ топ. Жылдамдық
|
Қолдарына алған қиындылар арқылы топқа бөлінеді. Топбасшыны сайлайды |
|||||
Ынтымақтастық атмосферасы |
Психологиялық дайындық.
Математика – ермек емес балалық, Математика – көрегендік, даналық, Математика – құрметтеуге лайық, Кел, балалар, мұны жақсы ұғайық!
|
Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады. |
|||||
Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасын бекіту |
Дәптерден бір-бірін тексереді. № 9 Амалдарды орында
28500-74*25= 26650 8670-(8820+4528) : 47= 8386 394+2000 : 8= 644 (5394+6290) : (101-78) = 508 19776 : 309*207=13248 326*250 : 125= 652
«Миға шабуыл» әдісі 1.Көбейту және бөлу кестесін сұрау. 2.Тік төртбұрыш пен шаршының ауданын табу үшін не істейміз? 3. Тік төртбұрыш пен шаршының периметрін табу үшін не істейміз? 4.Текше мен параллелепипедтің көлемін табу үшін не істейміз? |
Оқушылар ауызша орындайды
Оқушылар ұтымды жауап беруге талпынады. |
|||||
Қызығушылығын ояту
Қайталау сабақ
Тақтамен жұмыс
Сергіту сәті
|
Ребусты шешу арқылы келесі өтетін сабағымыздың тақырыбын ашу. Шешуі: Есептер шығару Сабатың тақырыбы: Есептер шығару Мұғалімнің түсініктемесі: Есептер шығаруда,есептердің құрылысы жайлы түсіндіріп өту. Математика ғылым ретінде есептен пайда болған және есеп арқылы дамиды. Есеп шығару - ерекше жұмыс, дәлірек айтсақ ой жұмысы. Есеп шығарудағы ең негізгі міндеттер: 1) Мазмұнын түсініп оқу 2) Белгілі затты нақтылап, шартын құру. 3) Шешуін табу. 4) Сұрақтың орнына санды қойып жазу. Есеп шығарудағы басты талаптар: 1)Қатесіз шығару. 2)Дәлелдеу. 3)Толық шығару. 4)Тиімді жолмен шығару - Бүгінгі сабағымызда біз қозғалыстарға байланысты есептер шығарамыз. -Мына тапсырмаға зейін салайық. Суреттен қозғалыстағы денелерді атайық.
-Бұларды бір сөзбен қалай атаймыз? -Көліктер. Қозғалыс есептері өзара байланысқан үш шамадан тұрады. S – қашықтық t - уақыт V - жылдамдық -Қозғалысқа берілген есептерді шығаруда қандай шамалар қолданылады ? - Ұзындық өлшем бірліктерін ата ? ( км, м) - Уақыт өлшем бірліктерін ата ? ( сағ, мин, с )
-Оларды қалай табамыз? Қашықтық – жылдамдық пен уақыттың көбейтіндісі; S = V·t Жылдамдық - қашықтық пен уақыттың бөліндісі; V = S : t Уақыт – қашықтық пен жылдамдықтың бөліндісі; t = S : V
-Қозғалысқа байланысты есептердің қандай түрлерін білеміз? -Енді қозғалыстың бірнеше түрі болатынына тоқталамыз.
-Бүгінгі сабақта біз қозғалысқа байланысты есептер шығарамыз.
Тақтамен жұмыс I топ: № 1 Есепті шығарады II топ: № 2 Есепті шығарады III топ: № 3 Есепті шығарады Дәптермен жұмыс I топ: № 5. Тік төртбұрыштың ұзындығы 20 см, ені 15 см. Ауданы оның ауданымен бірдей, ал ені 3 см қысқа тік төртбұрыштың ұзындығын тап. II топ: № 8 Теңдеулерді шеш: х+90=860*400 42600 : х= 15 III топ: № 10 Ұшақ 2550 км қашықтықты 3 сағатта ұшты.Осы жылдамдықпен ұшақ 5 сағатта қандай қашықтыққа ұшады? Сергіту сәті. Шығармашылық тапсырма I топ: Математикалық диктант II топ: Семантикалық карта III топ: Сурет бойынша есеп құрастыру |
|
|||||
Ой толғаныс |
Логикалық есептер I топ: Бір отбасында 4 қыз және әр қыздың бір-бірден бауыры бар. Отбасында барлығы неше бала бар? ( 5 бала ) II топ: Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды ? ( Түйеқұс ұшпайды ) III топ: Қайыңда 10 бұтақ бар. Әр бұтақта 4 алмадан. Барлығы қанша алма? ( 0 )
|
||||||
Сабақты бекіту |
Бүгінгі сабақта біз нені өттік? |
Саған қайсы тапсырма қиын болды? |
|||||
Үй тапсырмасы |
№ 6, 7, 9 64 бет |
Оқушылар күнделіктеріне жазады |
|||||
Бағалау |
Бүгінгі
сабақ ұнады ма? |
Бағалау парақшасын толтырады. |
|||||
Кері байланыс |
|||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген