Ашық сабақ: Математика және Абай әлемі

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: Математика және Абай әлемі

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай өлеңдерін математикамен салыстыру, байланыстыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Математика және Абай әлемі»

Абай өлеңдерін математикамен байланыстырып интерпритациялау!

Дөңгелек үстел.

Қатысушы: 10 «Ә» сынып оқушылары.

Дөңгелек үстел мақсаты:

  • Оқушыларға Абайдың жан-жақты болғанын түсіндіру;

  • Математикамен тығыз байланыста болғанын түсіндіру;

  • Пәнаралық байланыс жасауға болатынын көрсету;

  • Абай өлеңдеріне талдау жасау;

  • Математиканың маңыздылығын ұғындыру;

Ғылым таппай мақтанба.
Орын таппай баптанба.
Құмарланып шаттанба.
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз.

Құрметті оқушылар, сіздер білесіздер мына әлемдегі жаһандану заманында біздің санамызға иелік ету үшін, әртүрлі көрінбейтін бәсекелестер, сондай бір таластар жүріп жатқаны мәлім. Абайдың өлеңдеріне талдау жасап көреміз. Біздің дөңгелек үстеліміз ерекше болмақшы. Мына жердегі парақшаларды аударуларыңызды сұраймын. Енді өздеріңіз көріп отырғандай барлық дүниелер Абай өлеңдерін сипаттайтын кескіндер, бейнелер енді сұрақ: Ең бірінші мына жақта тұрған 5 оң таңбалы бірліктер Абай шығармаларының қай өлеңінің, қай шығармасын естеріңізге түсіреді?

1-оқушы:

  • Менің ойымша оң таңбалы бірліктер Абай атамыздың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі 5 асыл істі бейнелейді. Олар: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахым.

Мұғалім:

  • Тамаша, өте дұрыс айтып өттің, ал енді теріс таңбалы бірліктер нені білдіреді деп ойлайсыңдар?

2-оқушы:

  • Меніңше теріс таңбалы сандар құрдасым айтып өтіп кеткендей Абай атамыздың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі 5 дұшпанды білдіреді. Яғни адам баласы қашық болатын 5 қасиетті білдіреді. Олар: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ.

Мұғалім:

  • Өте дұрыс, енді осы К элементтерін К +5 пен К -5 ті мына сызықтық функциялармен қандай байланыс бар екенін сипаттап көрейікші.

3-оқушы:

  • Екі функцияға қарайтын болсақ, онда біз К ның 0 ден үлкен болғанын, екінші функцияда К ның 0 ден кіші болған жағдайын көреміз. К 0ден үлкен болса, онда функция өспелі екенін көреміз. Ал теріс болса функцияның кемімелі екенін көруге болады.

Мұғалім:

  • Өте жақсы көрсетіп өттің жарайсың. Функцияның өспелі және кемімелі болатын жағдайды. Ал енді +5 пен -5 және 1 бірлікті қалай орналастырамыз осы өспелі, кемімелі функцияға, орналастырып көріңдерші.

4-оқушы:

  • Мысалға, өспелі функция болғандықтан, бұрыштық коэффициент оң болғанда, функция өспелі болады, яғни бұны біз адамгершілік коэффициенті деп айта аламыз. Мысалға осы 5 жақсы қасиетті бойымызға сіңірген болсақ, біздің адам ретінде өсуіміз тез болады. Бұл қызыл функцияға сәйкес келеді. Ал егер бізде бір ғана қасиет бойымызға сіңірілген болса, онда біздің өсуіміз тежеледі. Ол көк функцияға сәйкес келеді.

Мұғалім:

  • Өспелі функцияны тамаша сипаттап бердің, жарайсың. Ал енді бізге кемімелі функцияны кім сипаттап береді?

5-оқушы:

  • Көріп отырғандай, бұл бізде адами қасиеттерді көрсетеді. Яғни, -5 ол бізде көк графикке кетеді, ал -1 жасыл графикке кетеді. Абай атамыз айтып кеткендей, адам бойында қанша теріс қасиет болса, ол соншалықты тез құрдымға ұшырайды дегенді білдіреді.

Мұғалім:

  • Рахмет, керемет айтылды. Сіздерге мына суретті ұсынбақпын, мына жерде Абай бабамыздың ғаламат бір өлеңі сипатталған. Кім айтып береді екен? Қанекей ?

6-оқушы:

  • Абай атамыздың мынандай өлең жолдары бар:

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,

Сонда артық боласың елден бөлек, деп айтып кеткен. Абай атамыздың осы 3 қасиетті бойымызға дарытуға ғибрат еткен.

Мұғалім:

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек.
Жеке-жеке біреуі жарытпайды,
Жолда жоқ жарым есті «жақсы» демек.
Ақыл да, ашу да жоқ, күлкі де жоқ,
Тулап, қайнап бір жүрек қылады әлек.
Біреуінің күні жоқ, біреуінсіз,
Ғылым - сол үшеуінің жөнін білмек.

 - Ия өте жақсы талдау, яғни, 3 қасиетті бірдей ұстауымыз керек. Біз керемет қасиеттерді талқыладық. Енді Абайдың тағы да мынадай керемет сөзі бар:

Еденица жақсысы ерген елі бейне нөл,

Еденица нөлсіз ақ өзбасымдық болар сол,

Еденица кеткенде не болады өңкей нөл,

-деген керемет өлең жолдары тағы бар. Қазір соны бейнелеп көрейік. Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстайтын адамды біз тұлға деп айта аламыз ба? Әрқайсысыңыз осы бір индевиксіздер, осы бір бірліксіздер. Бүкіл бір қоғам, айталық біздің қоғам өз мектебіміз деп алар болсақ, мысалы біздің мектебіміз сіздерге не береді? Біреумізге білім, біреумізге тәрбие, достар арттырамыз, материалдық құндылықтарды береді. Сол қасиеттерді бойымызға дарытып, мыналардың барлығын өсіретін болсақ, біз ғаламат адам болады екенбіз ия. Ал енді маған мынаны айтып көріңіздерші. Егерде мен мына бірлікті алып тастасам, мына нөлдер нені білдіреді.

7-оқушы:

  • Егерде адамның бойында мына 3 қасиеттер болмаса, онда осы құндылықтардың ешқандай да мәні жоқ болады.

Мұғалім:

  • Тамаша, жақсы талдап бердің, рахмет! Барлығымыз көріп отырғандай егер де бірлік болмаса, онда мына нөлдерден ешқандай мағына да мән де жоқ.

Қорытынды:

Біздің бүгінгі сабақтан түйетініміз, мына қамшының сабындай ғана өмірде, өзіміздің намысымызды, қайратымызды жинап, өзімізді өзіміз қамшылап, жаһанданудың құрбаны болмай, өзіміздің мәңгі, мәнді ел болуымызға әбден мүмкін екендігін ұғынған боларсыздар. Сіздердің керемет талдауларыңызға көп рахмет. Абай атамыз айтқандай, адам болуға ұмтылайық, надан болудан аулақ болайық. Оқиық, дамиық, адам болайық!

«А.Байтұрсынов атындағы №5 жалпы білім

беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

















«Математика және Абай әлемі»

Дөңгелек үстел



Shape1

Жетісай қаласы.

2023-2024 оқу жылы.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.00.2025
105
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі